Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Елін сүйген - Елбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Елбасы туралы балаларға мәлімет беру. Оның өмірбаянымен таныстыру. Ойлау қабілеттерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп- балабақша кешені















Тақырыбы:

Елін сүйген-Елбасы!























Тәрбиеші: Адилгереева Г. М.

Махметова А. С.



2019 жыл

"Бекітемін"

Балабақша әдіскері: С. М. Бақтығазиева



Күні: 29.11.2019 жыл

Тақырыбы: «Елін сүйген - Елбасы»

Мақсаты:

Білімділік: балаларға Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өмірі мен шығармашылыққа толы атқарған істері туралы мәліметтер беру.

Дамытушылық: елбасымыздың ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету.

Тәрбиелілік: балаларды өз Отанын халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Елбасының портреті, рәміздер, Нұр-сұлтанның көрнекі жерлері, кітаптар.

Барысы:

Қолымызды кеудемізге қойып, Қазақстан Республикасының "Әнұранын" орындаймыз.


Балалардың назарын суреттерге аудару, сұрақтар қою, жауап алу.

  • Мына суретте не бейнеленген? -Карта

  • Қай елдің картасы? -ҚР картасы

  • Біздің еліміз қалай аталады? -Қазақстан Республикасы

  • Отан туралы кім тақпақ айтады?

Саяна:

Отан жерім, Отан суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан-ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді.


Ерсін:

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.


Сабина:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан - сенің бауырың,

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.


Аян:

Кең даласын егін жапқан,

Бар баласы, бақыт тапқан.

Менің жерім, менің елім,

Күн сәулелі – Қазақстан!


  • Еліміздің астанасы қай қала?

  • Астана қаласы. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласы болып өзгертілді.



Раяна:

Астана арман қала,

Бағы бір жанған қала.

Тұрасың жап-жас болып,

Мен үлкен болғанда да.


Салима:

Күн өткен сайын құлпырып,

Жайнадың гүлдей Астана.

Елорда – менің Астанам,

Елорда – менің бас қалам.


  • Біздің ұлтымыз қалай аталады? -ұлтымыз қазақ.

  • Ана тіліміз қай тіл? -қазақ тілі.

Аңсар:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.


Айша:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.


  • Біздің рәміздерімізді кім айтады?

  • Ту, Елтаңба, Әнұран.

  • 1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді. «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды»,- дейді қазақ халқы. Кез – келген халықтың өз таңбасы, елдің дербестігін танытытын негізгі белгілері болады.

Гүлхан:

Көк байрағы бабамның,

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке баланың,

Қазақстан жалауы.


Мейрамбек:

Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.


Фатима:

Көк жалауы желбіре

Асқақтап аспанда.

Жас ұлан ел бірге,

Сап түзе жасқанба.


Райымбек:

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.


Еркеназ:

Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер төккен.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім Елтаңбам


Саят:

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.


  • Балалар, біздің еліміздің тұңғыш президенті кім?

  • Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазіргі елбасымыз – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

1-желтоқсан еліміз үшін мереке болып есептелінеді. Өйткені бұл күн «Тұңғыш президент күні». 1991 жылы 1-желтоқсанда халық өз таңдауымен Н.Ә Назарбаевты президент етіп сайлады. Ал, 10 желтоқсаннан бастап, президент өз қызметін бастады. Елбасымыздың арқасында әлем бізді мойындады. Қазақстан-шетелдермен керегесі кең, терезесі тең, біртұтас елге айналды.

Ақниет:

Елбасымыз жолдайды,

Халқы оны қолдайды.

Ешқашанда орынсыз,

Шешімдері болмайды.


Ақнұр:

Ел болдық ерік алдық астаналы,

Енді кімнен қазағым жасқанады.

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

  • Н.Ә Назарбаевтың өмір жолдары , қызметі туралы жазылған кітаптармен таныстыру. Кітаптар ішіндегі суреттерді көрсету. Балалармен сұрақтар қою.

  • Жарайсыңдар балалар, өте дұрыс.

Ән: «Көк тудың желбірегені»

Қортынды: -

  • Балалар бүгін біз кім туралы айттық?

  • Ол кім?

  • Біздің еліміз қалай аталады?

  • Маған біздің еліміздің рәміздерін атап беріңдерші?

Жарайсыңдар балалар, осымен «Елін сүйген- Елбасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2021
330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12