15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Елін сүйген елбасы" тәрбие сағаты.
Күні: 24.11.17ж
Тақырыбы: Елі сүйген Елбасы
Мақсаты: а). Болашақ ұрпаққа Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру;
ә) Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып,патриоттық сезімдерін арттыру.
б) Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу
Ресурстар: суреттер, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
ІІ Жаңа сабақ:
Жоспар:
1.Елбасы өмірі
2. Елбасы болмысы
3. «Жыр арнаймын өзіңе» Елбасы жайлы тақпақтар
4. Топтық жұмыс
5.«Елбасыға тілек...» тілек жазу
6.Қорыту
1.Психологиялық дайындық
Бір,екі ,үш,
Бойға жинап күш.
Тәрбие сағатын бастаймыз,
Білімнен біз қашпаймыз.
«Құмырсқаның илеуі» әдісі бойынша топқа бөліну
1-топ: « Елбасы»
2-топ «Көшбасшы»
3-топ: «Қолбасшы»
Ой қозғау. Балалар, желтоқсан айында қандай мерекелер бар? Оқушылардың жауаптары. Олай болса, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамызға арналады.
Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Гимнің тұр көгіңде шырқалып. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады) Бүгін 1 желтоқсан Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұңғыш Президент болып сайланған күніне арналған «Ел тірегі Елбасы» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз
Мұғалім: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік, иә тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
Н.Ә.Назарбаев кім? Осы атамыз жайлы тоқталып өтейік.
Бақытжан : Ол-еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
Аяулым: Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі-Назарбай, әкесінің есімі-Әбіш, Нұрсұлтан деген есімді әжесі Мырзабала беріпті. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.
Калым Еркеназ. Жасынан зерек, алғыр азамат болған. Нұрсұлтан ата 5 жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты.
Арман: Еңбек жолын Теміртау қаласында темір балқытушы болып бастаған.
Асыл: 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті болып сайланды. . Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.Әли: Елбасының көптеген кітаптары бар. Атап айтсақ
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
«Қазақстан жолы» (А., 2012). «Тәуелсіздік белестері» т.б.
Саяжан: Н.Назарбаевтың «Жан шуағы» атты шағын жыр жинағынан оқиды
Айсұлу: Мемлекеттік жоғары лауазымдағы қызмет бос уақыт қалдыра бермейді. Алайда ол кісінің сүйікті істеріне табиғат аясында болу, спортпен шұғылдану, музыка тыңдау және кітап оқу жатады.
Гауһар:
1992
жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер
Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.
ЭКСПО
– жайлы айту,әңгімелету.
Елбасы жайлы жырлар
Жания:
.Тұратұғын болашақтың үні кеп
Т
артылар күй айтылатын жыры көп
Ерекше
бір еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың
бүгін туған күні деп
Гүлім:Ел бағына туылған,
Ұлтқа ұран, ту болған,
Халқы патша сайлаған,
Нұрлы
Сұлтан – Нұрсұлтан!
Жәлел Кәусар:Тәуелсіздік туы міне желбіреді.
Қазақпенен басқа ұлт өкілдері,
Бір шаңырақ астына жиналғаны
Елбасы Нұр ағаның зор еңбегі
Нұржеңіс: Ең бастысы білім дейді Нұр аға,
Елбасының сөзі ұрандай жастарға.
Үміт артқан біз жалынды жастармыз,
Қазақ елін жетелейтін тек алға!
Әубәкір Кәусар: Қазақстаным, кең далам.
Бүгінде бас иеді бар ғалам,
Нұр ағаның арқасында бүгінде
Қазақстан танылған бар әлемге.
Гауһар:Кең байтақ қой Қазақстан
картасы,
Астанамен айшықталған
ортасы.
Бүгін
бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі
Елбасының арқасы.
Арман:
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап
жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап
алған,
Елімнің бар Президенті
Калым
Еркеназ:
Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт
желі ескендей жайлап алған.
Президентім
бар менің елі түгел,
Ақ киізге
көтеріп сайлап алған.
Аяулым:
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір
жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды
жарқын жолға бастады
Елбасы боп
сайланды да Нұр ағам.
Бақытжан:Естімейік
енді елдің жылағанын,
Қайта құлап,
бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен
алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы
» Нұр ағаның.
Толғанай:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат
талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей
тұлғасын.
Мұхамбетжан
Еркеназ:Гүлдене
бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр
ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр
аға – біздің ұлы адам.
Айсұлу:
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк
алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел
бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті
халық деген данам ба.
Әли:
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын
сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім, ұлтым қайта
көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Саяжан:
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас
Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім»
деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет
жасады-ау кісілік!
Асыл:
Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,
Елім
айтқан ел көтерер жер даңқын.
Президентім,
елбасы, аман болғай,
Мәңгі жаса,
жас қазағым, өр халқым!
Топтық
жұмыс
1топ «Қазақстан» сөзінен сөздер шығару.
2 топ Н.Ә. Назарбаев кім?
3 топ.
Қазақстан
Республикасының рәміздерін ата. Оны
қай жерден көресің?
ІІІ.
Қорытынды бөлім
Күн күлтелерінен «Елбасыға тілек...» тілек жазу.
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін. Бүгінгі шарамызды Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа!».
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Үйге: мәлімет жинау.
Бүгінгі шарамызды Елбасының мынадай сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де, жердің де иесі екеніңді ұмытпа!».
«Елбасыға тілек...» тілек жазу
Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы-білімді жастармен,-дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек қана бір ғана талап, міндет ол білім алу. Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Жүргізуші:
Сіз-әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен-кіші кәрімізге.
Сіз –басшы, халқың-қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де, сәніміз де,-дей келе «Ел тірегі- Елбасы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Тұңғыш Президент күні құтты болсын!
Тақырыбы:
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Мақсаты:
1.
Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев
туралы мәлімет беру, сан қырлы талант
иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
2.
Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді
мығымдап берген, халқымызды әлемге
танытып, алаш баласының абыройын
ақсақтатқан Елбасының кісілік келбетін
меңгерту.
3. Отанын сүюге, елжандылыққа,
елі сүйген Елбасынан үлгі алуға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасы
суреттері, астана суреттері, мақал –
мәтелдер
Әдіс
– тәсілі: сұрақ
– жауап, әңгіме, ой-толғау, ойын
Барысы:
I.
Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келді. Қане қарайықшы!
Психологиялық дайындық:
Армысың, асыл күн
Армысың, асыл жер,
Армысың, көк аспан,
Армысыздар құрметті қонақтар,
Армысың, асыл досым
Жылуыма-жылу қос
Міне менің қолым.
ІІ.
Кіріспе
-Бүгінгі біздің «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
-Балалар, сендердің ойларыңша біз бүгін не туралы айтамыз?
Сөзжұмбақ шешу
Т
Е
Ң
Г
Е
Ә
Л
І
П
П
Е
Е
Л
Т
А
Ң
Б
А
Ә
Н
Ұ
Р
А
Н
Қ
А
З
А
Қ
С
Т
А
Н
С
А
Р
Ы
1.Еліміздің валютасы қандай?
2. Ең алғашқы кітабың?
3. Рәміздердің бірі?
4. Рәміздердің бірі?
5. Біздің Отанымыз - ...
6. Күннің түсі?
Балалар, қызыл түспен жазылған қандай сөз шықты?
Елбасы деген кім?
Елбасы туралы не айта аласыңдар?
Балалар, 1 желтоқсан қандай мерекелі күн?
IІI.
Тақырыбы, мақсаты
-
Қазақстан Республикасының тұңғыш
президенті Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы
сияқты талантты тұлғаның, халқын сүйетін
ұлтжанды азаматты білмейтін адам баласы
жоқ. Алты жастағы баладан алпыс жастағы
қарт та амандығын тілеп, тілеулес болып
отырады.
1991 жыл 1 желтоқсан ТӘУЕЛСІЗ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ САЙЛАНДЫ.
1-желтоқсан Президент күніне орай «Елін
сүйген, елі сүйген Елбасы» тәрбие
сағатымызды ұйымдастырдық.
Даяна
Тұратұғын
болашақтың үні кеп
Т артылар күй
айтылатын жыры көп
Ерекше бір
еркіндейік, бауырлар
Басшымыздың
бүгін туған күні деп
ІV.
Негізгі бөлім
а)
Суреттер бойынша түсіндіру.
ә)
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өміріне
тоқталу
Балалық
шағы
1940
жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы
Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан
Назарбаевтардың шаңырағында көптен
күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі
Нұрсұлтан деп ат қойды.
Сәбиге ат
таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды.
Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі
есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең
ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала
мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті
немерем екі бірдей есімді алып жүрсін.
Оның аты Нұрсұлтан болсын».
Әлемдегі
барлық әжелер секілді Мырзабала да
немересінің азамат болып қалыптасуына
ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның
анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен
келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың
байырғы дәстүрлері мен жоралғылары
туралы әңгімелейтінін, немересі
Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп
кіріскенін еске алады.
Мырзабаланың
ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі –
Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде,
Назарбай бидің шаңырағында өмірге
келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі
адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана
емес, орыс және балқар тілдерінде де
еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс
әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен
адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес
бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы
қайтыс болды.
Назарбаевтың анасы
Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай
ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында
дүниеге келді.
Жасөспірім
шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана
емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі
болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды.
Ол өзінің аса құштарлығын білетін
ағайын-туыстары әкеп берген кітаптардың
бәрін оқып шығуға жан-тәнімен кірісті.
Нұрсұлтанның
балалық және жастық шағы ұзаққа созылған
жоқ. Мектепті бітіріп, 18-ге таяған
Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында
терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен
ерекше көзге түсті. Тынымсыз еңбек,
спортпен жүйелі айналысу оны тығыншықтай
етіп, шыңдап шығарды. Ол құрбы-құрдастарына
қарағанда әлдеқайда ересек сияқты
көрінетін. Бірақ оны ерекшелеген басты
нәрсе – пікір айтудағы және әрекет
етудегі дербестік пен жетекшілікке
тұрақты ұмтылыс еді. Ол құрбы-құрдастарымен
алғаш танысқан сәттен бастап, тіл табысып
кете беретін. Өз ортасының ұйтқысы және
қоғамдық ұйымдастырушысы болды.
Әзіл-қалжыңға бейім болды, әнді жақсы
айтатын, елдің көңілінен шығып, өз
ортасын тез үйіріп әкете білді. Сол
кезде оның тағы бір қыры ашылып,
прагматизмге қадам басты. Теміртаудағы
металлургия комбинатының құрылысына
комсомолдарды жинап жатқанын білген
соң, Нұрсұлтан металлург болуға бел
буды. Нұрсұлтан ертерек еңсесін
тіктеп, өз ахуалын жақсартып, ата-анасына,
туған-туыстарына материалдық тұрғыдан
көмектескісі келді. Өйткені, ол отбасындағы
үлкен ұл еді.
Мемлекет
басшысы бұл тұрғыдағы тұжырымдарын
биік мінбелерден сөйлеген сөздерінде
қалың елі қазағына тебірене тұрып – «Мен
үшін елімді дамыған елдердің сапына
тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат
жоқ» десе «Қазақтың өзінің ұлттық
қасиеттерінің қайта қалыптасуына
қамқорлық жасау Президенттік те,
перзенттік парызым» деген
болатын.
Мемлекет басқару ісі –
машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы
басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы
ең бақытты халық.
Менің Отаным
–ҚАЗАҚСТАН. Тәуелсіздік елімізде
салтанат құрған береке-бірліктің, достық
пен ынтымақтың айғағы.
1991 жылы
16-желтоқсанда Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев
қол қойған Қазақстанның мемлекеттік
тәуелсіздігі туралы Конституциялық
заң қабылданды.Тәуелсіз мемлекет
болды.
Тәуелсіз мемлекеттің тұңғыш
Президенті сайланды. Ол Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев.
-1992ж Мемлекеттік Рәміздер қабылданған күн.
-1993ж
ұлттық төл теңгеміз айналымға түсті.
«Болашақ» бағдарламасы қабылданды.
-1995ж
Конституциямыз қабылданды.
-2010
жылы Елбасы Қазақстан өлкесінің барлық
жерін түгел аралап шығуымен қатар шет
мемлекеттерге де барған.
Осының бәрі
ел қамы, ел болашағымен байланысты.
Достық қарым –қатынас жақсы жолға
қойылған. Тынымсыз еңбегі арқасында
Қазақстанды әлем таныды. Түркі әлемінің
ақылгөй данасы атануы, ескерткіш
орнатуы-зор құрмет. Иордания қаласында
бір үлкен даңғылға есімінің берілуі
–әлем алдындағы зор беделі.
- Қазір
тәуелсіздігімізді алдық, біз – бақытты
елміз. Елбасымыздың «2030 бағдарламасы
» бойынша көптеген істер атқарылып
келеді. Қалалар көркейіп келе
жатыр.
Интерактивті
тақтамен жұмыс
-
Елбасының басқа ел басшыларымен түскен
суреттері
Диас
Қазақ
елі желбіреп көк байрағың
Гүлге
оранды ауылың мен аймағың
Нұрсұлтаның
биіктерге бастады
Ол көрсеткен нұрлы
жолдан таймағын
Зарина
Әнге
толсын барлық қала ауыл бар
Қағылсын
бір барабандар, дабылдар
Елбасының
туған күнін ардақтау
Бәріміздің
борышымыз, бауырлар
«Жасырынған әріптер мен сандар» ойыны
Астана-Отанымның жүрегі.
Астанаға
саяхат
Астана-Отанымыздың
жүрегі.
Астананың көркем жерлері
туралы айту
Астана
күні. (Оқушылар пікірін тыңдау)
Болашағы
кемелді, керегесі кең, сән-салтанаты
келіскен әлемде теңдесі жоқ
қала-Астанамызбен, жас қаламызбен
мақтанамыз. Барша әлем назар салған жас
қала
Астананың
көрікті жерлеріне саяхат.
Оқушылардың
өлеңдерін тыңдау.
Осы
бағытпен өркендей берсе жағдаймыз бұдан
да жақсаратынымызға күмән жоқ.
Нұр
аға – қазақ халқының маңдайына біткен
бақ.
Қазақстан Президентінің басқа
мемлекеттер Президенттерімен кездесуі,
достық қарым-қатынастары туралы айту.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев туралы айтылған пікірлер
ЕЛБАСЫНЫҢ
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫ - ХАЛҚЫНЫҢ ҚОЛДАУЫ
2004
жылы Астанада Қазақстан Республикасының
Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.
Онда 100 мыңнан астам экспонаттар бар.
Президент Н.Назарбаевтың жеке мұрағаты
мен кітапханасы мемлекеттер мен
халықаралық ұйымдар басшыларының
тартулары, Елбасының бірегей марапаттар
коллекциясы, жеке заттары, құжаттары
қойылған.
Ш.Айманов атындағы
«Қазақфильм» киностудиясында «Балалық
шағымның аспаны» атты фильм түсірілді.
Бұл кинода Елбасының балалық шағынан
азаматтық жасына дейінгі өмір жолын
қамтиды.
Көркем фильмнен үзінді
көрсету.
Қорытынды:
1.
Тәуелсіз елдің бір мүшесі ретінде сіздер
қандай үлес қосып жүрсіздер?
2. Басшы
адам қандай болу керек?
Ой
қозғау.
Болашаққа
саяхат «Егер де мен Елбасы
болсам…......»
Оқушылардың ой-пікірін
тыңдау.
Аса
мәртебелі құрмет атақтардың бәрі
Елбасының мемлекет басқарудағы
іскерлігіне, әлемде бейбітшілік пен
ынтымақтастықты жақсартудағы зор
еңбегіне, үлкен саясаткерлігіне
көрсетілген құрмет.
Даяна
Қазақстан
– кешегі әз әуен,
Қазақстан – бүгінгі
ғажап үн.
Қазақстан құшқан кеудесін
ғасырлар,
Қазақстан – қастерлі
қазағым
-
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Біз
көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек
халықтың жалғасымыз. Мен жастарға
сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап,
бірлікті
сақтаңдар» деген сөзімен
сабағымызды аяқтаймыз.
Әрқашан елін
сүйер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе
тілектеспін.
Мадақтау
Сабаққа жақсы, белсене қатысқан оқушыларды мадақтау
Желтоқсаннан
бастау алған
теңдігі,
Қазағымның
өркендеді
елдігі.
Құрбан
болған
Тәуелсіздік
жолында,
Ағалардың
ұмытылмас
ерлігі.
4-
оқушы.
Марлен
Бірде
шырқап,
бірде төмен
құлаған,
Өмір
жолы болған
қиын
бұралаң.
Қазағымды
жарқын
жолға
бастады
Елбасы
боп сайланды да Нұр
ағам.
5-
оқушы.
Жадыра
Естімейік
енді елдің
жылағанын,
Қайта
құлап,
бостандық
сұрағанын.
Абылайдың
жолымен алға
басқан,
Құт
болсын «нұрлы
жолы » Нұр
ағаның.
6-
оқушы.
Самат
Биіктей
бер, Нұр
аға,
Қыран
қанат
талмасын.
Қадірлемей
тұра
ма,
Халық
сіздей тұлғасын.
7-
оқушы.
Ринат
Гүлдене
бер, Отаным,
Көтерген
туын Нұр
ағам!
Көбейткен
достың
қатарын,
Нұр
аға
– біздің
ұлы
адам.
8-
оқушы.
Гулжамал
Ел
басқарған
Нұрсұлтандай
ағам
бар,
Көк
алқапты
жасыл жайлау далам бар.
Ел
бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ
ниетті халық
деген данам бар.
Мағжан Жұмабаев — көрнекті жазушы, ақын, публицист. Қаззақ оэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі атанған талантты ақынның есімі кеңес өкіметі тұсында қазақ әдебиеті тарихынан жазықсыз сызылып, оның маржан жырлары идеологиялық қудалауға ұшыраған болатын. Халқының тәуелсіз ел болғанын көруді аңсаған ол, өмірінің аса ауыр сәттерін бастан өткерді. Алайда, тағдыры қиын болғанымен, өміршең жырлары кейінгі ұрпаққа өлмес мұра болып қалған Мағжан Жұмабаев еңбектері туралы кемеңгер жазушымыз кезінде көрегенді ой айтқан еді.
ХХ ғасырдың басы еліміздің рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең болды. Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаевтың ақын болу, қалыптасу кезеңі — ұлттық көзқарастардың оянуы мен қоғамда жаңа жол іздеген дағдару дәуіріне тура келді. Дәл осы тұста Мағжан жалынды жырларымен ұлттың рухын көтерген алаш ұлдарының бірі болды.
Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен ол төрт жасынан хат таниды. Ауыл мұғалімінен сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, бұл білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талапты онша қанағаттандыра қоймайды. Сөйтіп, Мағжан білім жолында іздене түседі.
Жан — жақты білімін жетілдірген Мағжан Жұмабаев бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алып, шығыс ақындарының жырларымен танысады. Сөйтіп өзі де әдебиетпен шұғылдана бастайды. 1912 жылы небәрі 19 жасында Мағжан ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен «Шолпан» атты тұңғыш жинағын жарыққа шығарады. Осыдан тура бір ғасыр бұрын Қазан қаласында басылған өлеңдер жинағында Мағжан жалындаған жасқа тән махабатты емес, ел – жұртының тағдырына алаңдаған әлеуметтік, ауқымы кең мәселелерді көтереді.
Не көрсем де алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім! – деп халқына деген шексіз махаббатын жырлаған Мағжан алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, “Қазақ” газетіне өлеңдерін жариялап тұрған. Ол Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» өлеңінің рухында «Жатыр» деп аталатын жырын жазады. Мағжан 1923-1927 жылдары Мәскеуде оқыған кезде батыс Еуропа әдебиетімен, орыстың жазушы-ақындарымен етене жақын таныс болған.
1924 жылы Мәскеуде Кеңес пролетариат жазушыларының қауымдастығы құрылады. Социалистік реализімді орнату мақсатындағы бұл ұйымның Қазақтанда жүзеге асуына әдебиетте жүрген зиялы қауым өкілдері қарсы болады. Шығармашылық адамының өз ой-пікірін айтуына тосқауыл жасайтын саясатқа келіспеген қайраткерлер қатарында болған Мағжан сол жылы Мәскеуде жүріп «Алқа» ұйымын құруға әрекет жасайды. Қазақ жазушыларының басын ұлтттық бағытқа біріктіріп, Семей, Ташкент, Петропавлда жүрген белсенді қайраткерлерге «Табалдырық» атты жаңа бағдарламаны қолжазба түріндетаратып, өзінің саяси ұстанымын білдірген.
