Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электроника және микроэлектроника негіздері пәнінен "Интегралды микросхемалар" тақырыбына

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал студенттер мен оқытушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Тақырыбы: Интегралды микросхемалар
Интегралдық сұлба – бірегей технологиялық циклде бір-бірімен өзара
электрлік байланысқан транзисторлар, шалаөткізгіш диодтар, конденсаторлар,
резисторлардың өте тығыз орналасқан жиынтығынан тұратын, сигналдарды
түрлендіру мен өңдеудің белгілі бір функциясын орындайтын біртұтас
микроэлекрондық құрылғы. Жасау технологиясына байланысты ИС
шалаөткізгіштік бір тұтас және гибридтік болып бөлінеді. Үлдірлік және
гибридтік ИС-лар жұқаүлдірлі және қалың үлдірлі болуы мүмкін. Атқаратын
функциясына қарай ИС анологты және сандық болып ажыратылады. Күрделі
және интеграция дәрежесі бойынша ИС кіші (КИС), орташа (ОИС), үлкен
(ҮИС) және аса үлкен (АҮИС) болып бөлінеді.
Аналогты ИМС-р- ол үздіксіз функция заңымен өзгеретін сигналдарды
өңдеуге және түрлендіруге арналған құрылым.
Сандық ИМС – ол үздікті немесе дискретті функция заңымен өзгеретін
сигналдарды өңдеуге және түрлендіруге арналған құрылым. Сандық ИМС-ң
бір түрі– логикалық МС болып табылады немесе индикаторлық сұлбалар б.т.
ИМС-ң интеграциялық дәрежесі ол МС-ң күрделі дәреже көрсеткішімен
және ондағы элементтермен жай құрылғылардан тұратын сандармен
сипатталады. ИМС-ң интеграциялық дәрежесі мына теңдеумен өрнектеледі:
k =lnN ,
k – интеграция дәрежесін анықтау коэффиценті. Ол көбінесе бүтін сан болып
келеді. Ал N - ИМС-ң элементтері мен компоненттерінің саны. Егер k
=1 болса, онда ИС кіші деңгейлі б.т. Ал k =2 болғанда, онда ИС орташа
интегралдың деңгейінде болады. Егер k =3,4 болғанда үлкен интегралдық
деңгейде болады. Ол ҮИС д.а. Егер k>4 болса, өте үлкен интеграл сұлба
болады.

Интегралдық микросұлбаның негізгі параметрлері жинастыру тығыздығы
және интеграциялық дәрежесі. Жинастыру тығыздығы деп интегралдық
микросұлбаның бір текше сантиметр көлемінде орналасқан элементтердің
санын айтады. Микросұлбаның интеграциялық дәрежесі оның құрамындағы
элементтердің жалпы санымен анықталады. Әдетте егер микросұлбаның
құрамында он элементке дейін болса бірінші интеграциялық дәрежелі, оннан
жүзге дейін элемент болса екінші интеграциялық дәрежелі, жүзден мыңға
дейін элемент болса үшінші интеграциялық дәрежелі т. с. с. деп саналады.


Page 2

Интеграциялық дәрежесі мыңнан артық интегралдық сұлбалар үлкен
интегралдық сұлба деп аталады.
Интегралды микросұлбалар жасалу технологиясы бойынша жартылай
өткізгішті, гибридті және қабыршақты болып бөлінеді. Жартылай өткізгішті
интегралдық микросұлбаларда оның барлық элементтері және оларды жалғау
жартылай өткізгіш материалдың ішінде немесе үстінде орындалады.
Жартылай өткізгіштін үсті диэлектрик болып есептелетін силицийдің қос
тотығымен жабылған, ал элементтердің арасындағы изоляция міндетін р-
түрлі силиций аткарады. Элементтер металл қабық жартылайрымен
жалғанған. Жартылай өткізгіштің көлемі ішінде диодтарды,
транзисторларды, резисторларды және конденсаторларды жасауға болады.
Конденсаторлардың сыйымдылығы ретінде р-n өтпесінің сыйымдылығы
пайдаланылады. Жартылай өткізгішті интегралдық микросұлбаларды жасау
технологиясы өте күрделі және көпқаржы жұмсауды керек етеді. Сондықтан
оларды пайдалану өте көп мөлшерде шығарғанда ғана тиімді.


Бақылыау сұрақтары:
1. ИС-тің тағайындалуы
2. Жасалу технологиясы бойынша ИС
3. Интегралдық микросұлбаның негізгі параметрлері
4. Атқаратын функциясына қарай ИС түрлері


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
24.05.2021
431
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12