жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Электроника және микроэлектроника пәнінен "Жартылай өткізгішті диодтарды зерттеу" тақырыбына

Тақырыбы: Жартылай өткізгіш диодтың жұмысын зерттеу
Түзеткіш диодтар айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіруге арналған және
олар p-n-өткелдің, сондай-ақ басқа да электрлік өткелдердің электр тогын бір
бағытта жақсы өткізу және қарсы бағытта нашар өткізу қасиетін пайдаланады.
Диод шықпаларының арасындағы бұл токтар және оларға сәйкес кернеулер
тура және кері токтар, тура және кері кернеулер деп аталады. Суретте түзеткіш
диодтың шартты белгісі және оның типтік вольт-амперлік сипаттамасы
келтірілген.
Тура ток пен кернеу оң мәндерде анодтық шықпадан катодтық шықпаға
бағытталады. Диодтардың тогы мен кернеуінің таңдалған оң бағыттары үшін
тура және кері шамалардың белгілері әртүрлі болғандықтан, екі жағдайда да
олардың сандық мәндерін оң сандармен анықтау қабылданған.
Түзеткіш диодтар айнымалы токты тұрақты токқа түрлендіруге қолданылады.
Айнымалы токты түзету тізбегінің схемасы суретте көрсетілген. Мұндағы
түрлендіруші элемент диод, оның шартты белгіленуі р - п құрылымына
ендірілген. Үш бұрыштың қабырғасынан шыгып тұрған шыгысын анод, ал оған
қарама-қарсы бұрышынан (ягни төбесінен) көлденең сызықпен шығып тұрған
шыгысын катод деп атайды. Шартты графиктік символдағы анодқа р - облысы,
ал катодка п- облысы сәйкес келеді. Анодқа п – облысы, катодка р – облысы
сэйкес келетін диодтар (кері диодтар) да кездеседі.
Диодгың корпусы электродтың бірімен электрлік қосылады. Айнымалы
э.қ.к-інің уақыт бойынша өзгеретін оң және теріс бірінен кейін бірі айталанатын
жарты толқынынан тұратыны бізге белгілі. Диодтың р – п кұрылымына
полярлығы оң жарты толқын келіп түскенде (анодга «+», катодта «-»), р – п
ауысуы тура бағытта ығысады, яғни ауысудың потенциалдық тосқауылының
биіктігі төмендейді, зарядтарды тасымалдаушылар р – облысындағы
тесіктердің
жэне п – облысындағы электрондардың, жеткілікті дәрежеде кинетикалық
энергиялары болғандықтан бұл тосқауылды жеңіп өтіп, тізбекпен тура токтың

ағуына мүмкіндік жасайды. Оң жүктемесінде жарты оң толқыннан тұратын
кернеу бөлінеді.
Диодта теріс жарты толқын пайда болғанда (анодга «-», катодта «+») р – және п
– облыстарында потенциапдар айырымы өседі, ауысу арқылы зарядтардың
өтуше қосынды электр өрісі кедергі жасайды, яғни оны жабады; жүктемедегі
ток көп емес кері токқа тең, ал ондағы кернеу нөлге жақын болады. Егер схе-
мадагы диодтың электродтарының орындарын ауыстырса, онда жүктемедегі
кернеудің полярлығы кері ауысады. Айнымалы токта мұндай жолмен түзетуді
бір периодтылық деп атайды. Іс жүзінде түзету схемасының екі периодты
немесе одан да басқа түрлері қолданылады. Электр тізбегінің жеке
бөліктеріндегі түзетілген ток, сол бөліктің қосынды кедергісінен және
айнымалы э.қ.к-інің жиілігінен тәуелді болады. Жоғарғы жиілікте диодтың
инертілігі байқалады, оған оның катодтың бөлігінде жинақгалған (қорланған)
зарядтардан тұратын екі электродының арасындағы сыйымдылық негіз болады;
зарядты тасымалдаушылар таралып үлгірмейді, кері токтың амплитудасы
жоғарлайды, диод өзінің түзеткіштік қасиетінен айырыл қалады. Түзеткіш
диодтардың параметрлері олардың электрлік және пайдалану қасиеттерін
сипаттайды және де статикалық және динамикалық деп бөлінеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Жартылай өткізгішті диодтың жұмысы
2. Жартылай өткізгішті диодтың вольт-амперлік сипаттамасы
3. Диод параметрлері
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген