400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елімнің еркіндігі-Тәуелсіздік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігіне 29 жыл толу қарсаңында тәуелсіздік тарихына шолу жасайық Студеттерді ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүю, халқына қызмет етуге тәрбиелеу; Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рухтық қасиеттерін қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Жаңаөзен қызмет көрсету және

жаңа технологиялар колледж

басшысының Т.Ж.О у.м.а

_____________ Исаева.Г

10.12.2020 жыл











«Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік»

(тарихи кеш)





Орындағандар:Аязбаева.М,Нұрсұлтанова.В













2020-2021ж.ж



Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік

(тарихи кеш)

Мақсаты: Еліміздің тәуелсіздігіне 29 жыл толу қарсаңында тәуелсіздік

тарихына шолу жасайық

Студеттерді ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды, елін сүю, халқына қызмет етуге тәрбиелеу;

Ұлттық сана, ұлттық болмысымызды қалыптастыру, әсіресе ұлттық намыс, ұлттық рухтық қасиеттерін қалыптастыру.

Армысыздар құрметті ұстаздар, студенттер. Жетпіс жыл бойы қыл бұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп, бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы, әрі бақытты күн сол еді. Ұлттық жаңарудың, елдігіміз бен есендігіміздің басы болғай деп тілеген еді қалың жұрт. Бүгінгі күні желтоқсан оқиғасын 29 жыл өтсе де, сол желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Сол желтоқсан оқиғасынан кейін ұлттық сана – сезіміміз оянып, тәуелсіздіктің туын көтердік. біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған « Елімнің еркіндігі – тәуелсіздік» атты тарихи кешімізді бастаймыз

Арман ойда күмбір – күмбір күй қызып,
Арғымақтың жал құйрығын түйгізіп,
Аңыратып, көсілттің бір жүректің
Үлкен сөзін үш минутқа сыйғызып.
Үш – ақ минут шабыт нөсер мырза шақ,
Көк тіреді көңіл біткен бір жасап,
Үш – ақ минут жетеді екен мәрттікке,
Шығу үшін мәңгі өлмейтін жыр қашап.
Иә, Шахановша айтсақ, мәңгі өлмейтін жыр қашау үшін, елің үшін ерлік жасауға да 3 минут жеткілікті екен.
Бүкіл бір ұлттың жүрегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар – намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға білген жастарымыздың ерен ерлігі ұрпақтан – ұрпаққа жетеді.

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.

Бостандық! – деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді,қаншама батыр мерт болды. Бұл арпалыс бір күн, бір жыл, бір мезет емес, талай ғасырларға созылған.
Алаңға шығып өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкері қарсы қойылды. Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты, түрмеге қамады. Ербол, Ляззат, Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

Иә, ізгілік атаулыдан күдер үзіп, ең соңғы үміті, бар сенімі күйреген, рухани езілген балаң жігіт Қайрат. Қайрат есіл ер көзі тірісінде жазған өлеңдері адам жүрегін тебірентеді. Соның бірі «Менің тағдырым». Оқитын Есмірзаева Айзада


Өмір бойы жолым болып көрмеді,

Жылап келем бұл дүниеге келгелі.

Қайғы шаңы басты менің денемді,

Түспейді шаң сілкінсем де мен енді.

Жолдаған сәлемімді дос алмады,

Шын ба екен-ау тас керең боп қалғаны.

Айта берем, айта берем қайбірін,

Ауыр менің, ауыр менің тағдырым.

Тағдыр мені аямады, қорлады,

Жалынсам да, жыласамда болмады.

Қараңғы өмір бақытым жоқ, жоқ менің,

Армандаған ақ сәулеге жетпедім.





Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні— тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

Тарихы 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады




Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 29 жыл бұрын жариялаған болатын.  Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  

Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 29 жыл бұрын жариялаған болатын.  Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.  Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс



Міне, «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбатты әнұранымыз, жарқырыған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Қатысқандарыңызға рахмет.Қош сау болыңыздар



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
323
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі