15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула. Органогенез"
Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: «Эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула. Органогенез»
|
Бөлім: |
8.4В Өсу және даму |
|
Педагогтің аты-жөні: |
Аязбаева Сания Кенжешовна |
|
Күні: |
21.04.2023ж |
|
Сыныбы: |
Қатысушылар саны:7 Қатыспағандар саны:1 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула. Органогенез
|
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.2.3.1 – эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау 8.2.3.2 – әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттау |
|
Сабақтың
мақсаты: |
|
|
Бағалау критерийлері |
|
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану, жоғары деңгей дағдылары |
Сабақтың барысы:
|
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
|
Сабақтың басы Зейін шоғырландыру 3 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау. 2.Зейін шоғырландыруға арналған жаттығу Мақсаты: Оқушылардың ойын жинақтап, зейінін сабаққа шоғырландыруға, есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. |
Мұғаліммен сәлемдеседі Зейін шоғырландыруға арналған жаттығуды жасайды |
Жарайсыңдар!!! |
АКТ |
|
|
8 мин.
Жаңа сабаққа кіріспе 3 мин. |
(Ұ) «Сұрақ-жауап» әдісі үй тапсырмасын қорытындылау. Мұғалім үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қояды
"Ми шабуылы" (brainstorming) кезеңінде «4 сурет 1 сөз» әдісі бойынша жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Оқушылармен бірлесе отырып, сабаққа мақсат қою. Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарымен таныстыру.
БББ кестесінің Білемін, Білгім келеді бағандарын толтыруға нұсқау беру.
Сынып оқушыларын QR-код арқылы топқа бөлу;
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар экрандағы суреттердің арасындағы байланысты анықтап, сабақ тақырыбын ашады. Сабаққа мақсат қояды БББ кестесінің Білемін, Білгім келеді бағандарын толтырады. QR – кодты сканерлеу арқылы «Эмбриогенез», «Органогенез» топтарына бөлінеді |
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру, барлық сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға 1-2 баллмен бағалау. KaspiGold бағалау карточкасы Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. |
KaspiGold бағалау карточкасы АКТ БББ кестесі QR - код |
|
|
Сабақтың ортасы Мағынаны тану 13 мин. |
«Кинометафора» әдісі бойынша жаңа сабаққа байланысты бейнекөрсетілім көрсету. Сұрақтар:
Топтық жұмыс І топ – «Эмбриогенез» ІІ топ –« Органогенез» Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтіні және қосымша ақпаратпен жұмыс жасауға нұсқау беру 1-топ: эмбрионалдық даму кезеңдері: бластула, гаструла, нейрула 2-топ: Ұлпалар мен мүшелердің қалыптасуы. Органогенез |
Оқушылар бейнекөрсетілімді көріп, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап береді. Оқушылар оқулықтағы және қосымша ақпаратпен танысып, топта талқылап, тақырыптың мазмұнын ашып, талдайды. 1-топ Эмбриогенез кезеңдерін магнитті плакаттар арқылы түсіндіріп, талдайды; 2-топ Ұрық жапырақшаларынан ұлпалар мен мүшелердің қалыптасуын муляж және мүшелер атауы жазылған таяқшалы карточкаларды пайдаланып түсіндіреді |
Ауызша мадақтау, Жарайсыңдар! Дескриптор: Жалпы -3 балл І топ үшін: 1.эмбриогенез ұғымына түсінік береді; 2. Ұрықтың даму кезеңдерін ажыратып, атайды; 3. Ұрықтың даму кезеңдерін сипаттайды; ІІ топ үшін: 1.Ұрық жапырақшаларын атайды; 2.Ұрық жапырақшаларынан ұлпалардың түзілуін түсіндіреді; 3.Ұрық жапырақшаларынан мүшелердің түзілуін сипаттайды; Әр топ өзара бағалау жүргізеді. 1-3 балл бойынша жұмысқа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады Тиімділігі: бір бірінің жұмысына баға беруге дағдыланады. |
АКТ Оқулық, постер, маркер, стикер, адамның торфы, бластула, гаструла, нейрула кезеңдерінің модельдері, мүшелердің суреттері бар таяқшалар; KaspiGold бағалау карточкасы |
|
|
13 мин. |
Оқушылардың ойлау дағдыларының деңгейлерін дамытуға арналған деңгейлік тапсырмалар мен функционалдық сауаттылық тапсырмасын орындату. «Таяқша» әдісі бойынша оқушыларды жұпқа бөлу Жұптық жұмыс №1 қосымша Жеке жұмыс №2 қосымша «Шыбын ұрғыш» әдісі Термин сөздермен жұмыс Жеке жұмыс №3 қосымша Семантикалық карта Жеке жұмыс ФС тапсырмасы |
Таяқшалар арқылы жұпқа бөлінеді 1-қосымша «Тарсия», «Домино» 2-қосымша «Шыбын ұрғыш» әдісі Онтогенез Эмбриогенез Гистогенез Органогенез Бластула Ерте гаструла Соңғы гаструла Нейрула Эктодерма Энтодерма Мезодерма №3 қосымша Семантикалық карта №4 қосымша |
Өзара бағалау жүргізіледі. Дұрыс орындаған жұптағы оқушыларға 1 балдан беріледі. Тиімділігі: Тапсырманы тиянақты орындап, жақсы балл алуға тырысады. Өзара бағалау жүргізуге үйренеді Ауызша мадақтау «Жарайсың!», «Тамаша», «Өте жақсы» Дұрыс орындаған оқушыға 1 балл беріледі. Өзін-өзі бағалау жүргізіледі Дұрыс орындаған оқушыға 1 балл беріледі Тиімділігі: Оқушы өзінің жұмысын бағалауға дағдыланады. Мұғалімнің бағалауы. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыға 2 балл беріледі |
Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған 03.11.2023 354
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз "Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі | |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген