400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электронды темекіге тәуелділік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Шылымның жаңа түрі, денсаулыққа тиер зиян, ұрпақ тәрбиесі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Электронды темекіге тәуелділік.



Электронды темекі- ішінде сұйықтығы, арнайы ауыстыратын картриджі бар, өкпеге тыныс алу жолдары арқылы никотин жеткізетін темекінің жаңа түрі.

Қазіргі заманның дертіне айналған бұл шылым түріне неге бәрі әуес? Осы сұрақ төңірегінде жауап бергендер саныда аз емес. Бұрындары темекіні тек ересек адамдардың ғана қолынан көретінбіз. Қазір мектеп қабырғасындағы балалығы таусылмаған жас жеткіншетектерден бастап, жоғары сынып оқушыларына дейін қолданатын болған. Өмірдегі ең тәтті, қайтып келмейтін мектеп қабырғасындағы шақтарын ересектік өмірге асығып құртып жатыр. Қазіргі қоғам дертіне айналып, өзекті мәселенің алды болып тұрған, бұл шылым енді еркін сатылымда да жүр. Пайдасынан зиянын білмейтін тұтынушылар үшін оның сыртын түрлі түспен әсемдеп, тәтті иіспен көмкеріп қойған. Жылтыраған дүниеге бірден қызығып өскен көрсеқызар жастар, енді оны қолдануды сәнге айналдырып кетті. Соңғы жылдары балаларға ерте ұялы телефон ұстатып, көзін құртасыздар деп алаңдаған мамандар, қазір ұялы телефонды қойып осы шылым үшін дабыл қағып жатыр. Көшеде кездескен екінің бірінің қолынан түспейтін бұл шылым өкпені өртеп, болашақтарына балта шауып жатыр. Бұл шылымды қолданып жүргендер ішінде қыздарда бар. Болашақ ана, елдің көркі, ұлтты тәрбиелейді деп отырған бұрымдылар арасында да бұл шылымға деген тәуелділік артпаса төмендеп жатқан жоқ. Ал сол тәуелділік қайдан туады? Шылым құрамында никотин бар, ал ұзақ уақыт ағзаға бағытталса, онда оның соңы тәуелділікке алып барады. Бұл шылымға қатаң тиым салып жатса да, тығып сатып жүрген алып сатарлар саны да аз емес. Болмашы бұл шылым, болашақ ұрпақтың денсаулығын зақымдап, артқа із қалдырар, өскелең ұрпақ санын шектейді. Дәл осы шылым тарапына түскен шағымдардың едәурі, ата- аналар тарапынан екен. Ұрпағы үшін жанталасып, табыс тауып жүрген ата- ана өз баласын жаман болсын демейді. Бар тапқан таянғанын баласына тасыса, кей бала сол адал табысты, қу өтірікпен, зиянды заттарға жаратып жатыр. Қаз қатар тізілген ондай дүкендер шылымның бағасын бәріне қолжетімді қылып қойған соң, олар да алудан шаршамайды. АҚШ елі бұл тауардың сатылымға шығуына қатаң тиым салып, тәуелділікті төмендету үстінде. Ал бізге кезек қашан келеді? Муфтиат өкілдері де харам деп хабардар етсе де, құлақ асып тыңдап жатқандар аз. Болашақ жастардың қолында, деп жар салып жариялап жүрген, бұл ұранымыз өшпесін десек, үміт күттірер келешек ұрпақ тәрбиесін, қатаң түрде қолға алғанымыз жөн.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
1 ақпан
338
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі