жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік"
«Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты кеш
Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.
1-жүргізуші: Армысыздар, аса қадірменді кеш қонақтары!
2-жүргізуші: Кеш жарық қадірлі көрермендер! Кешімізді ҚР мемлекеттік әнұранымен бастасақ.
Әнұран

1-жүргізуші: (Арай)
Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған ұлан-ғайыр атырапта бүгін мереке! Бұл мереке – Тәуелсіздігімізге 28 жыл толуы! Осынау ұлық мерекеміз құтты болсын ағайын!
Видео
2-жүргізуші: (Ұлпан)
Иә, бүгінгі мерекенің орны өзге. Қанымен қара тасқа қашалып, ғасырлар бойғы арман-тілекті бойына сіңіріп, сағым жылдардың елесін арқалап, асыға жеткен арманымыз ғой бұл. Дала төсінде тербеліп тұрар Тәуелсіздік бесігі шартараптағы сағыныштарды біріктірері сөзсіз. Осы орайда, тәуелсіздік жолында шейіт болған боздақтарымызға бүгінгі ұрпақ тарапынан тағзым ретінде бір минут үнсіз еске алсақ. (Барлығы орнынан тұрады)
1-жүргізуші:(Арай)
Бабаларымыздың қанымен, білегінің күшімен, найзасының ұшымен келген киелі де қасиетті тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгені баршамызға мәлім. Ұлық мерекеміздің аясында тәуелсіз Қазақстанға арналған «Айналайын» тобының тілегі.

Қ- Қазағымыз аман болсын!
А-Азамат боп мен ертең, Отанға қызмет етем.
З- Заманымыз тыныш болсын!
А-Аман болайық
Қ-Қыран құстай биік самғайық!
С- Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!
Т-табиғатты аялайық!
А-Аспанымыз ашық болсын!
Н-Нанымыз көп болсын!
2-жүргізуші:(Ұлпан)
Қазіргі таңда Тәуелсіздік күні – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты, ұлтымыздың ұлы мұраты.
Хор «Тәуелсіз ел ұраны» орындайтын «Бөбек» шағын орталығының педагог тәрбиешілері.
1-жүргізуші: (Арай)
Біздің ең киелі, ең қасиетті ұғымымыз – тәуелсіздік. Азаттықтың тамыры тым тереңде. Талай ғасырлар қойнауына көз жіберіп қарасақ, осынау тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен, қандай азаппен келгенін түсінеміз.
«Құлыншақ» ересек тобының тәрбиеленушілерінің Тәуелсіздікке арнаулары

Айша.А
1.Елбасы жолдайды
Халық оны қолдайды.
Ешқашан орынсыз
Шешімдер болмайды.
Арсен
2.Тәуелсіздік елге сыйлайды
Бейбітшілікті қолдайды
Орындалып арманы
Халқымызда ажарлы
Осының бәрі әрине Елбасының арқасы.
Жансулу
3.Елбасы елді қорғайды
Халық қамын ойлайды
Осындай жақсы адамның
Жақсылығы тарайды.
Шерхан
4.Бағдарлап елдің ертеңін
Тыныштық тауып жатпаған
Болашақ үшін тер төгіп
Үмітін елдің ақтаған.
Айлана
5.Как повезло тебе и мне!
Мы родились в такой стране!
Куда ни глянь-кругом Друзья
Казахстан-страна моя!
Жанель
6.Мой Казахстан!
Ты славный выбрал путь
Путь мира и добра!
И мы по этому пути
С тобою навсегда!
Илья
7.Горжусь я Родиной такой,
Где царят дружба и покой
Моя любовь к тебе крепка-
С праздиком, моя страна!
2-жүргізуші: (Ұлпан)
Аз ғана уақытта әлем назарын өзіне аударған толқу күшпен басылғанмен, оның мәні мен маңызы еш уақытта өшпейді. Өйткені азаттық аңсаған теңдік талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалады.
Ән «» орындайтын «Балбөбек» мектеп алды даярлық тобы

1-жүргізуші: (Арай)
Қазақ ешқашан басқаның жеріне сұқтанбаған, өз
жерін жатқа сыйламаған және сатпаған
халық.
Ұлан-ғайыр жерінің ұлтарақтай үшін жанын
жалау еткен бабаларымыз тіркескеннің тізесін бүктіріп, белдескеннің
белін үзген.
Сол марқасқа батыр бабаларымыздың өмір
өткелдерін, ерлік жорықтарынан деректер білу – ұрпақтарға парыз
міндет.
«Балапан» ересек тобының бүлдіршіндерінің Тәуелсіздікке арнауы
1.Илья
Весь Казахстан я поздравляю,
Желаю мира и добра,
Земля пусть наша процветает,
Всем хватит света и тепла.
2.Қазына
Народ живет пускай в достатке,
Пусть крепнет воля, дух побед,
Желаю нынче Казахстану,
Красивых и цветущих лет.
3.Гүлім
Пусть прекрасный Казахстан
Год от года процветает,
Станет лидером средь стран,
Населенью счастье дарит!
1.Нұртілек
16 желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тоқсан
Атамменен барғанмын.
2.Айым
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік-ұлық той.
3.Мағжан
Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіңе үңілем.
2 жүргізуші (Ұлпан)
- 1986 жылы Алматының бас алаңында Желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова және тағы басқа апаларымыз бен ағаларымыз қатысты. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан еді.
Қайрат Рысқұлбековке арналған көрініс.
1 жүргізуші: (Арай)
-Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігімізді алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды. Отанымыз туған жеріміз, еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп өңуде.
«Ақжелкен», «Еркетай» орта топтарының арнауларын қабыл алыңыздар.
1.16 желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекеге ел тоқсан
Атамменен барғанмын.
2.Мерекеге шығады,
Бүкіл халық, біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік-ұлық той.
3.Аралаймын алаңды
Тәуелсіздік күнімен.
Батыр Қайрат ағамның
Суретіңе үңілем.
4.Праздник в Казахстане
Мы радостно встречаем,
И с днем независимости
Вас мы поздравляем.
5.Летят в степах казахских
Пусть волные ветра,
Желаем Казахстану
Мира и добра!
6. Свободному народу
Мы желаем счастья,
Всей стране цвести,
Расти и развиваться.
2жүргізуші: (Ұлпан)
кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.Азат, тәуелсіз елдің ұландарының «Мәңгілік ел Қазақстан» атты биін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: (Арай)
Құрметті жиналған көпшілік қауым, осымен біздің бүгінгі "Елімнің еркіндігі -Тәуелсіздік" атты кешіміз өз мәресіне жетті. Еліміздің еңсесі биік, туымыздың тұғыры берік, тәуелсіздігіміз мәңгі болғай.
Сөз кезегін «Бөбек» шағын
орталығының меңгерушісі Садырбаева Айман Базарбаевнаға
беріледі.
Келесі көріскенше қош сау
болыңыздар!
ЖШС «Бөбек» мектепке дейінгі шағын орталық

«Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты кеш
Өткізгендер: Кабаева А.Г
Семей 2019жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген