Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Эмоция әлемі"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Педагог-психологы Габдуллина Карагоз Мейрмановна
Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы
Тақырыбы: "Эмоция әлемі"
Мақсаты: Балалардың көңіл-күйін көтеру, жағымды эмоцияларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Бір –біріне достық қарым- қатынас, көңіл бөлу және қамқорлық жасауға тәрбиелеу,
Білімділік Балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдепті болуға, өз көңіл-күйін игере білуге, дұрыс бағалауға тәрбиелеу.
Дамыту: Баланың эмоция және сезім аймағын дамыту.Балалардың танымдық үрдістерін дамыту. Қызықты тапсырмалар орындау арқылы тапқырлық қасиеттерін, сөздік қорларын және ой-өрістерін дамыту.
Көрнекіліктер: Көңіл-күй бейнеленген
смайлктар.Интерактивті тақта,слайд. Қажетті тақырыпқа сай
суреттер.
Әдіс –
тәсілдер: Әңгімелесу, ойын, сұрақ –
жауап, мадақтау, қорытындылау.
Іс-әрекеттер кезеңі |
Психологтың іс-әрекеттері |
Балалардың іс -әрекеттері |
Мотивациялық қозғаушы |
Барысы: Балалар топқа музыка әуенімен кіреді. -Салематсыңдар ма балалар? Бүгін бізде ерекше күн бүгінгі біздің «Эмоция әлемі» тренинг сабағымызға қонақтар келіп отыр Кане балалар қонақтармен амандасайық. Армысыз, қайрымды Аспан-Ата, Армысыз, мейрімді Жер-Ана, Армысыз, Шұғылалы Нұрлы Күн, Армысыз , бала-бақша дос-жоран, Армысыздар , құрметті апайлар. Шаттық шеңбері Балалар, шеңбер құрып тұра қалайық. Біздің шаттық шеңберіміз қандай керемет! Ол жай шеңбер емес, сиқыры бар шеңбер. Осы шеңбердің сиқырлы болуы сіздерге байланысты. Балалар, күлімдеп тұрған баланың суретін көргенде бір-бірімізге қарап күлімдейміз. Алақанның суретін көргенде бір-бірімізбен қол алысамыз. Күннің суретін көргенде бір-біріміздің басымыздан сипаймыз. Шеңберде тұрған балалардың суретін көргенде бір-бірімізді құшақтаймыз. Жүректің суретін көргенде бір-бірімізге жақсы тілек айтамыз. |
|
Ізденуші-ұйымдастырушы |
Балалар мен сендерді күнде балабақшада қөргенде қуанамын. Мен бәріңді жақсы қөремін. Ал сендер бір- біріңді көргенде куанасыңдарма? Балалар мен сендерді саяхатқа «Эмоция әлеміне» шақырамын. Ол үшін барлығымыз көзімізді жұмып, менің дауысымды ғана тындайық . Дайынсыңдарма 1,2,3,4,5 Енді, көздеріңді ашуға болады. Балалар біз « Эмоция әлеміне» келдік. Қаншама сүреттер, ашып көріп алайық 1-сурет. Көңілсіз бауырсак жылап тұр. Балалар сендер калай ойлайсындар неге ол жылап тұр 2- сурет Ашулы. Балалар сендер кайдан білдіндер ол ашулы екенін Балалар сендер ашуланасыңдар ма? Қашан? 3-сурет Көңілді. Балалар калай ойлайсындар суреттегі бауырсақ неге көңілді 4-Ренішті ренжіп тұр. 5-Корқып түр. Бауырсак не көрді соншама ол неге коркып тұр? Балалар сендер неден қорқасындар?
Ойын: Менің көңілім. Балалар бейнелеп көрсетеді. 1.Көбелекке ұқсап ұшыңдар, 2. Бақа сияқты секіріңдер 3. Кішкентай бала сияқты жүріңдер, 4. Итті көрген мысыққа ұқсап жымиыңдар 5. Тасбақа сияқты жүріңдер Ойын: «Кім жылдам?»(Ауа, жер, су) Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Психологтың қолында доп. -Қазір біз бір-бірімізге доп лақтырамыз. Доп лақтырған адам «ауа», «жер», «су» деп айтады. Ал допты алған адам «ауа» деген сөзді естігенде- ауада құстардың аттарын, көбелек, ұшақ- деп жауап беру керек. «Жер» дегенде- жерде не жүретіндерін айтады, «Су» дегенде – балықтардың аттарын айтады (акула, кит, шортан, кеме т.б) жауап беру керек. Жарайсыңдар, балалар енді бізге балабақшаға қайту керек, Көзімізді жұмып, менің дауысымды ғана тындаңдар Дайынсындарма 1,2,3,4,5. Енді, көздерінді ашуға болады Біз балабақшадамыз, іс-әрекетімізды әрі қарай жалғастыра берейік Ал енді балалар қарандаршы үстелдін үстінде қаншама суреттер. Қиылган сол суреттерді жинастырайық Жарайсындар,ал мен ұмытып кеттім ғой біздің «Еркетай» балабақшасына хат келгенді оқыйынба? Құрметті балалар біз ертегі саяхаттан сендерге хат жазып отырмыз. Балалар сендер бізге екі түрлі сурет, біреуі көңілді, екіншісі қөнілсіз суретін салып, конвертке жіберіңіздерші. Рахмет Балалар сурет салып береміз бе? Сурет салады. Тамаша, балалар ал енді суреттеріңді қолдарына алып оны қонақтармен бірге көріп алайық Диана не салдың? Сенің салған суретің көңілді ме, әлде көңілсіз бе? Жарайсыңдар балалар суреттерді жақсы салыпсыңдар, осы суретерді біз ертегі саяхатка жібереміз |
Балалар көздерін жұм дегенде жұмады.
-Көңілді.
- Ренжіп тұр.
-Корқып түр.
|
Рефлексивтік түзетуші |
Балалар, біз бүгін кайда барып келдік Сендер бүгін Эмоция әлеміне саяхатына бардыңдар, онда кандай суреттерді көрдіңдер? Көңілді, көңілсіз, ашулы, ренішті, қорқып тұрған бауырсақты көрдік Жарайсынңар балалар осымен біздің бүгінгі «Эмоция әлеміне» саяхатымыз аяқталды. Сабаққа жақсы қатысып, ойын ойнап, тапсырмаларды орындап, жақсы айткандарың үшін сендерге балалар рахмет. -Ал,енді қонақтармен қоштасайық. -Сау болыңыздар! |
-Эмоция әлеміне
Иә, ұнады. |
Күтілетін нәтижелер:
Білу керек: Балалар мейірімділікті, достықты, адамгершілікті, әдепті болуды, өз көңіл-күйін игере білу керек
Үйрену керек: Ойын шарты бойынша ойнап үйрену керек.