Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Электрсыйымдылық

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Электродинамика


Күні: 25.01.2019ж

Сынып: 10

Мектеп: №17 Ы.Алтынсарин орта мектебі


Мұғалімнің аты-жөні: Э.Б.Тленшиева


Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Электрсыйымдылық.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сәйкес)

Электрсыйымдылық формуласын түрлендіріп есептер шығару.

Сабақтың мақсаты


1. Барлық оқушылар: Электрсыйымдылықтың анықтамасын ,формуласын,өлшем бірліктерін ажырата алады.


2. Оқушылардың басым бөлігі: Конденсатордың жұмысын түсіндіре біледі.

3. Кейбір оқушылар: Конденсатордың қолданылуын өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийі



Білу -Түсіну- Электрсыйымдылық туралы біледі.

Қолдану – Конденсатордың түрлерін ажырата алады.

Бағалау - Формуланы пайдаланып, түрлендіріп, маңызын бағалайды.


Тілдік мақсаттар

Терминдер: электрсыйымдылық, конденсатор, заряд, аудан, батарея, өткізгіш, диэлектрик, батарейка, жазық конденсатор, кернеу,потенциал.

Терминология:


Қазақ

Орыс

Ағылшын

электрсыйымдылық

Электроемкость

Capacitance

Конденсатор

Конденсатор

Capacitor

Заряд

заряд

Charge

Аудан

площадь

Area

Батарея

батарея

Battery

Өткізгіш

проводник

Conductor

Диэлектрик

диэлектрик

Dielectric

Батарейка

батарейка

dry cell

жазық конденсатор

плоский конденсатор

Parallel plate capacitor

Кернеу

напряжение

Voltage

Потенциал

потенциал

Potential


Диалогтық сөз тіркесі:

Өткізгіште жиналған зарядтардың оның потенциал шамасына қатынасын.....

Құндылықтарға баулу


Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсуімізге оқушылардың білімді болу қажеттілігі. « Мәңгілік ел» патриоттық актісі.


Пәнаралық байланыс

Математика, химия

Алдыңғы білім

Электрсыйымдылық ,конденсатор түрлері, потенциалдың маңызын, формулаларды қолданып есептей біледі.





Сабақтың жоспарланған кезеңдері


Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар




1.Ұйымдастырушылық кезең

1.Сәлемдесу.

2. Сыныпты түгелдеу

2.Тренинг «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастырамын.

« Тақырыбына қарап таны» әдісі арқылы топтарға бөлдім.

І топ «Capacitance»

ІІ топ «Capacitor»

Оқушыларды топқа бөліп , топтарға бағалау парақшалары таратылады.

3.Үй тапсырмасын сұрауда " Жылдам жауап" әдісі бойынша сұрадым. Оқушылар бір-бірлерінің ойын қайталамай өткен тақырыпқа байланысты алма –кезек жауап беруі керек және үйге берілген есептердің жауабын таныстырылым тақтасына іледі.

  1. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезед потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарады. Заряд неге тең?

  2. 20 нКл заряд потенциалы 700 В нүктеден потенциалы 200 В нүктеге орын ауыстырғанда өріс қандай жұмыс істейді? Потенциалы 100 В нүктеден потенциалы 400 В нүктеге орын ауыстырғанда ше?

  3. Мырыш атомы ядросының заряды 4,8 *10-18 Кл. Мырыш атомы ядросының10 нм қашықтықта тудыратын электр өрісінің потенциалын анықтаңдар.

  4. Өзара параллель өткізгіш пластиналар арасындағы кернеу 1000В. Пластиналардың арақашықтығы 4 м болса,олардың арасындағы өрістің кернеулігін анықтаңдар.

  5. Заряд бір нүктеден екінші нүктеге орын ауыстырған кезде потенциалдар айырмасы 1кВ өрісте 40 мкДж жұмыс атқарды. Заряд неге тең?



Шапалақтау әдісі арқылы бағалау жүреді.


Сәйкесін тап:


энергия

q

В

потенциал

U

-

аудан

C

Кл

заряд

W

В

кернеу

φ

Ф

сыйымдылық

S

м

диэлектрлік өтімділік

E

Н/Кл

қашықтық

d

м2

Кернеулік

ε

Дж



























Сабақтың ортасы


(білу,түсіну,қолдану)


























«.Жақсартуға арналған уақыт» әдісі. (ақпарат беру)

«Жақсартуға арналған уақыт» әдісінде оқушыларда синхронды,қарқынды жұмыс жасау, іздену, талқылау және жинақтау дағдылары қалыптасады.

