Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Энергияның сақталуы және ауысуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Энергия Мектеп: «№14 орта мектеп»КММ

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Джумадиева Шолпан Ахмедовна

Сынып: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы:

Энергияның сақталуы және ауысуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.3.5 Энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;

7.2.3.6 Механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану

Сабақтың мақсаты

Механикалық энергияның негізгі ұғымдарын қалыптастырады.

Энергияның турленуін және ауысу құбылысын меңгеріп, есептер шығарғанда қолдана білуді үйренеді


Бағалау критерийі

  1. Механикалық энергия анықтамасын ұғады.

  2. Энергияның түрленуіне мысалдар келтіру.

  3. Энергияның формуласын түрлендіру.

  4. Тұйық жүйе ұғымын түсіндіру.

  5. Энергияның сақталуы және ауысуы тұжырымдайды.

  6. Терминдерді үш тілде айту.


Тілдік мақсаттар

  • Тілдік мақсат:

Механикалық энергияның анықтамасын тұжырымдайды.

механикалық энергияның сақталу заңын тұжырымдайды.

  • Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Механикалық энергия және тұйық жүйе терминдерін меңгереді. Энергияның түрленуі және ауысуы лексикологиясын біледі.

  • Диологтар мен жазу үшін қолданылытын тіркестер:

Энергия– ...

Энергияның айналу және сақталу заңы – ...


Құндылықтарға баулу

  • Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығын негізге ала отырып, энергияның сақталуы және ауысуын меңгеріп, білімін арттыру.

  • «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына сәйкес Энергияның сақталуы және ауысуын өз бетімен оқып үйреніп және оны есептер шығаруда пайдалана отырып, топпен еңбек етуді бойына сіңіру.


Пəнаралық байланыс

Математика, технология, дене шынықтыру

Алдыңғы білім

Энергия, потенциалдық энергия және кинетикалық энергия ұғымдарын білуі керек. Пропорция және квадрат тақырыптарын меңгеруі керек.

Сабақ барысы


Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1. Сәлемдесу. Сыныпты түгелдеу. Оқу, жазу, сызу құралдарын тексеру.

2. Психолигиялық ахуал туғызу. «Менің есімім...» тренинг (ширату).

Оқушылар есімдерін айтады және есімдеріне сын есіммен жалғап өзін сипаттау. Мысалы, Жарас-жомарт, Дамира-дарынды...

3. Топқа бөлу. (Жыл мезгілдерін алып сыныпты 4 топқа бөлу). Көшбасшы тағайындау.

4. Алдынғы білімді қайталау. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша IV топқа тапсырмалар беру. Жеке, Жұппен,Топтық.

    1. 1-суретте көрсетілген денелердіңнөмір бойынша энергия атауын атаңыз.

    2. Сәйкестендіру.

Энергияның өлшем бірлігі

Кинетикалық энергияның формуласы

Потенциалдық энергияның теңдеуі

Энергияның анықтамасы.

    1. Массасы 4 кг тас 20 м/с жылдамдықпенұшып келеді.Ұшып келе жатқан тастыңкинетикалық энергиясын табыңдар?

    2. Потенциалдық энергиясы 60 кДж , массасы 30 кг дененің нөлдік деңгейден

биіктігі неге тең?

Тапсырмаларды әр оқушы жеке орындап, жұппен, топпен тексереді.

Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

ДҰРЫСТЫҒЫ СЛАЙДТАН ТЕКСЕРІЛЕДІ.

5. Есеп шығаруға арналған бағалау критериасы.

Әр сұраққа 1 ұпай. Сұрақтар саны:4


6. Ширату әдісін қолданып, жаңа тақырыпқа кіріспе жасаймыз:

I топ

Садақты тартқан кезде жебе ұшады.

Қандай энергия түрлері бар?

Садақ кермесінің және ұшқан жебенің энергия атауын атаңыз.

Қандай құбылыс байқадыңдар?


II топ

Жерге құлаған доптың кері көтерілуі кезінде қандай энергия турлері бар?


III топ

Тербеліп тұрған маятникте энергияға қатысты қандай кұбылыстарды байқадыңдар?

IV топ

Америкалық горьканың қозғалысы барысында қандай энергия түрі

пайда болады?

7. Жаттығуға арналған бағалау критериасы. Әр сұраққа 1 ұпай.


8. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын бүкіл сыныппен таныстырылып және талқыланады.


9. Қызыл, жасыл,сары карточкаларын қолданып, оқушылардың түсіну деңгейін анықтау.











Слайд




Карточка,слайд























Таратпа қағаз




Слайд








Таратпа қағаз



Слайд



Түрлі түсті карточка

Сабақтың ортасы

ІІ. Жаңа сабақ

1. Әрбір топ оқулықпен жұмыс жасайды. "Қар кесегі" әдісі қолданылып, әр топ келесі топқа төменде көрсетілген мәтін тақыптарынан сұрақтар қояды.

Тұйық жүйенің кез келген уақыттағы кинетикалық энергия мен потенциалдық энергия қосындысы механикалық энергия деп аталады. E= +

Тысқары күштермен әрекеттеспейтін денелердің идеал жүйесін тұйық жүйе екендігін ұғады.

