жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Елін сүйген Елбасы"
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Елін сүйген Елбасы
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президенті рәміздерін таныстыру. Өз Отанын,туған сүюге,қорғауға,сақтауға,құрметтеуге тәрбиелеу.Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекілік: слайд шоу,суреттер
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Тәрбиешінің іс-әрекеті.
Шаттық шеңбер
Үлкенге де сіз.
Кішіге де сіз.
Барша жанға құрметпен.
Бас иеміз біз.
Бүгінгі ашық оқу қызметіміздің тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Балалар ашық оқу қызметін бастамас бұрын жыл мезгілдерін қайталап өтейік.
-Жылдың неше мезгілі бар?
(4 мезгіл қыс,көктем,жаз,күз)
-қазір жылдың қай мезгілі?
-қыс мезгілі.
-Қыс мезгілінде неше ай бар?
- 3 ай Желтоқсан,қаңтар,ақпан
-Қыс мезгілінде ауа-райында қандай өзгерістер болады?
-күн суытады,қар жауады,аяз болды.
Ия балалар қыс мезгілінің ең алғашқы айы яғни 1-ші желтоқсан үлкен мереке «Президент» күні.
-Сендер Елбасын білесіңдер ме?
Ендеше көгілдір экранға назар аударайық.
-Балалар бұл кім?
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
-Балалар сендер қай елде тұрасыңдар?
-Қазақстан Республикасы
Біздің Елордамыз қай қала?
-Астана қаласы.
-Ал мынау балалар Елбасымыздың жұмыс орны Ақорда.
Елбасымызға арнап кім тақпақ айтып береді?
Мадияр Гүлсезім
Елбасымыз Нұр аға Қазақ елі Қазақстан
Салғызып Алтын орда. Болашаққа үн қосқан.
Көркейтіп қазақтың елін. Жақсы күнге жетелеп.
Көрсетпей бір азабын. Елбасым менің Нұрсұлтан.
Шыңғыс Абылай
Жасай бер қазағым. Елімнің елбасшысы
Жасай бер Елбасым. Нұрсұлтан атамыз аман
болсын.
Қазақстан Республикасын бір сөзбен біз Отан деп атаймыз.
Отан деген ол біздің туып өскен жеріміз,байтақ еліміз,халқымыз,отбасымыз екен. Отан туралы тақпақтар,мақал-мәтелдер кім біледі екен.
Аяулым Диас
Қуат алған өзіңңнен Отан-оттанда ыстық.
Туған елдің ұлымын Айжұлдыз
Бақытты етіп өсірген. Отан елдің анасы.
Отанымның гүлімін.
Кәусар Жақсылық
Отан-қуат Отансыз адам.
Отбасы шуақ. Ормансыз бұлбұл.
-Балалар әр елдің өз рәміздері өз ана-тілі болады.
-Біз қай тілде сөйлейміз балалар?
-Қазақ тілі.
Еліміздің рәміздерін мына көгілдір экран арқылы атап өтейік. Балаллар бұл біздің мемлекеттік-Әнұранымыз. Ал мынау елтаңба. Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ еліміздің біртұтастығын бейнелейді. Екі жағында қанатты тұлпар мәңгілік өмір самғау биігі. Шекесінде жұлдыз мемлекетіміздің жарқын болашағы. «Қазақстан» жазуы біздің қазақ екенімізді білдіреді.
-Ал мынау ҚР-ның мемлекеттік туы. Тудың түсі көк. Көк түс адалдық пен тазалықтың,бейбітшіліктің белгісі. Тудың ортасында күн мен қалықтаған қыран құсымыз,оң жағында оюдың суреті бар. Қане балалар рәміздер туралы тақпақтар айтайық.
Ақбота Айым
Көк аспанда көкпеңбек. Елтаңбасы елімнің
Қазақстан жалауы. Неткен айбат әдемі
Көк емес ол тектен тек. Тұнығындай көңілдің
Елдің ашық қабағы.м Ортада аспан әлемі
Асылай Қолғанат
Тәуелсіздік жолында. Құт береке шаңырақ.
Талай талай тер тамған. Орын алған ол төрден
Билігім өз қолымда. Қанатты қос арғымақ.
Еркіндігім елтаңбам. Екі жақтан көмкерген.
Сергіту сәті.
Балалар музыка ырғағымен сергіту сәтін орындайды.
Шығармашылық жұмыс.
Балалар екі топқа бөлініп берілген материалдардан көгершін құсымен күнді жасайды.
Қорытындылау.
-Балалар біздің Елбасымыз кім?
-Біз қай елде тұрамыз?
-ҚР-ның мемлекеттік рәміздерін ата.
Ән: «Көк тудың желбірегені»
Күтілетін нәтиже.
Білуі керек: Елбасы туралы түсінігі.
Үйренуі керек: Рәміздерді құрметтеуді.
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
«Өркен» ересектер тобы

Өткізген: Акимжанова Ш
2018 жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген