Эмпатия феноменінің теориялық негіздері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Эмпатия феноменінің теориялық негіздері

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада эмпатия феноменінің теориялық негіздері қарастырылады. Эмпатия адамның басқа адамдардың сезімдері мен ойларын түсіну, бөлісу және оларға жауап беру қабілетін сипаттайтын күрделі психологиялық құбылыс ретінде сипатталады. Эмпатияның формалары, арналық құрылымы мен даму деңгейлері, сондай-ақ когнитивтік, эмоционалды және мінез-құлықтық компоненттерінің өзара байланысы талданады. Эмпатияның формалары мен деңгейлерін қарастыру тұлғаның әлеуметтік қарым-қатынасындағы тиімділігін арттыруға және эмоционалды интеллектіні дамытуға ықпал етеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұратбек К.С., Болтаева А.М.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


ЭМПАТИЯ ФЕНОМЕНІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Қазіргі психологияда эмоциялар мен әлеуметтік қарым-қатынастың зерттелуі ерекше маңызды. Солардың ішінде эмпатия феномені адамның басқа адамдардың сезімдері мен эмоцияларын түсіну, бөлісу және оларға жауап беру қабілетін сипаттайтын негізгі ұғым болып табылады. Эмпатия тек эмоцияға негізделген сезім емес, сонымен бірге когнитивтік және аффективтік компоненттердің өзара әрекеттесуіне негізделген күрделі психологиялық процесс.

«Эмпатия» сөзі гректің «empateia» — «сезіне білу», «бірге уайымдау» деген сөзінен шыққан және психологияда басқа адамның сезімдерін түсініп, оның эмоционалды жағдайына іштей түсіну ретінде қарастырылады. Бұл ұғым психологияға өткен ғасырдың басында енді [1].

Эмпатия ұғымы түрлі реңктерге ие. Зерттеушілер эмпатияның бірнеше негізгі түрін ажыратады:

  1. басқа адамның сезімдері мен қажеттіліктерін түсіну ретіндегі эмпатия;

  2. оқиғаға, өнер туындысына немесе табиғатқа сезіне ену ретіндегі эмпатия;

  3. басқалармен аффективтік байланыс, яғни басқа адаммен немесе топпен күйзелісті бөлісу ретіндегі эмпатия;

  4. психотерапевттің кәсіби қасиеті ретіндегі эмпатия.

Алғашқы үш анықтамада эмпатия үдеріс ретінде қарастырылса, төртіншісінде қасиет ретінде түсіндіріледі [2].

Зерттеушілер эмпатияның белгілі бір формалары мен түрлерін бөліп қарастырады. Көптеген ғалымдар эмпатияны формалары бойынша қарапайым, күрделі және жоғарғы деңгейге бөледі. Қарапайым формасы – «жұғу». Бұл форма адамның басқа адамның эмоциясын тікелей және еріксіз қайталауын білдіреді. «Жұғу» көп жаңдайда көпшілік жиналған жерлерде, концерт залында секілді қоғамдық орындарда байқалады. Жұғу – бұл индивидтің белгілі бір психикалық күйге бейсаналық, еріксіз берілуі. Бұл эмпатия формасының ерекшелігі – жұғу оң да, теріс те болуы мүмкін. Күрделі форма басқа адамның жағдайына байланысты сезімдер. Шынайы өмірде немесе кино, спектакльді қарау кезінде адам оқиғаларды бақылап, оқиғаның қатысушыларының сезімдерін еріксіз қабылдайды. Мұндай эмпатия қоршаған ортаға гумандық көзқарасты дамытуға және өмірлік тәжірибе жинауға көмектеседі. Жоғарғы форма – адамның сезімдеріне ортақ болу мен аяушылық. Ортақ болу немесе аяушылық – басқа адамның сезімдеріне жауап беру, бірге қуанып, бірге қайғыра алу қабілеті., басқа адам сезіп отырған сезімді қабылдап, сол ауыртпалықты өзінде сезіну мүмкіндігі. Жоғарғы форма – әрекетке бағытталған эмпатия, ол адамның моральдық қасиетін көрсетеді және тек сезімдеріне ортақ болу немесе аяушылыққа қана емес, сондай-ақ күрделі жағдайдан шығу жолдарын бірге іздеуге мүмкіндік береді. Басқа адамның теріс эмоциялары (қайғы, мұң) оң эмоцияларға қарағанда эмпатияны тез оятады.

Эмпатияның құрылымын сипаттайтын ең кең таралған көзқарастардың бірі оны бірнеше өзара байланысқан арналар арқылы қарастырады: рационалды, эмоционалды және интуитивті. Рационалды арна – субъектінің назарын, қабылдауын және ойлауын басқа адамның күйіне, мәселелеріне, мінез-құлқына бағытталуы. Бұл әңгімелесушінің эмоционалды және интуитивті көрінісіне еріксіз қызығушылық болып табылады. Эмоционалды арна – эмпатия субъектісінің қоршаған адамдармен эмоционалды резонансқа түсу қабілеті, яғни сезімдеріне ортақ болуы. Бұл жағдайда эмоционалды сезім әңгімелесушінің энергетикалық өрісіне ену құралы болады. Оның ішкі әлемін түсіну, мінез-құлқын болжау және тиімді әсер ету тек энергетикалық үйлесім болғанда мүмкін болады. Интуитивті арна – әңгімелесушіні өз тәжірибесіне сүйене отырып сезінуге мүмкіндік береді, бұл тәжірибе бейсаналықта сақталған.

Сондай-ақ, эмпатияның көрінісі оның даму деңгейіне де байланысты. Эмпатиялық қабілеттің бес деңгейі ажыратылады: өте жоғары, жоғары, қалыпты, төмен және өте төмен. Өте жоғары деңгей – адам басқа адамдардың проблемаларын өте сезімтал қабылдайды, қарым-қатынаста адамдардың көңіл-күйін сөзсіз таниды. Мұндай адамдар эмоционалды ауыр адамдармен бірге болғанда өздерін жайсыз сезінеді. Жоғары деңгей – қоршаған адамдардың қажеттіліктері мен мәселелеріне сезімтал, жомарт, кешірімді, адамдарға шынайы қызығушылықпен қарайды. Қалыпты деңгей – көп адамдарға тән, эмоционалды көріністерді сезеді, бірақ олар көбінесе өзін-өзі бақылаумен шектелген. Қарым-қатынаста мұқият, бірақ оған қатты әсер еткен жағдайда шыдамдылық жоғалуы мүмкін. Төмен деңгей – адамдармен байланыс орнатуда қиындықтары бар, үлкен компанияда өздерін жайсыз сезінеді, айналасындағы әрекеттерді кейде түсініксіз немесе мәнсіз деп санайды. Өте төмен деңгей – эмпатиясы дамымаған адам, әдетте өздігінен сөйлесуді бастау, адамдармен байланыс орнату, әсіресе балалармен немесе үлкен адамдармен қарым-қатынас жасау қиын. Мұндай адамдар жиі қоршаған адамдармен түсініспеушілікке ұшырайды [3].

Эмпатия арналарын адамның эмпатиялық қабілетін көрсету тәсілдері ретінде қарастыруға болады, ал эмпатия деңгейлері бұл қабілеттің қарқындылығы мен тереңдігін сипаттайды.

Қазіргі психологиялық әдебиеттерде әдетте эмпатияның үш негізгі компоненті қарастырылады: когнитивтік, эмоционалды және мінез-құлықтық. Когнитивті компонент – бұл басқа адамның ішкі жағдайын, ойы мен сезімін ақыл-ой тұрғысынан түсіну қабілеті. Эмоционалды компонент – өзгенің сезімдерін қабылдап, оған эмоционалды түрде жауап беру мүмкіндігі. Ал мінез-құлықтық компонент – адамның жағдайын түсіну мен сезінудің іс-әрекет арқылы көрініс табуы, яғни адамға қолдау көрсету, көмектесу немесе жылы сөз айту түрінде байқалуы. Дегенмен, басқа зерттеулерде эмпатияның мынадай түрлері де бөлініп көрсетілген:

