Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Электроника және микроэлектроника пәнінен "жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі" тақырыбына

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал студенттер мен оқытушыларға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі

Электр өткізгіштігі жағынан өткізгіштер мен диэлектриктердің аралығынан орын алатын материалдарды жартылай өткізгіштер деп атайды. Электр зарядтарын тасушы болып табылатын электрондардың болуы металл өткізгіштерге тән қасиет диэлектриктерде еркін электрондар жоқ. Сондықтан олар тоқ өткізбейді. Жартылай өткізгіштердің айырмашылағы олардың температураға, жарықталынуға, сығылуға, электр өрісіне және басқа себептерге күшті дәрежеде тәуелді болатын электрондық қана емес және де «кемтіктік» өткізгіштігі бар. Екі көрші атомның бір орбитада ортақ қос электрон түзіп жасайтын химиялық байланысын коваленттік немесе қосэлектрондық байланыс деп аталады, шартты түрде электронды қосатын екі сызық арқылы белгілейді. Жартылай өткізгіштерге негізінен Менделеев кетесінің IY тобының элементтері Si (кремний), Ge (германий) жатады. Олардың кристалл торының алмаз, графит торына (тетраэдр) ұқсастығын ескере отырып, олардың өте қатты денелер қатарына жататынын білеміз. Мысалы, германий Д.И.Менделеевтің элементтердің периодтық системасының төртінші группасына жатады да, жоғарғы орбитасында төрт валенттік элементтері болады. Германийдің кристалында әрбір атоммен коваленттік байланыс жасайды. Еркін электрондардың қозғалысы себеп болатын электр өткізгіштік жартылай өткізгіштің электрондық өткізгіштігі немесе n - өткізгіштік деп аталады. Еркін электрондар пайда болған кезде коваленттік байланыстарда электрондармен толтырылмаған бос (ваканттық) орын – «электрондық кемтік» -пайда бола бастайды. Кемтіктік орын ауыстыруы оң зарядтардың орын ауыстыруы сияқты. Сондықтан кемтіктік электр өткізгіштік деп аталады. Сыртқы элект өрісінің әсерінен кемтіктер өріс күшінің бағытымен, яғни электрондардың қозғалысына қарама-қарсы жаққа қозғалады. Кемтіктердің қозғалысының нәтижесінде пайда болатын өткізгіштік р - өткізгіштік деп аталады. Сонымен, электрондық өткізгіште бір еркін электрон кристалда бүкіл жолды жүріп өтеді. Ал кемтіктік өткізгіште электрондардың көп мөлшері кезек - кезек бірін-бірі коваленттік байланыстарда алмастырады және әрқайсысы өзінің жеке жол кесіндісін жүріп өтеді.

Жартылай өткізгіштердің ерекшеліктері. Жартылай өткізгіштердің кәдімгі температурадағы электрөткізгіштігі металдардың электрөткізгішітігі мен салыстырғанда аз. Өте төмен температурада олар диэлектриктерге ұқсайды. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі температура мен жарық әсерінен қатты өзгереді, яғни температура артып және жартылай өткізгіш неғұрлым қатты жарықталынса, оның электрөткізгіштігі де соғұрлым жоғары болады. Жартылай өткізгіштердің электрөткізгіштігі оның құрамына өте аз шамада қоспалар енгізу жолымен басқарылады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жартылай өткізгіштердің ерекшеліктері

  2. Жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.05.2021
412
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12