жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген ел басы!»
Мақсаты: 1.Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, жүргізген саясаты туралы мағлұмат беріледі.
2.Ойларын еркін айту, өзгенің пікірін тыңдай білу дағдыларының қалыптасуына мүмкіндік жасау.
3. Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, Отанын, халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу.. Көрнекілігі: шарлар, тақырып жазылған постер, слайд шоу, суреттер.
Өту барысы:
1-жүргізуші: - Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары! Бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген ел басы!» атты салтанатты мерекемізге қош келдіңіздер.
2-жүргізуші: -Армысыздар, бармысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!
1-жүргізуші: - Бүгінгі тәрбие сағатымызды ашып беру үшін ортаға №136 мектеп-лицейінің директоры Сәуле Шамұратқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Бар әлемге шын танылдық міне,
біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2-жүргізуші:
Азаттық пен елге қонды тосқан
бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.
Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!
(Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.)
1-жүргізуші : Ұлжан, cен қалай ойлайсың, Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?
2-жүргізуші: -әрине,Аружан Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы.
1-жүргізуші: -Мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да нығайып, даму үстінде. Барлығы, елбасымыздың сындарлы саясатының негізінде емес пе?
Би:1сынып оқушылары «Учим школе»
2
-жүргізуші : - 1991 жылы 16 желтоқсанда
Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. Ал 1991 жылы
1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы - Президенттің сайлауы болды.
Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Хор:
«Көк тудың
желбірегені»
1-жүргізуші:- Ата Заңымыз бойынша мемлекет
басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі
«алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
1-оқушы

Қазақстан дейтін менің бар
елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
2-оқушы:
Ашық аспан жайнаған
жұлдыздары,
Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.
Анасындай туған ел қамқор
болып,
Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын.
Ән: Жаным қазақ.Орындайтын: Айтмахан Алихан
3-оқушы:
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар
4-оқушы:
Туған жердің жайқалған алқабы
егін,
Биік сенің мәртебең, дарқан елім.
Пейіліндей қазақтың байтақ далам,
Сен не деген кең едің, шалқар едің.
5-оқушы:
Кең байтақ қой Қазақстан
картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
6-оқушы:
Әсем сазы басталған таза
ағыстан,
Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.
Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын
Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.
Ән: Атамекен. Орындайтын: Исаева Кәусар мен болашақ ұстаз Ұлжан
7-оқушы:
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.
8-оқушы:
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
9-оқушы:
Қиялы ұшқыр , ойлы адам.
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлаған,
Аман-сау жүрші ,Атамыз.
Ән: «Сыр елі » Орындайтын: Сейтасқарова Жарқынай
1-жүргізуші: Келесі кезекте елбасымыз туралы мәліметтер тыңдайық
10-оқушы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өмірбаяны.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.
11-оқушы
Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.
12-оқушы:
Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты. Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.
13-оқушы:
Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.
Сол жылдары оның басшылық қасиеттері
жарқырап көрінді.
14-оқушы:
Қалалық,облыстық және
республикалық көлемде басшы органдарда жауапты
қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком
хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалық
партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін
хатшы болды.
Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша
оның саяси өмірбаяны басталады.
Ән: «Тәуелсіз елім» Орындайтын:Сайлаубай Нұрдана
2-жүргізуші:
- Елбасымыз туралы слайдқа назар аударыңыздар.
1-жүргізуші : Оқушы монологы «Менің Президентім»
1 сынып оқушысы:
- Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, өсе келе, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.
Достық биі:1 сынып оқушылары
2-жүргізуші :
-Достар, Елбасымыздың үлгі алар жақсы қасиеттерін атап өтейікші.
Н-намысшыл
Ұ-ұлтжанды
Р-рақымшыл
С-сабырлы
Ұ-ұстамды
Л-жылы
лебізді
Т-талантты
А-адал
Н-нағыз басшы.( Хормен
Нұрсұлтан деп айтады)
Ән: «Нұр Отан» Орындайтын: Әмірбеков Ерқанат

1-жүргізуші: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді ұмытпайық. Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты мерекеміз аяқталды. Қатысқандарыңызға көп рахмет.
Қарапаева Жұпар Сағатбекқызы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген