400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Биыл егемен ел атанып, тәуелсіздік алағынымызға 30 жыл. 30 жылда қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқан Қазақстан әлемдік елдермен терезесі тең елге айналды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік!»

«Тәуелсіздік – сан буын бабалардың

қасиетті жеріміздің әрбір қадамын

қорғау үшін төгілген өлшеусіз

қаны мен терінің өтеуі......»


Н.Ә.Назарбаев


Биыл егемен ел атанып, тәуелсіздік алағынымызға 30 жыл. 30 жылда қаз-қаз тұрып, тәй-тәй басқан Қазақстан әлемдік елдермен терезесі тең елге айналды. Тәуелсіздік алған жылдан бастап партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді қиын кезеңдерден өзінің сарабдал саясатымен алып шыға білді. Алтай мен Атырауға дейін созылып жатқан Ұлы даламыздың шекарасын шегедеп, бекітті. Бұл біздің кешегі өткен бабаларымыздың ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, аманаттап кеткен атамекені. Осы елдің болашағын жарқын қылу, Тәуелсіз Қазақстанның Мәңгілік ел атануына күш салу бүгінгі жас ұрпақ біздің қолымызда.

ЖШС «Болашақ» бөбекжай – балабақшасында «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты іс – шарасы өткізілді.

Іс – шара жоспарына сәйкес балабақшада «Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік» тақырыбында көрме жасалды. «Раушан» мектепке даярлық топ тәрбиешілері Сыздықбекова Шамшат және Шөкенова Бахытжамал «Тұңғыш Президент» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін жоғары деңгейде көрсетті.

«Василек» мектепке даярлық топ тәрбиешісі Абсадыкова Салтанат «День Независимости Республики Казахстан» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметін жақсы деңгейде өткізді.

Тәуелсіздікті нығайтуды, саяси демократияландыруды, нарықты экономикаға көшуді, ұлтаралық келісім мен әлеуметтік қорғауды стратегиялық міндет ретінде белгіленген бағыт жұртшылық тарапынан бірауыздан қолдау тапты. Республикамыздың қайталанбас құндылығына айналып үлгерген бұл саясат – бүгінде сенімді, әрі табысты болғандығын тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

Әрине мұның өзі ерекше саяси дарыны бар, ел басқару ісіне ата-бабамыздың даналығын, бітімшілдік қасиетін мұрат тұтқан, стратегиялық көрегендігі басым, терең де байыпты Елбасымыздың арқасы екендігі шүбәсіз. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демей ме, асыл халқымыз. Тер сіңіп жетсе де, дәмі тәтті «Тәуелсіздік» ұғымын бейне бір тұмарындай қастерлеген Президент мереке қарсаңында еліне арнап рухани жан-дүниесінің шынайы жанайқайы іспетті «Тәуелсіздік толғауы» эссесін баяндаған екен.

«Шын жүректі жарып шыққан шүбәсіз сөз – жүрекке де жетеді» емес пе, Елбасы тарапынан айтылған ойлар көңілге қонымды, құлаққа да жағымды. Әрбір саналы азаматқа ондағы көзқарас, ондағы мақсат бүкпесіз әсер етері хақ. Ата-бабаларымыз сынды даналық, кемеңгерлік, жыраулық, шешендік қасиеттер өн-бойынан табылған Нұр-аға – тарихымызға шолу, барлау жасап, жас ұрпақтың жүрегін бір тебірентті.

Сондай-ақ, албырт жүрегімізге рух берген «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы болса, онда айтылған «мәңгілік қазақтың перзенті» ретінде тәуелсіз елімізді «Қазақстан-2050» мінберіне мүлтіксіз жеткізуде елеулі еңбек етуге бел шештік.

«Ел үмітін ел ақтар,Ер атағын ер сақтар» деген мақал бар. Ұлтын сүйген ұлы тұлғаның орамды ойларын жадымызда жаңғыртып, бостандық, егемендік, тәуелсіздік секілді қастерлі ұғымның қадіріне жете білуіміз қажет.

Тәуелсіздік — барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Сондықтан Тәуелсіздік күні алаңдарда ән шырқап, халықты бірлікке, татулыққа шақырып, халықтың ортасында боламыз. Осы орайда қазақ елін Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! 

ЖШС «Болашақ» бөбекжай - балабақшасының

Әдіскері: Паримбетова Айсулу Досмахамбетовна





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қараша
366
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі