Материалдар / Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар қауымы менің өткізген ашық тәрбие сағатым өзіме ұнағандықтан, осы сайытқа тіркеуді ойлап отырмын. Әрине бір-бірімізден тәжірибе алмасқан дұрыс деп ойлаймын. Бұл өмірде бәрін білемін деп айту қиын. Жұмыс жасай жүріп көптен үйренмін. Яғни оқыта жүріп өзімде үйренемін. Ұстаздар қауымы сіздерге тек сәттілік тілеймін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қаңтар 2018
659
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ж.Сүлейменов атындағы №24 жалпы орта мектеп

«Бекітемін»

Мектеп директоры: Е.Тешебаев

Ашық тәрбие сағаты

5ә- сынып

Тақырыбы: «Елімнің бақытын

тербеткен Тәуелсіздік»


Жетекшісі: Жамбосынова Н.

15. 12. 2017 оқу жылы



"Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!" (сценарий)

Тақырыбы: «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»
Барысы:

Сынып жетекші: Жамбосынова Нурбала тәуелсіздік туралы мәлімдеме айтып өтті.
«Бейне ролик» көрсетілімі

Нүркен :
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

№24 Ж. Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінің 5
ә –сынып оқушыларының шағын концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.

Оқушылар сәлемдемесі (19 оқушы)

оқушы ..........................
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

оқушы ............................
Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Тешебаев Ертай ағайға беріледі

**********************************

Ұлы боп көк тәңірдің саналатын

Орындап сол тәңірдің аманатын

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктің қағанатын

 

Жауларын айбарымен алжастырған

Бумын ісін істемес жалғастырған

Тоз тоз болған халықтың басын қосып

Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған


Азат өлкем күндей күлген шығыстан

Асыл елім жан жүректі ұғысқан

Ата-бабам аңсап өткен бақытым

Айналайын, байтақ елім Қазақстан

Өркендеп алға басты Қазақстан,

Бақ құсы қайта қонды қолдан ұшқан.

Қуатты, берекелі, бейбіт елмен,

Санасатын болды енді дос пен дұшпан.

Оқушы ...................

Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,

Бір мүдде, бір мақсат алдына қойғаны.

Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,

Тәуелсіз Мәңгілік ел болу арманы

Аманаты Абылайдың орындалды,

Әлемге қазақ елі мойындалды.

Тілі ,діні, дәстүрі халқымыздың,

Төрінен лайықты орын алды

Бексұлтан .................

Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт береке қашпасын деп,

Еліміздің шетін жау баспасын деп,

Найзаға үкі таққан елміз.

Басымыздан сөз асырмаған елміз

Ұлы боп көк тәңірдің саналатын

Орындап сол тәңірдің аманатын

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктің қағанатын

 

Жауларын айбарымен алжастырған

Бумын ісін істемес жалғастырған

Тоз тоз болған халықтың басын қосып

Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған

 

Армандап Түрік елін бай болсын деп

Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп

Халқының киімі көк, қарыны тоқ,

Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп

 

Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,

Қара бастың қамын еш құнттамаған

Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер

Жорықтарда тамшы су ұрттамаған

 

Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,

Ынтымағы жарасып жауды жеңген.

Билік- таққа таласқан аға –бауыр,

Ақыры Қағанатты екі бөлген.

Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,

Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.

Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,

Ру –тайпа өзінше хандық құрған.

 

Айрылып айбынды түр келбетінде

Бөрі жеп бөлінгенді әр шетінен.

Жойылды Шыңғыс ханның жорығында,

Қалалар Отырардай жер бетінен.

 

 

Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек,Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.

 

Алтай мен Атыраудың арасында,

Жетісу, Жеті өзеннің сағасында.

Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,

Хандық құрды қазақ өз даласында





Әсет:
Күй, сені тәтті көрем, жаным сүйіп,
Тыңдаймын тыным алмай, жанып - күйіп
Өмірдің сырын ашып жүрегіме
Музаның әміріне басымды иіп.
Алайық ескі күйдің бәрін жиып,
Жандырған ой - қиялды қалың күйік
Шерттіріп құнарлырақ домбыраға
Тербеліп ырғағына тамылжиық


Ислам:

Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

Ақниет:
Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «Қыздар биі»




Бекбол:
«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 125 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Ән: «Жаса, Қазақстан!» орындайтын: 5- сынып оқушысы.

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың,
Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира
Құрбаны болған жаланың
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы,
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып,
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

Бексұлтан:

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

Аружан:

Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап

Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.

Ән: «Қазақстаным» Орындайтын: 5 - сынып оқушысы Кабир Әсем.
(Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)
Аида:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Әлімжан. Диас. Олжас өлеңдер

Сен де арманда едің ау, мен де арманда, 
Сол арманға қол жетті, арман бар ма!
Өзімізді өзіміз таба алмастан,
Адасқанбыз, сан тарап ормандарда.

Аспан түсіп туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз – ел біледі.
Әнұран да, Елтаңба — өзімдікі,
Қара аспанды қай саяқ төндіреді?!

Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едік, 
Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?
Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,
Әлем шырғап, қосылып тұрар ма еді!

Тәуелсіз ел қанатын жаяр алар ма ед,
Бұратана бұтамды саялар ма ед?
Тұрарлары тіріліп, Сұлтанбектей,
Ардақтылар архивтен оянар ма ед?!

Тарихтың белгілі енді алдамасы,
Оңтүстік – достық, бірлік жалдамасы.
Үш жүздің басын бұрын қосқан болса,
Тұранды қосты бүгін – Ордабасы!

Енді кімнің қаламыз жүлдесінен, 
Тандырмады таңданып кімді есінен –
Кең маңдайы жарқырап – Назарбаев,
Сөйлеген жер жүзі – мінбесінен!

Қантөгізсіз дербестік алған едік,
Тәуелсіздік жемісін сау көрелік.
Ауыр боп тұр, мұнан да қиын болған,
Қынжылмайық, халайық, тәубе дейік



25 жылдыққа тарту. Нұрқасым ........................

1.Ғасырларға жеткен бүгін жыр үні
Тәуелсіздік ұлылықтың ұлығы
Шаңырағы биік болып қазақтың
Қисаймасын берік болсын уығы.

25 жыл міне — жаса Тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерлік, тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

2.Тәуелсіздік – бақыты ғой елімнің,
Тәуелсіздік – шаттығы ғой жерімнің,
Қолға қонған бақ құсындай аялаған
Бағы ғой теңдесі жоқ бұл елімнің.

Тәуелсіздік бас арманы болған екен,
Атамыз бен бабамыздың сол етеден
Арманына жету үшін күрескені
Тарихта шежіре боп қалған екен.

Қазағымның рухы сол заманда сынға түскен,
Жаулары сырттай оны сынап жүрген.
Толқымалы сол кезеңде бабамыз
«Қазақ» атын мәңгі сақтап қалған екен.



Соқтықпалы сол заманда сағы сынбай,
Тілі менен салт-дәстүрі жоғалмай,
Ата-бабам «қазақ» атын сақтан қалды,
Тәуелсіздік арманына жете алмай.

Тәуелсіздік тұғырына жету үшін,
Жәлтоқсанның жастары салды бар күшін,
Қанын төгіп, жанын қыйды аямай,
Жанын қиды елі менен жері үшін.

Байлығы мол байтақ жерім кең,
Дүниедегі елу елмен керегең тең,
Осы күнге жеткен ұрпақ еңселі
Құтты болсын тәуелсіздік мерекең!



Мереке бүгін ұлы күн,
Бабалар рухы көксеген.
Азатты елдің ұлымын,
Теңескен төбем көкпенен.

Күн болды ғой керемет,
Ақ түйе қарны жарылған.
Ел болдық шүкір не керек,
Әлемге аты танылған.



Тәуелсіз еліме 25 жыл!

Ұлан - байтақ неткен жер!

Дәнді - дақыл еккен жер.

Жеттік міне арманға Қазақстан - Ерікті ел!

Талай боздақ өткен жер,

Маңдай терін төккен жер.


Тәуелсіздікке қиындықпен жеткен жер.

Халқың да бар Елбасы Туыңда бар,

Елтаңбаң бір ертегі, Әнұраның тәрбие.

Енді қанат жаялық Қыран құстай самғайық.

Туымызбен тұғырлы Бірге желек қағайық.

Егеменді ел болдық Ел намысын сақтайық.



Қазақстан байлығын Бөтен елге сатпайық!

Салт - дәстүрін қазақтың Жаңғыртайық, жасайық!

Үлгі етіп ұл - қыздарға Үлкен үміт артайық.

Тілді сыйлап, шұбарлатпай Қастерлейік халайық!


25 жыл міне, толып отыр, Егеменді еліме.

Өрт салмасын бөтен елдер Атамекен жеріме.

Аңсап күткен бұл тойымыз Құтты болсын бәріңізге

Ұзақ ғұмыр, бірлік, табыс Тілеймін жас - кәріңізге

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
26 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.
Ерзат.......................................
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, Халқым менің

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыз







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!