Мысал есеп: Өткізгіштердің әрқайсысында 10мкКл заряд бар. Олардың арасындагы потенциалдар айырымы 5 В. Жүйенің сыйымдылыгы қандай ?

Прямоугольник 1

Шешуі:

C = q:U C = 10 . 10-6 : 5= 2 мкФ

Жауабы: 2 мкФ.



Берілгені:

q = 10мкКл

U = 5 В

C =?




"Ойлан,жұптас,бөліс" әр оқушыға есеп беріледі.


  • Әрқайсысының ауданы S = 200 см2 болатын екі пластинадан тұратын, арасында қалыңдығы 0,1 см слюда парағы бар конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.

Жауабы: 10,62 · 10-10 Ф

  • Жеке тұрған өткізгішке q = 1 · 10-9 Кл заряд беріп, оны φ = 100 В потенциалға дейін зарядтаған. Өткізгіштің фарадпен, микрофарадпен және пикофарадпен өлшенген сыйымдылығын анықтаңдар.

Жауабы: 10-11 Ф, 10 пФ, 10-5мкФ

  • Кернеуі U = 120 В болатын ток көзінен q = 6 · 10-5 Кл заряд алатын конденсатордың сыйымдылығы қандай?

Жауабы: 0,5 мкФ

  • Слюдадан жасалған конденсатор астарларының ауданы S = 15 см2, ал астарлар арасындағы қашықтық d = 0,02 см. Конденсатордың сыйымдылығы қандай?

Жауабы: 400 пФ


Смайликтер арқылы бағаланады.



3.«Домино» әдісі

Start

Электрсыйым-дылық

Диэлектрик

Capacitance

Dielectric

Конденсатор


Батарейка

Capacitor

dry cell

Заряд

жазық конденсатор

Charge

Parallel plate capacitor

Аудан

Кернеу

Area

Voltage

Батарея


Потенциал

Battery

Potential

Өткізгіш


Conductor

Finish



"Басбармақ" әдісімен топтар арасында бағалау.

Оқушылар жұмысы тыңдалады және пысықтау сұрақтар қойылады

Оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы сіз түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін.

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін.

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.

Конденсаторлардың қолданылуы:

  • Конденсаторлар катушка немесе резистормен бірге жиілікке тәуелді әртүрлі тізбек құрастыру үшін қолданылады

(тербелмелі контур, кері байланыс тізбегі).

  • Конденсаторды жылдам разрядтау кезінде үлкен қуатты импульс алуға болады(фото жарқыл, импульстік лазерде).

  • Конденсатор электр зарядын көпке дейін сақтайтын болғандықтан электр энергиясын сақтаушы құрал ретінде қолданады (аккумуляторлар).

  • Өндірістік электротехникада реактивті қуатты толықтыру үшін қолданылады.

  • Конденсаторлар көп заряд жинақтай алатындықтан жапсарларындағы кернеу үлкен болады, сондықтан оны зарядталған бөлшекті үдету үшін де қолданылады.

  • Сыйымдылығының өзгерісіне байланысты өлшеуіш түрлендіргіштер жасалады және т.б салаларда кең қолданыс тапқан

Сұрақтарға жауап бер:

  • Конденсатор деп нені айтады?

  • Конденсатордың электр сыйымдылығы дегеніміз не?

  • Конденсатордың электр сыйымдылығын қалай анықтайды?

  • Жазық конденсатор сыйымдылығы қалай анықталады?

  • Конденсатор қай жерде қолданылады?





маркерлер, флипчарттар, түрлі -түсті қағаздар мен қаламдар

стикерлер қолданады





Смайликтер арқылы бағалау.


«Басбармақ" әдісімен топтар арасында бағалау





Сабақтың

соңы

Кері байланыс: «ҚҚҚ» әдісі. Оқушылар «Кері байланыс» парағына ойларын білдіреді.


  1. Маған қызық болғаны....

  2. Маған қиын болғаны....

  3. Маған құнды болғаны....

Үй тапсырмасы : 8.10

Іздену жұмысы:

Тақырып бойынша ақпарат іздейді, жинайды.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.02.2019
1893
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12