жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Сабақтың тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қ.Р. Празиденті Н. Ә.Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі –өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге- елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: кітаптар,слайттар көрсету, үнтаспа.Біздің Елбасымыз –Н.Ә.Назарбаев
Сабақтың барысы.
Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Мұғалім: оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысыңдар да,ел эканомикасын,ел тарихын,ұлт рухын, халықтың салт –санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар ,мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «....садағаң кетейін, айналайын халқым!Сенің жолыңда бойда қуат , ойда нәр-бәрін аянбай сарп етуге пейілмін»немесе « Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ» ,- деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын , елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын , қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің керек деп ойлаймын.
«Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қойылады.
-Біздің президентіміз кім?
-Н.Ә.Назарбаев
-Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылы өтті?
-1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалақтық сайлауда
98,7% дауыспен Н.Ә.Назарбаев сайланды.
-Соңғы сайлау қай жылы өтті?
-2011жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5процент дауыс алып ,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта
сайланды.
-Н.Ә.Назарбаев өмір жолдары туралы не білеміз?/ойымызды ортаға салып көрелік/
1-оқушы.1995жылдаң 29 сәуірінде жалпы
халықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республликасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін
ұзартылды.
1999 жылдың 10 қаңтарында
өткен баламалы сайлаудың нәтижесіде Н.Назарбаев 79,78 процент дауыс
алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005
жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып,
Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта
сайланды.
2-
оқушы:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы
Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде
айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал
бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек
теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай , өсірген аз –маз өнімдерін
сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбаман жақын
маңдағы теміржол станциясына бару дегенің керемет мереке саналған.
Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет
тұтты.
3-оқушы:
Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,
Бейнеңді көрсем беймезгіл кейде қабағымды ашам түнерген.
Сүйеміз сені, санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,
Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен
жіберген.
4-
оқушы:
Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,
Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде.
Қалам тербесек жүрек берді есепбасынан өткен
жылдарға,
5-оқушы:Ол ерте сөйледі, орта
мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды
металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста
біраз еңбек еткеннен кейін бір топ Қазақстандықтарман Украинаның
Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын
меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісінің жұмыстарын
атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне
көтерілді.
6-
оқушы: Сол жылдары оның басшылық
қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық
көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық
комбинатында парткомхатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық
және республикалық партия ұйылдарында эканомикалық салада жауап
беретін хатшы болды.
7-
оқушы:Ол Қазақстан үкіметін
басқарғанда 44 жаста бюолды. Осылайша оның саяси өмірбаяны
басталды.
8-
оқушы:1991 жылы 1-желтоқсанда
республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
Президент етіп сайлады.
9-
оқушы: Елбасы үлкен саясаткер
болумен қатар жан –жақты дамыған тұлға, барлық қазақ азаматтары
сияқты жылқыны жақсы көрді.Сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін
адам.Ол кісінің « Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар.Бұл
әндердің сөзі Н.Әбішұлынікі екенін біз мақтанышпен
айтамыз.
«Үшқоңыр» әнін
тыңдау.
10-
оқушы:Астана –ҚР-ның саяси ,
әкімшілік жіне мәдени орталығы. Елбасы –Н.Назарбаевтың жарлығына
сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың
басшы орындары Президент кеңесі, ҚР-ныңҮкіметі және Парламент көшіп
келді. Елліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге
асырылады.
11-
оқушы:Кезінде Н.Ә.Назарбаев: « Егер
келешекте қолымнан әс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген
халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,-деп
армандаған болатын. Жасыратыны жоқ , бүгінде асқақ арманы
орындалды.Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын ,
қазынасы мол жерін , дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы
біледі.
12-
оқушы:1998 жылы 10-маусымда жаңа
астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң
жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.
Көтереді шаңырық Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін.
Қорытынды.
Біздің президентіміз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару
ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқаған ел-еі бай
мемлекет, халқы ең бай халық.Тәуелсіздігімізді алғанан соң халықтың
басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды.Елбасының
бастауымен Отанымызды әлемге танылды.Елім елдігін көрсетті, ерлігін
танытты.Қазақ халқы егемендігін алып ,Тәуелсіздікке қол жеткізгенде
өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған
екен.Бірақ ар-намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы
нұрлы күндерге жеткізді.
Ән: «Жаса Қазақстан».
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген