Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электромагниттік құралдар. Магниттік-резонанстық томография

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу сабағының жоспары №24


Электромагниттік құралдар. Магниттік-резонанстық томография.

(сабақтың тақырыбы)


Модуль /пән атауы ЖББП 9 Физика

Педагог ____________ дайындады


20_ жылғы "___" ____________


1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ __________________

Сабақтың түрі практикалық,

Өткізу формасы: жаңа білімді, дағдыларды бекіту сабағы

2. Мақсаты:

- магниттік-резонанстық томографияның негізгі принциптері мен қолданылуын түсіндіру.

- МРТ әдісінің жұмыс істеу принциптері мен оның денсаулық сақтау саласындағы маңыздылығын ұғындыру.

Міндеттері:

-МРТ-нің жұмыс принциптері (магниттік өріс, радиотолқындар және олардың әсері) түсіндіріледі.

-МРТ қалай жұмыс істейді және адам ағзасындағы түрлі тіндерді қалай зерттейтіндігі туралы ақпарат беріледі.

3. Күтілетін нәтижелер

-МРТ құрылысын сипаттайды.

-МРТ жұмыс жасау принципін түсіндіреді.

Өз білімін қолдана отырып, тақырыптың физикалық мағынасын, маңызын біледі.

4. Қажетті ресурстар

презентация, стикерлер, үлестірме қағаздар


5. Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру бөлімі 5 мин

-амандасу

-аудитория дайындығын тексеру

-студенттерді түгендеу

2. Білімді бақылау 5 мин

Магнит стержень маңындағы магнит өрісінің күш сызықтарын кескіндеңіз.

Талдау: магнит өрісі, қасиеттері туралы не білесіңіздер?

3. Жаңасын баяндау әдісі. 15 мин

-Қандай электромагниттік құралдарды білесіздер?

Топтық жұмыс. Әр топ құралдарды таңдап алады. Шағын зерттеу жұмысын жүргізеді.

Трансформатор Генератор Электрқозғалтқыш


Бағалау критерийі: Құралдардың жұмыс жасау принциптері мен құрылысымен танысады.

Жұптық жұмыс: 15 мин

1-жұп: МРТ түрлері мен құрылысы

2-жұп: МРТ артықшылықтары

3-жұп: МРТ қолданылу саласы

4- жұп: МРТ болашағы

5-жұп: МРТ кемшіліктері

Бағалау критерийі: Құралдардың жұмыс жасау принциптері мен құрылысымен танысады.

Анимация мен түсіндірулер берілген бейне

https://www.youtube.com/watch?v=QLz1buYNLgU

https://www.youtube.com/watch?v=djAxjtN_7VE

https://www.youtube.com/watch?v=QXjyO2F1Vbk

4.Материалды бекіту. 5 мин

1. Протон магнит ағынының тығыздығы 1,0 Тл сыртқы магнит өрісінде 42,6 МГц жиілікпен прецессияланады.

  1. Магнит өрісі ағынының тығыздығы 2,5 Тл өрісте протон қандай жиілікпен прецессияланатынын анықтаңыз.

  2. Күшті магнит өрісінде протондардың резонансын тудыратын радио-жиілік мәнін анықтаңыз.

5. Сабақтың қорытындысын шығару 5 мин

Рефлексия

  1. Немен таныстың?

  2. Не түсініксіз болды?

  3. Қай бағытта жұмыстану қажет?


6. Үй тапсырмасы. 1 мин

Рымкеевич есептер жинағынан есептер шығару




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.02.2025
95
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11