Өкінішке орай, ұлттық мүддені көздейтін құжат жарыққа шықпайды. Бірақ, осы әрекеті үшін 1929 жылы Мағжан Жұмабаев жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалады. Сол кезеңде Мағжанның осы бастамасы қазақ зиялыларына терең ой тастап, қоғамның шынайы болмысын суреттеген туындылар жарық көре бастайды. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Хан Кене» шығармасын жазса, Мағжанның «Жүсіпхан» деп аталатын көркем дүниесі соның айғағы.
Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда Мағжан ұлт — азаттықты поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. 1929 — 1938 жылдар аралығында көркем туындылары тоқырауға түскен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі тек 1936 жылы ғана бостандыққа шығып, Қазақстанға қайтып оралады. Петропавл қаласында мұғалім болып жұмыс істейді. Алайда, оны қалалық оқу ісінің меңгерушісі саяси айыптап, қызметінен босатады. 1937 жылы Алматыға келіп аударма ісімен айналысқан Мағжан Жұмабаев 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
Небәрі 44 жыл ғұмыр кешкен Мағжан Жұмабаев өзі өмірден өтсе де артына өлмес мұрасын қалдырды. Бүгінде Мағжантану ілімі ұлттың рухани-мәдени құндылықтар қатарында. Қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналған ұлы суреткердің шығармашылығын көптеген ғалымдар зерттеп, ғылыми еңбектер, оқулықтар жазды. Филология ғылымдарының докторы, профессор Шериздан Елеукенов, Мағжантану жолында сүбелі еңбек етіп, осы саладағы ізденісі үшін мемлкеттік сыйлыққа ие болған қаламгер. Ол 1988 жылдары Алаш азаматтарын ақтау туралы құжатты әдебиет және өнер институты атынан дайындап, атпал азаматтың халқымен қауышуына мұрындық болған.
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте – бұлт, жерде желмін гулеген,
Жер еркесі – желдің жөнін кім сұрар? –
Мағжан ақындығының құпиясы оның өз тұсының шындығын дәл бейнелуінде ғана емес, өлеңінің сиқырлы күшінде. Ол бірде өмірдің күлкісіндей қуанышты бейнелесе, бірде жылаған, қайғы жұтқан қазақтың ішкі сезімін көрсетеді.
Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңіріп, орыс тілін жетік білген. Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете секілді орыс, батыс ақын-жазушыларының шығармаларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырды. Әдеби туындылармен бірге Мағжанның қаламынан туған оқу құралдары да көпшіліктің қызметіне жарап жатыр. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер әлемдік педагогиканы қазақтың ұлттық ерекшеліктерге сай етіп, бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы оның Ташкентте «Педагогика» атты кітабы және төменгі сыныпқа арналған «Сауатты бол» атты оқулығы жарық көреді.
Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білген Мағжан қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» сияқты бірнеше тамаша поэмалар тудырды.
…Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой, – деп тебіренген ол «Тұран», «Түркістан» арқылы Шығыс әлемін, бүкіл түркі дүниесін мақтан ете жырлайды. Сондықтан, Мағжан Жұмабаевтың түркі жұртының алдында тұлғасы биік ақын. Оның шығармасына байланысты жиындар Түркия мемлекетінде жиі ұйымдастырылып, көптеген өлеңдері түрік тілінде жарық көрген.
Мағжан Жұмабаев ешқандай басшылық қызметтер атқармаған. Сырт бейнесі өте сұлу, келбетті адам болған екен. Сәбит Мұқанов ол туралы: «Мінезі баладай, тілі балдай еді. Адамға қайырымды, кешірімді, қалтқысыз жан еді… » деп жазады. Ақынның алғашқы жарынан Граждан атты баласы болып, кейін ол шетініп кеткен. Ал соңғы қосылған зайыбы Зылиха өмірінің соңына дейін Мағжанмен бірге болып, оның өлеңдерін бастырып, жинаған екен. Сондай-ақ аумалы-төкпелі заманда өзіне қара күйе жаққан жандарға ақынның жаман сөз айтпауы да оның бойында адамшлық қасиеттің биік болғандығын көрсетеді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген