400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК

Материал туралы қысқаша түсінік
ЕЛІМНІҢ БАҚЫТЫН ТЕРБЕТКЕН ТӘУЕЛСІЗДІК
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

( сынып сағат )

Жүргізуші: Армысыздар қадірменді ұстаздар мен оқушылар!

Бүгінгі  Тәуелсіздікке – 33 жыл толуына орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты сынып сағатымызға қош келдіңіздер!!!

ҚР-ның Мемлекеттік Әнұраны орындалсын.(орындалды)

Жүргізуші:  Ендеше бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздігімізге

33 жыл толуына орай 5 «ә» сыныбының өткізгелі отырған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты сынып сағатын ашық деп жариялаймыз!

Жүргізуші: Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Міне, содан бері Тәуелсіздігімізге 33 жыл! Елімізде тек бейбітшілік, ынтымақтастық болсын! Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-апалар! Боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ! Рахмет! (тұрды)

Жүргізуші: 

Отыз үш жыл азаттық,

Өзімізді құрсаудан да босаттық.

Ақтадық біз ата-баба үмітін,

Қолда қазір көк ту менен бостандық.

Балалар осы кезекте сіздерге сұрақ қойғым келіп отыр. Сіздерге қоятын сұрақтарым мынадай.

  1. Желтоқсан оқиғасы қай жылы орын алды? Жауабы: 1986 жылы

  2. ҚР Мемлекеттік Рәміздері нешеу, және олар қандай? Жауабы: Ту, Елтаңба,Әнұран

ТУ-Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Бұл түс – ашық аспанның. Тыныштықтың белгісін көрсетеді. Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәріне нұрын шашып сәулесін төгеді.

ЕЛТАҢБА: Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Жарық жұлдыз – Отанымыздың жұлдызы биіктеп, бақыт жұлдызынан нұр шашып тұрғанын бейнелейді.

ӘНҰРАН: Музыкасы мен сөзінің авторлары: Әнұранның сөзін белгілі қазақстандық композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзін белгілі ақын, публицист Жұмекен Нәжімеденов жазған. Бұл әнұранға Қазақстанның мәдени мұрасымен ерекше тереңдік пен байланыс береді. Сөздердің символикасы: Әнұранның мәтіні Қазақстанның тарихи өткеніне, оның табиғи сұлулығына деген мақтаныш пен болашаққа деген ұмтылысты бейнелейді.

Жүргізуші:

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Ендеше, алдарыңызда: 16 желтоқсанда ерлік жасаған, адалдық үшін, елі үшін жанын беруге дайын бөлған Желтоқсан құрбандарының өмірімен таныс болайық

Таныстырады:

Сағындық Бекарыс

Тәліп Айзере

Жүргізуші:

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,
Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.
От боп жанған қазағымның жастары, 
Жалынымен ерітіпті мұздарды.
Келесі кезекте 5 «ә» сынып қыздарының биін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: 

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азап жүгін, ел жауын қуған ері,

Әділет пен бірлікке жанын қиып.

Әділ өткен ағалардың туған жері.

Келесі кезекті: 5 «ә» сыныбының өлең шумақтарына берейік

Жүргізуші: 

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1 «а» сынып оқушысы Асқарәлі Ибрахимніңі орындауында «Батырлар Ұраны»

Жүргізуші: 

Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
Келесі кезекте сіздерге сергіту сәті болсын: сіздерге қазір экранға суреттер шығатын болады.
Сол суреттерді қолдану арқылы мақал-мәтел құрастыруымыз керек. Мақал-мәтелдер Отан, ел, ана туралы

ПРЕЗЕНТАЦИЯ КЕТЕДІ

Жүргізуші: Иә, Айта берсек, 33 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
Олай болса, осымен бүгінгі 5 «ә» сыныбының ұйымдасуымен өткен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз!

Келесі кездескенше, күн нұрлы болсын ағайын!!!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
86
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі