Елеусизова Саида

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елеусизова Саида

Материал туралы қысқаша түсінік
Жасанды интеллект
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жасанды интеллекті жқмысын балабақшада қолдану


Қазіргі таңда білім беру жүйесі баланы ақпараттық ортада тәрбиелеуді көздейтіні рас. Ал жасанды интеллект (ЖИ) – тәрбиеленушілердің логикалық ойлауын, танымдық қабілеттерін, тілін дамытуда тиімді құрал бола алатындығы мәлім.

Бүгінгі күні қоғамдағы цифрлық трансформация барлық салада, әсіресе білім беру жүйесінде де қарқынды жүргізілуде. Білім беру мекемелерінде, атап айтсақ мектепке дейінгі ұйымдарда да заманауи технологияларды қолдану – тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына мол мүмкіндіктер береді. Солардың бірі – жасанды интеллект (Artificial Intelligence – AI). Жасанды интеллект – адам миының түрлі қызметтерін, атап айтқанда тану, есте сақтау, шешім қабылдау, сөйлеу және үйрену қабілеттерін техника көмегімен іске асыратын технологиялар жиынтығы болып табылады. Бұл технология қазіргі таңда тек жоғары сыныптарда ғана емес, мектепке дейінгі тәрбиеленушілерге арналған арнайы қосымшалар мен ойындар арқылы да белсенді пайдаланылып келеді.

Мектепке дейінгі кезең – баланың жеке тұлға болып қалыптасуының негізі қаланатын аса маңызды мерзім. Дәл осы кезеңдерде баланың ойлау, тілдік, эмоционалдық және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру үшін тиімді, қызықты, креативті әдістер аса қажет. Жасанды интеллект осындай талаптарға сай келе отырып, тәрбиеленушілердің танымдық қабілеттерін арттыруға, сондай-ақ дербестігін дамытуға және оқуға деген қызығушылықтарын күшейтуге мол септігін тигізеді. Бүгінгі бала – ақпараттық заманда туып, цифрлық технологиямен өскен ұрпақ. Сондықтан да тәрбиешінің міндеті – олардың қызығушылығына сай, қауіпсіз және тиімді құралдармен сапалы білім мен тәрбие беру боп саналады.

Мақсат – балабақша педагогтеріне ЖИ құралдарын орынды, тиімді әрі шығармашылықпен қолдануға бағыт беру, әрі тәрбиеленушілердің заманауи технологиямен сауатты жұмыс істеуіне жағдай жасау.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.10.2025
42
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі