Материалдар / Еліне сөзі ем болған

Еліне сөзі ем болған

Материал туралы қысқаша түсінік
Төле бидің 360 жылдығына орай өткізілген мүшайра туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қаңтар 2024
118
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Еліне сөзі ем болған

Бүгін мектебімізде «Ұрпаққа аманат» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына 360 жыл толуына орай 7-10 сыныптар аралығында мектепішілік ақындар мүшәйрасы болып өтті.Мүшайра кемеңгер тұлғаның өнегелі өмірі,төбе бидің шешендік сөздерін насихаттау және оқушылардың шығармашылығын дамыту,мәнерлеп оқу дағдысын арттыру мақсатында өтті.

Мүшайрада «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі,Ұлы жүздің төбе биі,дана Төле би туралы баяндама оқылып,бейнебаян көрсетілді.Қазақ тарихында орны ерекше тарихи тұлғаның шешендік сөздері мен нақыл (афоризм) сөздері жатқа айтылып,оқушылар жыр-шумақтарын арнады.

Мектебіміздің 10- сынып оқушысы Рахматуллаева Аида- ақындық қабілетімен ерекшеленген озат оқушымыз. Аида бүгін де өзінің арнауын тарту етті.

Үш жүз, бір Қазақ!



Қазағымның аспаны ашық, жері кең,

Қазақ жері өзгелерден керім ең!

Қазақ елі қазынаға бай халық,

Көркем сөзі тарихына берер рең.



Батырлыққа бала күннен бел буған,

Ата-баба аруағын тең қылған.

Хан басына ақыл берер даналар,

Билер болған, елдің қолын жең қылған.



Төле биім-төрелікті аңсаған,

Қазыбектің қара даусы, жар салған.

Әйтекедей кенжеде болса төрелік,

Әділдікті алға қойып, жан салған.



Төреліктің төрін алған Төле би,

Қазыбектің айтқан сөзі өлеңдей

Әйтеке би әділдікті ұрандап,

Кіші жүздің шамшырағы дегендей.



Үш жүзімнің басын қосқан Бір Қазақ,

Өзге тілдер тілді кетер көп қажап.

Ана тілің тұрған кезде, Нық сөйле,

Ана тілді құрметтеуде бір ғажап.



Шешендері сөз бермеген Қазақта,

Мына күйім ей, шынымен азаппа?

Қазақ тілін құрметтеген ұлылар,

Келер ұрпақ күн көрсін деп ғажапта!.

Пошанова А. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

« №34 Бірлік ЖББМ» кмм

Мақтаарал ауданы

Түркістан облысы


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