400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ЕЛІМІЗДІ НҰРЛЫ ЕРТЕҢГЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЕЛБАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
ҰСТАЗДАРҒА, ОҚУШЫ, СТУДЕНТТЕРГЕ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Елбасы – ел қорғаны

Салеметсіңдерме балалар! Армысыз құрметті қауым! Сіздерді бүгінгі «Елімізді ертеніне жетелеген Елбасы!» - атты ашық тәрбие сағатымызда көруге қуаныштымыз!

Ел болдық, ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттін шежіресі,

Нұрсұлтаннын атымен басталады. –

Деп ашық тәрбие сағатымызды басаймыз!

    Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси дамуының келешегіне айқын жол ашқан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация екені баршамызға белгілі. Бұл мемлекет ретінде өз алдына отау тіккен республикамыздың мәртебесін асқақтатқан бүкіл әлем алдында « Қазақстан  » деген ел бар екенін паш еткен тарихымыздағы тұңғыш құжат.

Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің арқасында! 

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет, сондықтан оның өз әнұраны, туы, елтаңбасы бар.

Әнұраным – жан ұраным.

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Бақыт, бірлік күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны!

Ал енді балалар жарысқа кезек берейік!

Ойын « күн шұғыласы ». Үш топқа тапсырма беріледі.

1 –топ. Қазақстанның қалалары.

2 – топ. Қазақстанның байлығы.

3 – топ. Қазақстан

1.    « Бәйге » ойыны. Әр топқа кезектесіп сұрақтар қойылады.

1. Қазақстан Республикасының рәміздері мен авторлары туралы не білесіңдер?

2. Н.Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды?

3. Алғашқы қазақ ғарышкері кім және ол ғарышқа қашан самғады?

4. Төл теңгеміз дүниеге қашан келді?

5. Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы қашан қабылданды?

6. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?

7. Қазақстанның бұрынғы және қазіргі астаналарын атаңдар?

8. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды?

9. Талғат Мұсабаев кім, ол туралы не білесіңдер?

10. « Тәуелсіздік » монументі қашан ашылды?

11. Қазақстан қандай мемлекет?

12. Қазақстанда қай тіл мемлекеттік тіл?

13. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды, қай жылы?

14. Қазақстанда неше облыс бар?

15. Қазақстанның төл мерекелерін атаңдар.

 

2.  Ойын « Тапқырлар ». Отан, ел, жер туралы мақал – мәтелдер жарысы.

 3. « Өнерлі өрге жүзер. » Әр топ өз өнерін көрсетеді.

Оқушылар өздері салған суреттерін таныстырып қорғайды. 

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

 

 Ал енді сыныбымыздың Нағашыбай Данагүлдің еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзі жазған «Үш қоңырым» әнің тындайық

-«Үш қоңырым» әні орындалады

Ал енді осымен біздің сабағымыз аяқталады, Мерекелеріңізбен! Сау болыңыз!

 

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 қаңтар
371
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі