Елін сүйген

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Елін сүйген

Материал туралы қысқаша түсінік
Елді ерекше құрметтеп сүйе білу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Елбасы – елдің тұтқасы!»

Балалар музыка әуенімен залға кіреді.

Жүргізуші: Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,

Өмір жолы болған қиын бұралаң.

Қазағымды жарқын жолға бастады,

Елбасы боп сайланды да Нұр ағам!

Биіктей бер, Нұр аға!

Қыран қанат талмасын,

Қадірлемей тұра ма,

Халық сіздей тұлғасын?!

Гүлдене бер, Отаным,

Көтерген туын Нұр ағам.

Көбейткен достық қатарын,

Нұр аға біздің- ұлы адам!- демекші, еліміз желтоқсан айының 1-ші

жұлдызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

күнін жыл сайын атап өтеді. Мереке құтты болсын,құрметті ұжым-

дастар! Аспанымыз ашық, еліміз, жеріміз аман болсын!

Осы мерекеге орай, «Саура» тобы бүлдіршіндерінің

«Елбасы – елдің тұтқасы!» атты ертеңгілігімізді қасиетті

қазағымның Гимнін орындаудан бастаймыз.

Гимн: «Менің Қазақстаным!»

Жүргізуші: Балалар, біз қай мемлекетте тұрамыз?

Балалар: Қазақстан Республикасында.



Жүргізуші: Отаны бар, елі бар жан- әманда,

Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.

Отан деген оттан ыстық жалғыз сөз,

Жалын берген, маған дағы сағанда.

Слайд: «Елбасы өмірінен үзінді»

Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз еліміздің негі-

зін қалаушы. Балалар, президент болу өте қиын және жауапты іс.

«Президент» сөзін латын тілінен аударғанда «алдында отырған»

деген ұғымды білдіреді екен.Біз Нұрсұлтан атамызбен бірге 24 жыл

бойы егемен еліміздің туын көкте желбіретіп келеміз.

Н.Ә.Назарбаев 1940жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең

ауданы Шамалған ауылы Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген.

Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тәрбиесінде болған. Нұрсұлтан

атамыз мектепті өте жақсы оқып, жақсы білім алады. Еңбек жолын

1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия

комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің

аға газдалушылығына дейінгі жолдан өткен.1991 жылы 1 -

желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевты Қазақстанның Президенті етіп сайлады. Ол

Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болатын.

Ал, енді Елбасымыз туралы өлең- жырларға кезек берейік!

Нұрлыбек: Ауыр күнді артымызға тастауы-

Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.

Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,

Елбасымыз Нұрағаның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,

Жас Отанның өмірін де түсініп.

«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,

Бір керемет жасады- ау кісілік.

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен- кіші, ағайындар- бәріміз.

Айсұлу: Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,

Жаңарып қалам, жасарып далам.

Басыңнан серпі бодандық жүгін,

Кетпейді ойдан Отандық ұғым.

Арыстан жүрек, айбынды елім,

Таниды сені бар әлем бүгін.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, Елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым,өр халқым!

Нұрым: Қазақ елі – Отаным,

Бақ- береке, байлығым.

Бар әлемге паш еткен,

Нұр аға бастау – бұлағым!

Камила: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,

Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.

Елбасын құрметтейтін ерекше

Армысыздар, ақ пейілді көпшілік.

Молдияр: Тәуелсіздікті елге сыйлады

Бейбітшілікті елге қалады.

Орындалып арманы,

Халқымызда ажарлы,

Осының бәрі әрине,

Елбасының арқасы.

Ән: «Біз өмірдің гүліміз!» орындайтын хор.

Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздеріне

нелер жатады? Авторлары кім?

Балалар: Біздің рәміздеріміз- Елтаңба, Ту, Гимн. Елтаңбаның авторлары:

Шота Уәлиханов,Жандарбек Мәлібеков. Тудың авторлары:

Шәкен Ниязбеков. Гимннің сөзін жазғандар:Шәмші Қалдаяқов,

Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов.

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар!

Қазақ елі желбіреп көк байрағын,

Гүлге оранды ауылың мен аймағың.

Нұрсұлтаның биіктерге бастады,

Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағың.

Ел тынысын тереңінен танып кең,

Шарапаты бар адамға дарып тең.

Елбасының есімі бұл тарихта,

Қалар анық өшпес алтын әріппен- дегендей,балалар Гимннің

сөзінің дүниеге келуіне өзіндік үлесін қосқан Елбасы өнерден де

құр алақан еместігі анық.Ол кісі бойына өнер дарыған талант иесі.

«Елім менің, Үшқоңырым» әндерінің сөзін жазған Нұрсұлтан аға-

мыз.Балалар, сендерде Елбасыға ұқсап, өнерлі бала болғыларың

келе ме?

Балалар: Иә, Елбасыға ұқсағымыз келеді.

Жүргізуші: Олай болса, Нұр ағаға арналған өлеңдерді тыңдайық!

Мейрамбек: Халқымның көшбасшысы,

Тәуелсіз қазақ елім.

Бақ қонған ғажап елім,

Нұрсұлтан Назарбаев,

Артамыз сізге сенім.

Елім деп, жерім деген,

Адымдап сенімменен.

Халқымның көшбасшысы,

Еңбектен ерінбеген.

Президент ең алғашқы,

Қырандай самғап ұшты.

Халқымның көшбасшысы,

Келер күн құшақ ашты.

Айзада: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,

Қазақ елін мойындауда дос таңдап.

Елбасының еңбегімен нұрлана,

Қазағымның мерейі тұр аспандап.



Сұлтанкерей: Бар әлемге шын танылдық міне біз,

Елін сүйген Елбасы деп білеміз.

Тең аталып Қазақстан Нұрсұлтан,

Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Нұрсауле: Елі үшін алса салып қиырдан,

Ыдыраған ең ауыртпалық қиыннан.

Мерекеңіз құтты болсын, ағайын,

Елбасының құрметіне жиылған.

Жүргізуші: Балалар, мен жұмбақ жасырайын, сендер шешуін тез

табасыңдар ма?

Балалар: Иә.

Жүргізуші: Сарыарқа төсінде, Күн болып қарайды,

Сән беріп Есілге,шуақ боп тарайды.

Жас қала – Бас қала,

Кәнеки, қай қала?

Балалар: Астана.

Жүргізуші: Дұрыс- ақ, әрине Астана екен.Бұл Қазақстанның бас қаласы.

Астана қаласы күннен- күнге көркейіп, қарқынды өсіп келеді.

Астананың әсем көрікті жерлері әлем халқын көздің жауындай,

еріксіз баурап алары сөзсіз мәлім.Осындай сұлу Астанамыздың

есігін айқара ашқан, алтын табалдырығына қадам басуына себеп-

кер болған Нұрсұлтан атамыздың еңбегі ұшан- теңіз.Олай болса,

балалар, «Отан оттан да ыстық» демекші, біз бен сіздің, дана

қазақтың осындай жер жаннатты ,қасиетті пір мекенде өмір сүруі-

ғажап, тамаша емес пе?!Балалар, бір уақыт болса да, «Тамаша»

сөздік ойынын тамашалайық!Ойын шарты:мен сендерге сұрақ

қоямын,егерде ойынның жауабын «тамаша» деп шешсеңдер,

жалаушаны жоғары көтереміз.

Жүргізуші: Күн шуағы тамаша ма? Тамаша!

Жаңбырдың жауғаны тамаша ма? Тамаша!

Достарыңмен бірге жүрген тамаша ма? Тамаша!

Ана құшағы тамаша ма? Тамаша!

Туған өлке тамаша ма? Тамаша!

Туған үйім тамаша ма? Тамаша!

Қазақстанда тұрғаның тамаша ма? Тамаша!

Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, арайлап атқан әрбір таңымыз, шуақты

күндеріміз тамаша болсын деп, балалардың орындауында

«Нұр – аға!» әнін тыңдайық!

Ән: «Нұр – аға!» орындауында хор.

Назым: Елбасы – елдің тұғыры,

Айнадай жақұт дер оны.

Көш бастаған қырағы,

Қазақтың алып – Отаны.

Ақсұңқар: Асамыз асулардан,

Құламай тасулардан.

Әлемнің алды болу-

Ол үшін асыл арман.

Үлгі боп келешекке,

Балаға, ересекке,

Президент даңқымызды,

Көтерер келешекте.

Фатима: Елі үшін көтеріп нар жүгінде,

Сенімі нық сезілетін үнінде.

Аты озған дүниедегі дүбірде,

Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде.

Адина: Серпігенде бодандықтың тұманын,

Жетті әлемге ұраным мен жыр- әнім.

Өзің болдың көшбасшысы елімнің,

Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Ел тірегі- қайратым,

Абыройым, айбатым,

Отан даңқын асырдың,

Көк туымды жайнатып.

Бағымызға жүр аман,

Нұр сәулетті Нұр- аға!

Жүргізуші: Біздің еліміз де, жерімізде өте бай.Біздің елімізде көп ұлттар

тату- тәтті, береке- бірлікте өмір сүреді.Береке-бірлікке байланыс-

ты мен сендерге бір аңыз айтып берейін.Бірде қария өзінің он

баласын шақырып алып,бір бума шыбықтарды беріп:

«Сендер осы шыбықтарды сындырыңдар»-дейді.

Балалары бумадағы шыбықтарды әрі-бері тартқылайды,

бірақ шыбықтар сынбай қояды.

Сосын қария әр баласына бір-бір шыбықтан таратып береді де,

«Енді шыбықты сындырып көріңдер»- дейді.Шыбық тез сынады.

Сонда ақылды қария: «Тату- тәтті, берекелі бірге өмір сүрсеңдер,

сендерде мықты, берік боласыңдар.Ал сендер бір- бірлеріңмен

жанжалдасып өмір сүрсеңдер, береке- бірлік болмайды» депті.

Кішкентай жүректеріңдегі елге, жерге, туған өлкемізге, Елбасына

деген үлкен махаббаттарың үшін ризамын.

Еліміздің ертеңі – мықты, болашағы – зор білімді саналы,

тәрбиелі ұрпақтың қолында деп білемін.

Жүргізуші: Құрметті әріптестер, бүлдіршіндер!

Мыңдаған жылдық тарихы бар Қазақстан өз Тәуелсіздігін алып,

бүгінде әлемге танылды.Елбасының ерен еңбегі еліміздің

жарқын болашағы- бүгінгі бүлдіршіндерімізді патриоттық рухта

тәрбиелеуге кемеңгер жол ашты.

Мақтанамын мемлекетім барына,

Терезем тең басқалармен, неменеге тарылам?!

Өз елінің жырын жырлап, мұңын мұңдап әрқашан,

Өз елінің қорғаушысы болу керек әр ұлан!

Бойымда жігер тұрғанда сенім,

Жалындап өтем жолыңда сенің!

Елбасы басқарған аяулы Отаным!

Қазақстан – Республикам менің!

Бүгінгі «Елбасы – елдің тұтқасы!» атты ертеңгілігіміз

аяқтай келе, Елбасы мерекесі құтты болсын!Хор: «Атамекен!».

МКҚК «Айгөлек» балабақшасы

Бекітемін:­­___________________





Ертеңгілік : «Елбасы – елдің тұтқасы!»







Тәрбиеші: Алипкалиева.Т.И.

2015-2016 оқу жылы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
464
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі