жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік!"
Тақырыбы:Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік!
Бөлімі;Сөйлеуді дамыту.
Мақсаты: Көрнекілік:Қ.Р.рәміздері,Л.Асанова,Қ.Рысқұлбековтың суреттері,интерактивті тақта.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педгогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері: Шаттық шеңбері: Армысың,қайырымды Аспан! Армысың,Мейірімді Жер ана! Армысың,шұғылалы Алтын күнім! Армысың тәуелсіз елім менің! |
Балалар шаттық шеңбер жасайды. |
|
Ұйымдастырушылық –ізденістік |
-Біз аспаны ашық,сәулелі,кең,байтақ елде тұрамыз.Ол ел-... -Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметін Қазақстан Республикасының әнұранынан бастайық. -Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғалы бері ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды.Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қиыншылықты бастан кешірді.Осыдан біраз жыл бұрын Алматы қаласында жастар көтерілісі болды.Қайсар батырларымыз Ляззат Асанова,Қайрат Рысқұлбеков ерлік көрсетті.Осындай жастарымыздың арқасында қазіргі кезде бейбіт тыныш өмір сүріп жатырмыз.Еліміздің өркендеп,жайнауда.Өз елімізге лайықты Конституция заңы қабылданды.Конституция заңдарында Отанымызды қорғауға ,балабақшаға,мектепке баруға,үлкен оқу орындарында білім алуға құқықтарың бар екені туралы жазылған. -Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады? -Әнұранды орындадық,сөзін,әнін жазған кімдер? -Тудың түсі қандай?Туда ненің бейнесі бар? -Елтаңбамызда ненің бейнесі бар?
Алдар көсе домбырасымен әндетіп топқа кіреді.Мен Алдармын,алдармын Бәріңді де алдармын.о-о,е-е. Алдар көсе: -Балалар,қаламызда Тәуелсіздік мерекесін атап өтіп жатыр.Мен сендерді сол тойға шақырып келіп отырмын. -Қане бәріміз қатарға тұрып,Атамекен әнімен мерекеге барайық. -Мерекегеде келіп жеттік,біздің қаламыз қандай тамаша безендірілген.Түрлі жалаушалар,шарлар ілінген. -Балалар,сендер Отан туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
-Алдар көсе: -бұл тойда ақындар айтысады,палуандар күреседі,ұлттық ойындар ойнатылады.Ал біз Соқыр бүркіт ойынын ойнап жіберейік. Атамекен әнімен балабақшаға қайта оралады. -Алдар көсе,саған арнап балалар сыйлық жасап береді.
-Сыйлықтарың маған ұнады.Рахмет! Сау болыңдар балалар! |
-Қазақстан
-Елтаңба,ту,әнұран. -Әнін жазған Ш.Қалдаяқов,сөзін жазғандар Н.Назарбаев,Ж.Нәжімеденов -Көк,шетінде ою-өрнек,ортасында күн,қыран құс бар. Елтаңба алтын және көгілдір түсті.Әлемнің тұтастығын,ошақтың амандығын білдіреді.Тұлпар –биік арманның қайраттың нышаны.Жұлдыз-жұлдызымыз жарық болсын дегенді білдіреді.
Балалар екі қатарға тұрып,әнді орындайды.
1.Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді, Отан дейміз туған жер атамекен, Биік тау,орман,тоғай,көлімізді. 2.Сұлу далам менің сүйген еркемсің, Жаны жайсаң жаратылған көркемсің, Қандай жақсы қазақ болып туғаным,о,туған жер,тамашасың көркемсің.
Ойын кезінде Отан туралы мақал-мәтелдер айтылады. Балалар 3топқа бөлінеді. 1топ:ҚР табиғатын салып бояйды. 2топ:Астана қаласын жапсырады. 3топ:Елімнің ертеңі-Тәуелсіздік деп жазылған түрлі-түсті параққа күнді жапсырады.Осы сыйлықтарды Алдар көсеге тарту етеді. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Бүгінгі оқу -қызметінде не үйреніп ,қандай әсер алғандарын сұрақ-жауап арқылы сұрап қорытындылайды. Балаларды мадақтайды. |
Балалар оқу-қызметінен алған жақсы әсерлерімен бөліседі,білген-түйгендері туралы әңгімелейді. |
Күтілетін нәтиже
Біледі:Тәуелсіздік туралы,Туған ел,Елбасы,рәміздері туралы.
Игереді:Патриоттық сезім,еліне деген сүйіспеншілік,еңбекқ
Меңгереді:Сұрақтарға толық жауап беруі.ҚР-ның ешкімге бағынбайтын егеменді ел екенін біледі.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген