жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Елін суйген Елбасы"
Білім беру саласы: «Коммуникация», «шығырмашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сөйлеуді дамыту», «Сурет салу»
Тақырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Мақсаты: Елбасымыздың туып өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңі туралы мағлумат беру. Президентіміздің ұстанымы мен, өмір жолын үлгі етіп, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге үйрету. Батылдыққа, азаматтыққа, патриотыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, үйрету
Көрнекі құралдар: Елбасымыздың және еліміздің әдемі қалаларының суреттері, слайд,
|
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық озғаушы |
Шаттық шеңбері: Отаным менің кең байтақ, Жайнаған сансыз қаласы. Ел-Отан біздің кең-байтақ Отанның біздер баласы. Үлкенге де сіз, кішіге де сіз. Барша жанды қүрметтеп, бас иеміз біз! |
Балалар Отанға, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
-Жарайсындар, балалар! Мен сендерге бірнеше сұрақтар қоямын -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар және аттарын атау. -Күз мезгілінен кейін, қай мезгіл келетінін білесіңдер ме? -Дұрыс айтасыңдар, қыс мезгілі келеді екен. -Қыс мезгілінің ең алғаш қүні үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады. -1 желтоқсан күні президент күні деп атайды. Сендер Елбасымыздың кім екенін білесіңдер ме? -Ал, балалар, көгілдір әкранға назар аударайық. -Балалар, бұл кім? -Жарайсыңдар, балалар, ендеше бүгін еліміздің алғаш Президенті, елін сүйген, ел сүйген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады. Н. Ә. Назарбаев 6 шілдеде 1940 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданында дүниге келген. -Ал, балалар, елімізге ғаламшардан қонақ келген сияқты. Мынау кім болды екен? Томпақ: -Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен ғаламшардан келдім менің атым Томпақ. Мен сендердің елдерің туралы білгім келеді. -Сәлеметсіз бе, Томпақ! Келгеніңіз қандай жақсы болды.Бүгін бізде мереке, біздің еліміздің Президент күні. Томпақ: -Мерекелеріңіз құтты болсын! -Балалар, Томпаққа еліміз туралы айтпас бұрын, өз тобымыз туралы айтып өтейік. 1-топ: «Астана» тобы. «Астана» тобының балалары, өз Астана қаласы туралы таныстырып өтеді 2-топ: «Алматы» тобы. «Алматы» тобының балалары, Алматы қаласы туралы таныстырып өтеді 3-топ: «Ақтау» тобы. Томпақ: Жарайсыңдар балалар! Қазақстан қалаларын біледі екенсіңдер, енді менің сендерге қояр сұрақтарым бар? -Балалар, Отанымыз қалай аталады? -Президенттеріңіз кім? -Президентіңіз туралы не білесіздер? -Өте тамаша! Енді балалар Елбасына, Отанға арналған тақпақтар білесіндер ме? -Жарайсындар, балалар! Орнымыздан тұрып бір серігіп алайық. Сергіту сәті. -Көрдіңбе Томпақ, біздің балалар Отаны, өз елінің Президенті туралы барлығын біледі, енді балалар, қазақтың салт-дәстүрі бойынша келген қонақты құр жібермейік. Томпаққа өз қолдарымыз бен естелік жасап берейік. «Астана»тобы: Салынған киіз үйдің ою өрнектерін жапсырады. «Алматы» тобы: Ақ «Ақтау» тобының балалары Трапарептен пайдаланып, шашырату әдісі арқылы қазақтың оюын жасайды. Томпақ: -Рахмет балалар, мен қатты қуанып тұрмын сендердің берген сыйлықтарыңды өз ғаламшарыма алып кетемін. Сау болыңыздар |
Балалардың сұрақтарға жауаптары тыңдалды. Күз мезгілінен кейін қыс мезгілі келеді. -Иә, білеміз. Көгілдір экранға назар аударады. Нұрсуұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәрбиешіні тыңдайды. -Мынау Томпақ Томпақпен амандасады -Рахмет Томпақ. Астана ҚРсынының бас қаласы ҚРсының Презизенттік мәдени орталығы,«Думан» ойын-сауық орталығы бар -Алматы Қазақстанның әдмі қалаларының бірі. медеу мұз айдыны, көктөбе ойын сауықтары, театрлар мен мұражай және апорт алмасы бар. -Ақтау – Қазақстанның ең әдемі, жас қаласы. Ақтауда көптеген киенотеатрлар, «Ақтау», «Ардагер», «Байтерек» ойын сауық кешендері және каспий теңізі бар. Томпақтың сұрақтарына жауап береді Балалар Отанға, Елбасына арналған тақпақтарын айтып береді Музика әуеніне сай қимыл жасайды. Ою-өрнектерді жапсырады. Шашырату әдісін қалдпанып, қазақтың оюын жасайды Балалар сыйлықтарын жапсырады. Томпақпен қоштасады |
|
Рефлекциялық –ізденістік
|
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетті сұрақ-жауап арқылы қорытындылау. Томпақтың тапсырмаларына жақсы, белсене қатысқан балаларды мадақтау |
Балалардың сұрақтарға жауаптары. |
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Балалар өз елін, Отанын, Елбасын
Игеруі Керек: Отанға, Елбасына арнап Тақпақ мақал-мәтел айта алуы
Меңгерді: Томпаққа арнап, әр топ тапсырмалар орындап сыйға тарту
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген