«Еліміздің асыл тірегі Рәміздер»ЖЖЕ Біздің аудан (ауыл), қала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Еліміздің асыл тірегі Рәміздер»ЖЖЕ Біздің аудан (ауыл), қала

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еліміздің асыл тірегі Рәміздер»ЖЖЕ Біздің аудан (ауыл), қала
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тәрбие сағаты

«Еліміздің асыл тірегі Рәміздер»

ЖЖЕ: Біздің аудан (ауыл), қала

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Мемлекеттік рәміздер – ұлт мақтанышы».

Сабақтың мақсаты:

Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін нығайту, толықтыру;

оқушылардың ой-өрісін дамыту, өз пікірлерін жеткізе білуге дағдыландыру;

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

оқушыларды отансүйгіштікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5 мин)


«Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге» арналады.Мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі.

Ой қозғау» кезеңі.

-Балалар «Отан» дегенді қалай түсінесіңдер?

-Ал рәміздер деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Дұрыс айтасыңдар. Ал енді назарларыңды интербелсенді тақтаға аударыңыздар.

«Рәміздерім мақтанышым» атты бейнебаян көрсетіледі. Бейнебаян аяқталған соң, арнайы дайындалған оқушылардың мәліметін тыңдаймыз.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.



(Әнұран шырқалады)



-
Туып өскен жеріміз. Мемлекетіміз, мемлекеттік тіліміз.

--Ол мемлекеттің егемендігін, бейбітшілігін білдіреді.



Компьютер



Рәміздердің

суреттері












Сабақ басы (10 мин)












«Кім жылдам?»

1.ҚР Тәуелсіздік күнін қашан атап өтеміз? (16 желтоқсан)

2.Мемлекеттік тіл? (қазақ тілі)

3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жыл)

4.Әнұранның авторлары кімдер? (Ш.Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев)

5.Қазақстанның ұлттық валютасы? (теңге)

6.ҚР мемлекеттік туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

7.Елтаңба авторлары кімдер? (Ж.Мәлібеков,Шотаман Уәлиханов)

8.Әнұранның әнін кім жазған? (Ш.Қалдаяқов)

9.ҚР туында не бейнеленген? (шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата)

10.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады (Әнұран)



Оқушылар мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді.













Презентация

 











Ортасы (25 мин)


«Мақал сөздің – мәйегі»

1. Отан отбасынан..... (басталады)

2. Отансыз адам…....(ормансыз бұлбұл)

3. Ел іші - (алтын бесік)

4. Туған жердей жер болмас….(Туған елдей ел болмас).

5. Отан үшін отқа түс.... (күймейсің)

6. Ел қадірін көрген біледі…..(Жер қадірін жүрген біледі)

7. Отан үшін еңбек етсең.....(халқыңның сүйген ұлы боласың)

8.Егілмеген жер жетім...(Елінен айырылған ер жетім)

ЖЖЕ: Біздің аудан (ауыл), қала.

Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

- Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік. Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші: 1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек? - 2.Жиекжол дегеніміз не? 3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді? - 4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады? - 5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады? 6.Ал жиекжолда қалай жүру керек? 7.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?


Мақал – мәтелдерді жалғастырулары сұралады.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

1. Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2. Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3. Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4. Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5. Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.

6. Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.

7. Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

Оқушылар,сендер жолда жүру ережелерін түсіндіңдер ме?

Жол тәртібін сақтап,өз өмірлеріңізге қамқор болатындарына сенімдімін.

Слайдпен көрсетіледі

Соңы

(5мин)





Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!




«Көк тудың желбірегені»





Музыка қосылады



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі