400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы атты»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 1 желтоқсан тұңғыш – Президент күніне орай №16 «Ертегі» балабақшасының №4 ортаңғы «Ертөстік» тобының бүлдіршіндерімен «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы атты» мерекелік кеш өткіздім.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам. 1 желтоқсан тұңғыш – Президент күніне орай №16 «Ертегі» балабақшасының №4 ортаңғы «Ертөстік» тобының бүлдіршіндерімен «Елін сүйген, Елі сүйген Елбасы атты» мерекелік кеш өткіздім. Мұндағы мақсатым: Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Бала жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу болып саналады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.

«Атаның баласы болма,

Адамның баласы бол» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасаты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат басына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанышы да, мақтанышы да! Қазақ халқының қаншама жылдар, ғасырлар бойы ұлы арманы- тәуелсіздікке ХХІ ғасыр соңында қантөгіссіз, дау-жанжалсыз қол жеткізгені әлемге аян. Айналадағы өзге мемлекеттерге кешегі бауырлас демінен одақтас республикадағы соғыстар, қантөгістер күні бүгінге дейін жалғасып отыр. Өзін өз ұлтына барлық Қазақстандарға ақыл-парасытымен, білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлы халықаралық деңгейіндегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз. «Тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма» деп сонау 1997 жылы Астанаға мемлекетіміздің басқала мәртебесін беруінің қандай ұжымды болғандығын айту жеткіліксіз емес пе? Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ, біздер де ертеңемізді Елбасымыздың, оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз. Еліміздің ауыр да сынағы мол жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең жарқын жылдар болмақ. Мен осынау Елбасы туралы ойымды Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен аяқтамақпын.

«Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқып соғар желдер бар. Белде талар, желде беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек жас ұрпақ!!!»

Қазақтың өрге тартты Нұрсұлтаны,

Жарқырап, атсын жайнап әрбір таңы.

Дамыған елу елге қосылам деп,

Ерен ер алға қарай бір шырқады.


Қазаққа Тәңір берген барлығын да,

Кең байтақ даланы да, таң нұрын да,

Ақылман Нұрсұлтандай нар ұлын да!..


Қазақпенен әрқашан мақтанамын,

Қазағым: «Аттан!» десе аттанамын.

Нұрсұлтаны бар елдің арманы жоқ,

Ойыма алған сайын шаттанамын.


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №16 «Ертегі» балабақшасының ортаңғы тобының тәрбиешісі Елубаева Асемгул Дүйсенғалиқызы



Picture 1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
23 қаңтар
250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі