Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елім менің

Материал туралы қысқаша түсінік
эссе жазу әдісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елім менің

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар.

Әлемде егемен Қазақстан бар.Оның

көп ұлтты ,тату,ынтымақшыл халқы

бар. Ең бастысы- бүгіннен нүрлы,

бүгіннен кемел болашағы бар. Сол

күнге берік сенім бар!

Нұрсұлтан Назарбаев.

Еділдің бойы ен тоғай,ел қондырсам деп едім,жағалай жатқан сол елге мал

толтырсам деп едім.” – Махамбет ақынның осы жыр жолдары ойға оралып отыр.Алтай

мен Атыраудың арсындағы қыран ұшса қанаты талатын,құлан жортса тұяғы тозатын

алып даланың төсіне ел қондыру,жағалай қонған сол елге мал толтыру ата-бабамның

аңсаған арманы еді.Бұл арман Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан кейін барып

орындалды

1991 жыл.Қазақ елінің армандаған дәуірінің көкжиегі көз ұшынан көріне

бастады.Атажұрттың керегесі керілді.Көк байрақты,қыран текті қазақ халқы күн

астында қанат жайды.Мұндай күн қазақ қазақ болғалы болған емес.Тамыры тереңнен

тартқан қазақ халқының алмағайып замандарда жер бетінен жоғалып кетпей, іргелі ел

қалпын сақтап қалғаны-оның еркіндік сүйгіш ерік-жігерінің, асқақ рухының арқасы.

Отан! Қазақстан! Тәуелсіздік! Осы үш ұғымның жолында қайсар қазағым

қаһармандықтың қас үлгісін көрсетті. “Мен қазақпын, мың өліп ,мың тірілген”,-деп

Жұбан ақын айтқандай, тағдырдың талай тозағына тап келген халқым қазақ деген

атын тағы сақтап қалды.Ұлтына тұтқа болар перзент , ел үшін күш дарынын аямаған

Елбасы тарих сахнасына көтерілді. Халық ел бастар Ер ұлынан үміт күтті.Етікпенен

су кешетін кезеңде, елді өткелі жоқ өзеннен алып шықты. Өткелсіз судың өзі де

жүрегінде оты бар адамға жол береді екен. Қазақ елі өз тәуелсіздігін алғаннан бері

қаншама асуларды бағындырды. Ешнәрсе өзінен -өзі келген жоқ. Оның ар жағында

елдің моншақтап төгілген тері, Елбасының өлшеусіз еңбегі жатыр. Тағдырды Алла

ғана нәсіп ететін болса, тарихты тұлға ғана жасай алмақ. Ел мен Елбасы ажырамас

ұғым. Қазақ басшысы елін сүйді, елі де оны сүйді, алақанына салып аялады. Өзара

сүйіспеншіліктен туған үйлесім елді көптеген ұлы істерге жетеледі. Уыздай ұйып

тұрған мына ғалам –қазақтың бақыты.

Қазақ жерінде еркін , бейбіт қоғам орнады. Тәуелсіздік жылдарында адам сенбес

ғажайыптар жасалды. Ұлы қазақ жер жаһанға танылды. Бұл мекен- қой үстіне

бозторғай жұмыртқалаған мекен.Қазақтың басты байлығы-соғыс,жанжал,қантөгістен

дін амандығы.Отанынан босыған,бір үзім нанға зәру болған елдерді көріп

шошынамын.Бір кезде бытырадай шашыраған қазақ Атажұртта бас қосты.Адамзат

ортақ ойға тоқтасын деп Елбасы барлық діннің басын қосты. Қазақ даласында ай

күмбез,ақ мешіттер бой көтерді.Қазақ жерінің щекарасы заң жүзінде бекітілді.Өзгеге

өзімізді танытатын Ту,Елтаңба,Әнұранымыз бар.Елтаңбадағы шаңырақ барлық ұлт

тату-тәтті тұрса деген ел тілегі.Күллі әлемде қазақтың көк туы желбіреп,Әнұраны

салтанатпен шырқалуда.

Ұлы даланың кіндігі-Нұрсұлтан салған нұрлы қала Астана.Ұлттық

тұтастығымыздың мәселесі ең өткір қойылған арғы Тоқтамыс пен Едіге,бергі Тәуке

мен Абылай замандарында билік ордасының бұл маңайға қайта-қайта көшіп келуінде

көп сыр бар екенін ұғынуымыз керек.

Мен тәуелсіз елдің ұланымын.Еліміздегі сүттей ұйыған тыныштық,халықтың

ынтымақ бірлігі,бейбіт өмір мені қуантады.

Қанша құмар болсаңдар да даңққа,

Тос лақтырып,күл шашпаңдар алыпқа!

Ең данышпан,ұлы патша-сол патша

Оқтың даусын естіртпесе халыққа

Елдің де,Елбасының да,Құдайдан тілер басты тілегі-Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.

Тоқтар мен Талғат ағаларымыз көкзеңгір аспанға ұшып,айға қонды.Қазақ елі дүние

жүзіндегі ең беделді ұйым БҰҰ-ға мүше болды.ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі,Саммитті

өткізуі,”Азиада-2011” қысқы олимпиададағы жеңісті жолдар-жарқын болашақтың

кепілі

Қазақ елінің болашағы бүгіннен де жарқын.Жылдар жылжып уақыт өткен сайын

тәуелсіздігіміздің мәні жарқырай ашылуда.Бүгінгі бақытты елдің ұстанар бағыты

айқын.Ел межесі-елулікке ену. Бұл ғасыр қазақ үшін алтын ғасыр болмақ.Біз бәріміз

бір атаның-қазақ халқының ұлымыз.Біздің туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ

даласы.Мен болашақта қазақ елін елдігі асқан,ерлігі тасқан,кемел де келісті ел

болатынына сенемін.

Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. 2050 жыл. Билігі әділ, азаматтары

еркін.Жиһандану дәуіріндегі-көп ұлтты мемлекет.Экономикасы

дамыған мықты ел.2050-жылғы Қазақ елдінде үш тілде сөйлейтін білімді,еркін

адамдар қоғамы орнайды.Әлемдегі ең ізгі дін-ислам дінін қадірлейтін жаңа ұрпақ

қалыптасады.Қазақ елі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарынан көрінуі керек.Мақсат-

жетістіктің желкені.Бірлігі бар ел озады,бірлігі жоқ ел тозады.Бұл-тарих заңы.

Бізді көз жетпес алыста,қол жетпес қияда көрінетін осы мақсаттарға апаратын жол-

азат ойларымыз,кемел біліміміз.Жас ұрпақ алдындағы үлкен міндет-Тәуелсіздікті

қолдан шығарып алмау.

Туған мекенімді,тәуелсіз елімді менің жүрегім сүйіп өтеді,мақтаныш етеді.

Білекке сенген заманда,

Ешкімге дес бермедік

Білімге сенген заманда,

Қапы қалып жүрмелік-дегендей бәсекелестік биігін білімімізбен бағындыруымыз керек.

Тәуелсізбін,егеменмін,азатпын.

Туды міне,ел аңсаған азат күн!

Елдің туын биік ұстар әрқашан,

Болашағы сендерсіңдер қазақтың!

Жаңа әлемдегі Қазақстан-менің Отаным дамудың сара жолында.Мен қазақ елін жер бетіндегі “Мәңгілік елге” айналатынына сенемін.



Дайындаған:Ботаева Жұлдыз

14 орта мектеп 10 А сынып

Мұғалімі:Жумагалиева А.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.06.2018
509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12