Когнитивтік эмпатия — басқа адамның эмоционалды жағдайын түсіну қабілеті;

Предиктивті эмпатия — басқа адамның белгілі бір жағдайда қалай әрекет ететінін, эмоциялық реакциясын болжай алу қабілеті;

Рефлексивтік эмпатия — адамның қорғаныс механизмдері арқылы бұрмаланған мінез-құлқын, әрекеттерін ескере отырып, оның шынайы ішкі күйін түсіну қабілеті;

Эмоционалды эмпатия — басқа адамдармен эмоционалды байланыс, олардың сезімдеріне терең ену, бірге сезіну қабілеті;

Бағалаушы эмпатия — бір адамның басқа адамның әрекеттерін, сөздерін және тұлғалық қасиеттерін моральдық тұрғыдан бағалай алу қабілеті;

Мінез-құлықтық (әрекетке бағытталған) эмпатия — эмоционалды қатысу негізінде басқа адамға көмек көрсету қабілеті [1].

Эмпатия деңгейлері когнитивтік, эмоционалды және мінез-құлықтық компоненттердің іске асуымен тығыз байланысты. Мысалы, жоғары деңгейдегі эмпатия когнитивтік компонент арқылы басқа адамның жағдайын түсінуге, эмоционалды компонент арқылы сезімдеріне ортақ болуға, мінез-құлықтық компонент арқылы нақты қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Осылайша, деңгейлер компоненттердің қарқындылығы мен сапасын көрсетеді және эмпатияның кешенді құрылымын анықтайды.

Эмпатия қарым-қатынас жағдайын қабылдау мен оның барысына маңызды рөл атқарады, өйткені ол, ең алдымен:

1. Тұлғаның қабілеті немесе қасиеті (бұл жағдайда эмпатия адамға тән сипаттама ретінде қарастырылады);

2. Психикалық процесс, ол адамның басқа адамның сезімдерін түсініп, қабылдауына мүмкіндік береді (яғни, эмпатия таным механизмі ретінде қарастырылады);

3. Адам әрекеті, ол басқа адаммен қарым-қатынасты ерекше тәсілмен құруға мүмкіндік береді (эмпатия басқа адамға бағытталған ерекше назар ретінде көрініс табады) [3].

Жалпы, эмпатия кешенді психологиялық феномен. Ол адамның басқалардың эмоцияларын түсінуіне, олардың жағдайына бейімделуіне және нақты іс-әрекеттер арқылы қолдау көрсетуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, эмпатияның формалары мен деңгейлерін ескеру тұлғаның әлеуметтік қарым-қатынастағы тиімділігін және эмоционалды интеллектін дамытудың негізі болып табылады.

Эмпатияны зерттеу тұлғаның әлеуметтік және эмоционалды дамуының маңызды факторларының бірі. Эмпатияның құрылымын, формаларын және деңгейлерін ескеру арқылы психологтар, педагогтар және әлеуметтік қызметкерлер адамдармен қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыра алады, сондай-ақ жеке тұлғаның эмоционалды дамуын қолдай алады.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Кузьмина, В. П. (2007). Теоретический аспект исследования эмпатии как актуальная проблема современной психологии. Вестник Вятского государственного университета, (17), 107-112.

  2. Горбатова, Е.А. (2014). Эмпатия: психологическая структура и механизмы реализации. Учёные записки Санкт-Петербургского государственного института психологии и социальной работы, (1), 23–29.

  3. Гончарова Е.В. (2021). ЭМПАТИЯ ЛИЧНОСТИ И ЕЕ РОЛЬ В ВОЗНИКНОВЕНИИ СИТУАЦИЙ ЗАТРУДНЕННОГО И НЕЗАТРУДНЕННОГО ОБЩЕНИЯ. Форум молодёжной науки, (1), 17-24.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2025
42
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі