Материалдар / Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Нағыз ел сүйгіштік арқауы осы сөздерде жатқан жоқ па?! Ел болып еңсе көтеру, жұрт болып жұмыла білу – ұрпақ қамын ойлап,болашағын болжаған халықтың асыл арманы екені белгілі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Желтоқсан 2020
292
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

«Ел дегенде егіліп, жұрт дегенде жұмыла қызмет ет»,

Бауыржан Момышұлы

Нағыз ел сүйгіштік арқауы осы сөздерде жатқан жоқ па?! Ел болып еңсе көтеру, жұрт болып жұмыла білу – ұрпақ қамын ойлап,болашағын болжаған халықтың асыл арманы екені белгілі. Осы жерде теңіз тамшыдан тұратынын ескерсек, «халық» деп айдар тағынған адамзат қоғамның құраушы әр азаматтың өз жұртының өмірінде алатын орны бар екені анық. Міне, осы арада ел тарихын жасаған тұлғалар,болашағын бағдарлаған асыл арыстарымыздың ел үшін еткен ерен істерінің арқасында егеменді ел болып ес жинадық десек, еш артық айтқандық бола қоймас…

Тәуелсіздікке жетер жолдағы арыстарымыздың барлығының арманы – өз елінің бірлігі айрандай ұйыған, бейбіт те бақытты ел болуы еді. Міне, бүгін көптен көксеген арманымыз орындалып, бөркімізді көкке атудамыз.

Біз соңғы жылдары беттерін аршып, ашып, ақтара бастаған тарихымызда қауіпті де қатерлі сәттер, кезеңдер аз болмаған. Екі жүз жылға созылған қазақ – жоңғар соғысы секілді ұзақ қырғын әр қазақтың тарихында бола бермеген. Сол соғысты ақыры жеңіспен аяқтап, өз елін түбегейлі азат етіп, құтқарып қалған күш – қазақтарды өз ауыз бірлігі, өз ішіндегі ынтымақтастығы мен тұтастығы еді. Бейбіт заман болса да қиыншылықтары аз болмай тұрған мына уақытта, өз ішіндегі туыстығын сақтау – қастерлі бір дәстүр. Сондай қиямет -қайым жылдарда бірде Ордабасыға, бірде Ұлытауға жиналып үш жүз билері мен батырлары бас қосқанда келген бәтуа, берген бата бірлікті сақтау, бірлеп қимылдау еді. Сондай келісімдірден кейін 1721 жылы Бұланты бойындағы, 1729 жылы Анырақай аумағындағы қалмақтарды қырғын айқас – соғыстар ылғи жеңіспен аяқталып отырған. Қиын сәттерде Президент осы тарих тағылымдарын еске алады және сол дәстүрді ұстап келе жатыр.Елбасымыздың ұстанған саясаты бабалар арманының жалғасындай көрінеді. Бұл күндері талай мемлекет басшыларының беделін асырған қазақтың осы перзенті ұлтының бағына туған ұл деген ақиқатты айқындай түскендей.Олай дейтін себебім,ол Республикамызда өмір сүріп жатқан әр ұлт өкілдерінің ұлттық қадір-қасиетін сақтап қалуына жол ашып, елінің бірлікте,тату- тәтті күн кешуін ойлаған дана басшы ретінде танылуда.

Бүгінде Қазақстан – дамыған экономикалы, аяғына нық тұрып, жарқын болашақта, Астанадай бас қаласы гүлденген мемлекет. Бас қалада биік, аспанмен тілдескен ғимараттар, түрлі ойын- сауық кешендері бар. Мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келіп, әсем қаланы тамашалауда. Сонымен қатар, Елбасымыз Қазақстанның өзге де өңірлердің дамуына жағдай жасауда. Осындай бейбіт те тыныш елде өмір сүру – үлкен бақыт, қуаныш. Елбасымыз әмандә ел қамын ойлап, халқы үшін аянбай тер төгуде. Қазақ елінің жағдайын жақсартып, ел ішіндегі бейбітшілік пен татулықты сақтап, аспанымыздың ашық болуы үшін тырысып бағуда. Ел үшін жасап жатқан еңбегінен зор махаббатты аңғаруға болады. Елін сүйген Елбасымыз аман болсын. Тұңғыш Президент күні – бұл тарихи таңдау күні барлық қазақстандықтардың күні. Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке.

Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып тәуелсіздігін алғанына биыл 26 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. Өз елімде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін!

Алыс – жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздін аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп – ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президентін сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұнын мәнін біз жақсы түсінеміз. Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмірі еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат. Өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян. Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудын бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды» деген осы болар. Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. Ал Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оны өзінің жетістігі деп есептемейді. Тарих толқынында, ғасырлар тоғысында тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды.

Шын мәнінде,Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз еліміз саяси және әлеуметтік экономикалық сілкіністерге ұшырамай, небір қиындықтар мен сынақтарды еңсеріп, еліміз алға жылжып жылдан–жылға өзгеріп келеді.

Қазақ Елі тәуелсіздік алғалы бері біраз жетістіктерге жетті. Біздің мемлекетімізде саммиттер,көптеген келіссөздер, Азия ойындары, Унирверсиада және т.б халықаралық деңгейдегі іс шаралар өтті. Міне, ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі Елордамызда өтті. Бұл – біз үшін қуаныш, ел үшін мәртебе. Біз Айсары ауылының 7 оқушысы осы көрмені тамашалауға бардық. Ол жерде өте керемет, сол көрмеде әр ұлт өкілдерін және олардың салт-дәстүрі мен мәдениетімен таныстық. Көрмеден алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Қазақстанның бұл жеңісін Елбасының ерен еңбегінің жемісі десек те, Тәуелсіздік жетістігі десек те қателеспейміз.

Елбасымыздың бүгінгі ерен еңбегін әрі қарай жалғастыру біздің міндетті борышымыз деп ойлаймыз. Біздің бүгінгі жетістіктеріміз,белестеріміз тәуелсіздік арқасы болса,тәуелсіздіктің бүгінгі тірегі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Ендеше Нұрсұлтан атамыздың Нұрлы жолымен алға жүре берейік.

Мен өзімнің осы шығармамды Ахмет Байтұрсынұлының терең ойлы, «Ұлым деген жұрт болмаса,жұртым деген ұл қайдан туады» – деген сөзімен аяқтағанды жөн көрдім.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!