Энергияның сақталуы және ауысуы тұжырымдайды.

Энергияның түрленуіне мысалдар келтіреді.

1. Mechanical energy-Механикалық энергия-Механическая энергия

2. The law of conservation of mechanical energy-Механикалық энергияның сақталу заңы -Закон сохранения механической энергии 3. Closed system-тұйық жүйе-замкнутая система 4. Kinetic energy-кинетикалық энергия-кинетическая энергия 5. Potential energy-Потенциалдық энергия-Потенциальная энергия.

Оқушыларды істеген жұмыстары үшін қолдап, мадақтап отырамын.

2. Оқулықпен жұмысқа арналған бағалау критериасы.Дескрипторлар:

1. Механикалық энергияның анықтамасын тұжырымдау-1 ұпай

2. Тұйық жүйе ұғымын түсіндіру-1 ұпай

3. Энергияның түрленуіне мысалдар келтіреді-1 ұпай

4. Әр сұрақ 0,4 ұпай.


3. «Сергіту сәті». « Көңілді күн» би қимылдарын қайталау.


4. Жаңа тақырыпты бекіту. Есеп шығару. «Ойлан,жұптас,бөліс» әдісі бойынша IV топқа тапсырмалар беріледі. Жеке, Жұппен,Топтық.

  1. Массасы m=5 г оқ =800 м/с жылдамдықпен ағашқа тиеді де, s=10 см тереңдікте тоқтайды. Ағаштың F кедергі күшін тұрақты деп есептеп, оның шамасын табу керек.

  2. Масссасы 150 т ұшақ Жерден 1

км биіктікке көтерілген жылдамдығы 200 м/с болады. Оның Жермен салыстыпғандағы механикалық энергиясы қандай?

  1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есептендер. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с. Ауаның жебе қозғалысына тігізетін кедергісі есепке алынбайды.

  2. Массасы 2 кг дененің 10 м биіктікте 20 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы толық механикалықэнергиясы неге тең?

Тапсырмаларды әр оқушы жеке орындап, жұппен, топпен тексереді.

Әр топтан 1 оқушы тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.

ДҰРЫСТЫҒЫ СЛАЙДТАН ТЕКСЕРІЛЕДІ.

Оқушыларды істеген жұмыстары үшін қолдап, мадақтап отырамын.

5.Есеп шығаруға арналған бағалау критериасы.Дескрипторлар:

Есептің шартын жазу: 1 ұпай

Есепке арналған формула: 1 ұпай

Жауаптың дұрыстығы: 1 ұпай

6. Қорытынды. АКТ-ны қолданып, сабақты қорытындылау.


Слайд















Оқулық













Бағалау бетшесі





Видео






Карточка





















Бағалау бетшесі




Сабақтың соңы

Кері байланыс

"Білім ағашы" тақырып бойынша түсінгендерін стикерге жазып ағашқа жабыстыру. Оқушыларға қызыл, жасыл, сары түсті алма беріледі. Қызыл түс бүгінгі сабақта не үйренгенін, жасыл түс не əлі де түсініксіз, сары түс қандай бағытта жұмыс жүргізу қажет екендігі білдіреді.

Оқушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы бағалаймын.

Оқушының аты жөні



ширату


1-тапс


2-тапс

3-тапс


4-тапс

1.






2.













Мұғалім лебізі: Барлығыныңызға жаңа сабақты жақсы меңгеруге ат салысып, өз нәтижелеріңізді көрсеткендеріңіз үшін рахмет!!!

  1. ..., Сіздер тапсырманы өте жақсы орындап, менің сенімімнен шықтыңыздар.

  2. ..., Сіздер де тапсырманы жақсы орындағансыздар. Өз білімдеріңізді жетілдіре түсіңіздер.

  3. ..., Сіздерге өз нәтижелеріңізді әділ көрсеткендеріңіз үшін ризамын. Мүмкіндікті жіберіп алмай көмек алыңыздар менен немесе достарыңыздан.





Таратпа қағаздары


















Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау

Берілген жұмысты шапшаң әрі дұрыс орындаған,жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетемін. Қосымша күрделі есеп беріп,қосымша баға қою арқылы ынталандырамын.


Бағдаршам

Карточкалар тақырыпты түсінгенін көрсету үшін пайдалануға болады мысалы, қызыл түс =КЕЙБІРІ, сары түс =КӨБІ, жасыл түс =БАРЛЫҒЫ.

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастыруына басты назар аударамын. Сергіту сәті арқылы оқушыны демалдырамын.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары қолжетімді ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Ширату жаттығулары оқушылардың жаңа сабаққа қызығушын тудырды.


2: Топтық жұмыста ынтымақтастың белгілері көрінді.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Белсенді оқыту әдістерінің сыныптың қабілеттік деңгейіне сай қолданылуы


2: Топтық жұмысқа тапсырма беруде саралау әдістерінің тиімді қолданылуы


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1. Оқушылардың көңіл күйіне көңіл бөлу

2. Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыс істеу



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.02.2019
627
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12