Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық тәрбиешілерге арналған материалдар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елімнің еркіндігі – Тәуелсіздік»



Мақсаты: Оқушылардың бойына Отанға және елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру. Халқымыздың салт – дәстүрін бойына сіңіріп, қызығушылығын арттырып, балаларды ұлттық, азаматтық сезімге баулу. жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

Тәрбиеші:

Құрметті үстаздар, ата-аналар, қадірілі қонақтар бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған, сол жылда дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптермен жазылып
қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған «Елімнің еркіндігі тәуелсіздік» атты ертеңгілігімге қош келдіңіздер!

Әнұраным жанұраным

Айтар әнім – сөйлер сөзім

Туған жерім – бағынарым

Мәңгі бақи шырқалады


Залдың іші мерекеге сай безендірілген. Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.


Тәрбиеші :

Қазақстан!
Қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.
Он бір әріп не мағына береді,?
Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті,
Ә- әдептілік, әлдікті, әділетті.
У- уайымсыз уақытты
Е- егемендік елдікті
Л- дейді лағып лепірме
С- сенімділік секілді ең,
І- ілтипат пен ізет қой,
З- зиалылық тілек қой.
Д- Шақырады достыққа
І- ізеттілік
К- күн бол көктегі
Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.

Тәрбиеші :

Тәуелсіздік деген – әр халықтың , әр мемлекеттің ең зор бақыты мен асыл арманы.Тәуелсіздік деген- қазақтың қолындағы жолбастар, жолын ашар шамшырағы. Қазақтың болашағы мен қуанышы. Барлығы да осы тәуелсіздік пен ерлікте жатыр.

Алтын адам кіреді

Жыр арнадым еліме тебірене

Үміт артам елімнің ертеңіне

Тәуелсіздік алғалы 27 жыл міне

Отаным жылдан – жылға көркеюде

Тәрбиеші:Әр жыл сайын, Тәуелсіздік таңы атты.

Топқа бардың, тойға мініп ақ атты,

Дүниені қуанышқа бөлеп тұр,

Ән айтылып, жыр төгіліп қанатты.

Хор: «Біз- Отанның ұланымыз»



Елім менің, тәуелсіз жерім менің,

Күннен алған шуақты өмір демін.

Рухым ұлттық өсіпті, өлместей боп,

Көк байрағың, төбемнен көрінген күн..

Тақпақтар:

Дамир:

Туған жерге нұр шашып жарық берген

Қуаныш пен мол бақыт алып келген

16 желтоқсан шуақ болып

Тәуелсіздік еліме алып келген



Ералы:

Тәуелсіз ел атандық

Биік даңқың

Бар әлемге әйгілі ләйім атың

Ата - баба қанымен келген бізге

Тәуелсіздік құт болып қонды еліме

Айбатыр:

Тәуелсіздік таңын сүйем .
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.

Алижан:

Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл, қаланы

Ардақты ата - мекенім

Отаным - Қазақстан

Азиз:

Тәуелсіздік төрінде

Ұлан байтақ елімде

Асқар тау да сенікі

Бақша - бауда сенікі

Серік:

Отанды әркім анасындай

Қастерлейді, бағалап

Өйткені, Отан баласындай

Бізді өсірер аялап

Даниал:

Отан деген - атамекен

Отан деген - туған жер

Отан - ана,Отан - үлкен

Қазақстан - туған ел

Айша:

Асқақтаған нұр елім

Сені мәңгі сүйемін

Айбынымды асырған

Тәуелсіздік тірегім

Тәрбиеші:

Тасысын шалқып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Мерекеңмен құттықтап,

Ән саламыз бәріміз

Жеке ән: «Ақ тілек» ( )

Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Бишілер биімен де үн қосты

«Қазақ биі»

Күмбірлеп күй естілсе домбырадан,

Көңілге шаттық сезім қондырар ән.

Шымырлап шыққан кезде шырқау көкке,

Елітіп тұла бойың балбыраған.

Жеке ән: «Бал-балалық» ( )

Тәрбиеші:

Бақытым-Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Мың бұралған бишілерің ортада

Қарсы алайық бишімізді қол соға
Алдарыңызда бишілер тобының орындауында «испан биі»
«Испан биі» ( )

Тәрбиеші:

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Жеке ән: «Асқар тауым» ()

Тәрбиеші:

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Ән: «Ертегілер»

Тәрбиеші:

Бүлдіршіндеріміздің орындауындағы құттықтау сөздерді қарсы алыңыздар!

Тақпақтар:

Мұрагер:

Тәуелсіздік - таңнан түскен ақ сәуле

Тәуелсіздік - бақыт сенде, бақ сенде

Қарқындайды қариялар қашанда

Жарқылдайды жарық шашып жас кеуде

Айбарыс:

Ата - бабам жанын қиып қорғаған

Ақ тілегін ұрпағына арнаған

Қазақстан - алтын ұя Отаным

Жайнай берші, мәңгі гүлдеп әрқашан

Амина:

Сарқылмайтын қуатым

Тірегімсің Қазақстан

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің Қазақстан

Наргиза:

Көк туымыз бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп

Біз өсеміз талапты

Айзере:

Елтаңбасы елімнің

Қандай әйбәт әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі

Махаббат:

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді

Туымызды бізге ешкім бермеді

Ел тізгігін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері

Алина:

Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу

Алуа:

Асқар тауым - Қазақстан

Әсем әнім -Қазақстан

Қазақстан - Отаным деп

Әрқашанда мақтана алам

Тәрбиеші:

Бақытты өскен баламыз,

Еркін өмір шат заманда,

Шырқап әнге саламыз

Ән шіркін неткен ғажап

Көмейіңнен төгіледі

Ән: «Балапан» ( )

Қазақ дейтін менің бір елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,

Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,

Өкініш пе, білмеймін қуаныш па

Өз-өзінен жүрегім ән салады.

«Атамекен» әнін хормен орындайды

Балалар «атамекен» әуеніне, жалаушаларды алып шығады

Хор: «Атамекен»

Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің

27 жылдығына арналған «Елімнің еркіндігі - Тәуелсіздік» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Қазақ елім!

Туды жастық дәуірің.

Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.

Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,

Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын.

Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.01.2019
856
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12