400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Ең бірінші- байлық денсаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме



Тәрбие сағаты: «Рәміздерім – мақтанышым»


Өткізген :

4 «е» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А









2012-2013 оқу жылы

Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Ауызша журнал.
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отан,жер туралы нақыл сөздер.
Кіріспе бөлім:
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан –жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
2007 жылы 4 маусымда Астана қаласында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 15 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық жастар форумында Президент Н.Ә.Назарбаев сөйлеген сөзінде: «Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр» деп атап көрсетті.
Ендеше, «Рәміздерім–мақтанышым» атты ауызша журналымызды бастаймыз.

Әнұран орындалады.

Журналымыздың бірінші беті: Тұңғыш Президент.
1-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
2-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
Нұрсұлтан: Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далаға жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Ғали : Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.
Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарап жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті
Нояна: Оянады көңілден қайдағы арман,
Бақыт желі ескендей жайлап алған.
Президентім бар менің елі түгел,
Ақ киізге көтеріп сайлап алған.
Журналымыздың екінші беті : Еңселі Елтаңба.
1-жүргізуші: Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
Диас:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Ільяс:
Бейнелеп сан ғасырды
Елтаңбасы елімнің,
Таратады хас үлгі
Киесіндей жерімнің.
Бабам тұлпар жаратты,
Құлынында танып-ақ.
Тұлпар барда қанатты,
Шайқалмайды шаңырақ.
Тәуелсіздік көркі ол да,
Өркениет өрінде.
Нұр төгеді елтаңба
Ақ орданың төрінде.
Журналымыздың үшінші беті: Тұғырлы туымыз.
2-жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

Айгерім:
Айнымайды аспаннан Жанатын да өзі отша
Біздің тудың болуы Жалын шарпып бетіңді
Оны халық қашанда Туымыз да қазақша
Биікке іліп қояды. Сөйлеп тұрған секілді.
Журналымыздың төртінші беті: Асқақтаған Әнұран.
1-жүргізуші: Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп ,жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.
1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Тимур: Әнұран
Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Мархаббат:
Барша халық таныған
Біздің үміт, тілекті.
Шырқалғанда әнұран
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.

Ойындар мен тапсырмалар
1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:
Елтаңба Байрақ Әнұран
Ел Бай Ән
Таңба ай Ұран
Таң қар Ұн
Аң ар нан

2.Жүргізуші Мемлекеттік рәміздердің белгілері туралы айтады, оқушылар қай белгі туралы екенін анықтайды.
1.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)
2.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
3.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!









О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






Тәрбие сағаты:

« Шыңықсын - денеміз»

Ауырып  ем іздегенше, ауырмаудың  жолын іздейік.   


Өткізген :

5«М1» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А











2013-2014 оқу жылы

Білімділік мақсаты: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.
Дамытушылық мақсаты: «Ауырып ем іздегенше, аурмаудың жолын іздегеннің» әлде қайда тиімдірек екендігін ұғындыру, дене тәрбиесіне, салауаттылыққа дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызбала, оқушылардың газеттері, магнитафон, қолшатыр.
Сабақтың мақсаты:
1.     Оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену;
2.     Ой – өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту;
3.     Адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
1.     
Мағынаны табу: Сұрақ –жауап түрінде әңгімелеу.

-Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз.

Біздің хажлқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» – деп тегін айтпаған. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан.

Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен. Мысалы, мына бір жолдарды тыңдап көрейік.

Магнитофоннан тыңдау:
1.     денім сау болсын десең –тамақты ішер алдында және ішіп болғаннан кейін қолыңды жу.  Тамақтың берекесі де осында.
2.     Тістеріңізді тазалап жүріңіздер, себебі ол пәктікке жатады. Пәктік иманға шақырады, ал иман жәннатта иесімен бірге болады.
3.     Алла тағала пәк, ол пәктікті жақсы көреді, ол таза, тазалықты ұнатады. Үй жайыңызды, жүріп –тұратын жолдарыңды таза ұстаңдар.

(«Мың бір хадистен»)
-Енді, балалар біз де денсаулығымызды сақтау жолдарын қаншалықты білетінімізді екі топ боп сайысып, ортаға саламыз.

1. Топ оқушыларын екі топқа бөлу.

1- топ «Денсаулық»
Ұраны: 
«Денсаулық –зор байлық».

2- топ «Салауат»
Ұраны: 
«Салауатты өмір –денсаулықтың кепілі»

2. Әділқазылар алқасын сайлау, сайыс шартын таныстыру:

І Әр топ өздері шығарған газеттерін қорғайды.

ІІ Кластер құру.
ІІІ «Түсіп қалған әріптер». 
Берілген сөздерге әріптерді қою.
1- топ:  Денсаулықты нығайту жолдары.

2- топ: Денсаулыққа зиянды әдеттер. 
1-    
топ: 1. Д…… і (дәрі)
2. в…та…н (витамин)
3. ….ны…..у (шынығу)
4. с….ау……т (салауат)

2-    топ: 1. Г…и…на (гигиена)
2.ту…ку….ез (туберкулез)
3. тұ……у (тұмау)
4. д… ау…. қ (денсаулық)

IV. «Тәрбие көзі – халықта». Екі топ денсаулық туралы мақал – мәтел жазып оқиды. 
V. Шығармашылық тапсырма:
1- топ:
…………………………………………баламыз,
………………………………………….аламыз.
……………………………………………..
………………………………………….санамыз.

2- топ:
…………………………………………күлеміз,
………………………………………….жүреміз,
……………………………………………….
……………………………………………сүреміз.

Сайысты қорытындылау барысында оқушылар өнерін көрсетеді. 
1-оқушы: 
Жымысқы жау- арақ мынау.
Аңқылдаған жалпылдаған.
Аңқау жұртым қазағым.
Сенгіштіктің көнбістіктің,
Тарттың әдбен азабын.

VI Бекіту: Тренинг «Қолшатыр…»
-Біз зиянды заттардан қорғану үшін не істеуіміз керек? Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне қағазға өз ойларын жазып іледі.
Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

VII Қорытынды: 
Әділқазылар екі топтың ұпайын есептеп, алғыс хат табыстайды.

 

О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






Тәрбие сағаты:

Дәрігер салауаттың кеңесі


Ауырып  ем іздегенше, ауырмаудың  жолын іздейік.   



Өткізген :

4 «е» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А









2012-2013 оқу жылы

«Саламатты қазақстан»: салауатты өмір салтын ұстан!  
Дене шынықтыру мұғалімі: Мухажанова М.А

Адамның басты байлығы – денсаулық. Денсаулығымыз – байлықтан да қымбат. Біз үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ. Денсаулығымыз жақсы болу үшін салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызы зор. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болар жас ұрпақтың дені сау болса ғана биік шыңдарға қолы жетері, халқына қызмет етері даусыз. Осы орайда мектеп-лицейімізде әр айдың соңында «Салауатты өмір салты – лицейдің өмір қалпы» деген ұранмен спорттық іс-шаралар өткізіліп тұрады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында: «Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет. Салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыру керек» – деп атап айтқан еді. Сонымен қоса, баланық шақтан бастап денешынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек екендігіне баса назар аударды. Міне, осы жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, дені сау, денешынықтыру және спортпен шұғылданатын тәні сау ұрпақ тәрбиелеу мақсатында лицей осындай іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады. Бұл іс-шараларға оқушылар, мұғалімдер белсене қатысады. Осындай игі шаралар ата-аналар тарапынан жақсы қолдау тауып, олар да спорттық іс-шараларға қатысып, атсалысып тұрады. Мектеп ішінде алдымыздағы қаңтар айында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты көңілді старт өткізілді. Оған 4 –ші сынып оқушылары өз сынып жетекшілерімен қатысты. Әрбір ойын түрлерін өткізу барысында оқушылар мұғалімдерімен бірге тапқырлық, өжеттілік, шапшаңдық тағы да сол сияқты қасиеттерін танытты. Жұмыла жұмыс жасай отырып, 4 «е», 4 «а», «в» сыныптары жүлделі І орынды иеленді.

Дәрігер:Косанбекова М.У

Жаңа дәуірде елімізді сақтайтын таза, мықты, денсаулығы зор ұрпақ қажет. Сол себепті біз салауатты өмір салтын қалаймыз және әрқашан қолдаймыз.  

Өткен жылы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қабылданғаны белгілі.Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — азаматтардың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру. Қазіргі таңда елімізде аталған жобаны жүзеге асыру үшін түрлі іс-шаралар қолға алынды

Осы бағдарламаның ішінде « Денсаулықты сақтаудың тиімді жолы — дұрыс тамақтану» деп айтылған.

«Ас — адамның арқауы» деп халық тегін айтпаған. Барынша дұрыс тамақтанғанда ғана денсаулықты сақтауға болады. Тоя тамақтанған ағзаға зиян. Асты мөлшермен ішіп, түрлі дәрумендерге бай көкөніс өнімдерін үнемі пайдаланып отырған дұрыс. Кешкілік тойып тамақ ішпеген жөн. Шамадан артық ішілген тамақты ағза бойға сіңіре алмайды. Осыдан келіп зат алмасу жүйесі бұзылады. Қазіргі таңда жиі кездесетін аурудың  бірі — семіздік. Семіз адамдардың қалыпты адамдармен салыстырғанда 10-15 жылдай аз өмір сүретіні дәлелденген. Жалпы, салауатты өмір салты дегеніміз — адам денсаулығы, дене тәрбиесі, спорт, таза ауада дұрыс демалу, яғни салиқалы өмір сүру. Елбасы биылғы халыққа арнаған Жолдауында бұл мәселенің өмірлік маңызын тағы да көрсетіп берді. Салауатты өмір салтын насихаттап, дене тәрбиесімен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткіден, темекіден, алкогольді ішімдіктерден аулақ болуға тиіспіз. Сау кезімізде денсаулықтың бағасы мен қадірін елемейтініміз өкінішті. «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады».  Сау болғанның өзінде, әр адам өзін-өзі шынықтырып отыруы қажет. Қарапайым ғана тіршілік қағидаларын сақтаса, ұзақ өмір сүруге болады. Мәселен, күнде ертеңгілік 30-40 минуттай ертерек тұрып, ең болмағанда 500-600 метр жер жүгіріп, жаттығу гимнастикаларын жасауға, суық сумен шайынуға болады ғой. Бірақ бұған көпшілігіміз мән бермейміз. Биыл қаладағы барлық департаменттер мен мекемелерге хат жолдадық. Яғни ертеңгілік уақытта қызметкерлер жаттығу жасауы керек.



















О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






«Ұстазым, ұлағатым, үлгі – өнегем!»


  



Өткізген :

4 «е» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А

















2012-2013 оқу жылы



Тақырыбы: Ұстазым – ұлағатым, үлгі-өнегем !

1-жүргізуші: Армысыздар, ардақты ұстаздар! Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
2- жүргізуші:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
1-жүргізуші
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
2- жүргізуші:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
1-жүргізуші:
Әл-Фараби: «Ұстаз.... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма бұл сөзден біз Қалия Үкімашқызының бейнесін көреміз.
2-жүргізуші:
Қалия апай – мектепте орны бөлек,
Сүйеді шәкірттеріңіз сізді ерек.
Тамыры тереңге тартқан нәрлі ағаштай,
Әр қашан аман болып жүрсін дер ек.
1-жүргізуші:
Тарқалмасын қызықтың шағы қызған,
Жана берсін бақ арт ып бағыңыздан.
Құрметпенен ұсындық сізге сөзді
Ақтарылып көріңіз ағыңыздан!, дей келе сөзді мектебіміздің басшысы Түменбаев Танатқан Қалибекұлына беріледі
Ән. Ашкенова Айдананың орындауындағы «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

2- жүргізуші:
Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз
Мұз боп қатып, жанартау боп сабақтарда қайнаймыз.
Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,
дүниетану, саяхатқа шығамыз деп жайнаймыз.
1-жүргізуші:
Әр адамға құрметпенен қараған,
Өз бойынан мол ізгілік тараған.
Талап пенен тәртіпті тек ту етіп
Осы өмірге мұғалім боп жаралған.
О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің оқу ісі меңгерушісі Назарбаева Жаңыл Қайырбекқызына және тәрбие ісінің меңгерушісі Хасенова Ләйлә Назарханқызына сөз кезегі беріледі.
Ән: Акрашов Сұлтанның орындауында «Әке – ана».
2- жүргізуші:
Несібелі апай үйретеді бар білгенін өзінің,
Шын жүректен тілек тілеп бәріміз,
Құттықтаймыз ұстаздардың күнімен.
1-жүргізуші:
Күнім деген күлімдеген
Қамқор болған ұстазым
Жаны жайсаң, жайдары жан,
Ұғындырған сөз сазын.
Ұмытпаймыз, ардақтаймыз,
Ұлболсын апай сізді біз.
2-жүргізуші:
Көңіліңіз болсын ақ қардай,
Жарқылдап көзді тартқандай.
Ел жұртың сені ардақтап,
Жүре берсін, Мадина апай.
1-жүргізуші:
Ғылым иесі – ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып мал бағып, терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де – бәрі-бәрі ұстаздан тәлім алған. Ұлағатты ұстаздар, бүкіл адам баласы сіздерге бас иеді.
2-жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!

Ән: «Құтты болсын төл мейрам»

1-жүргізуші:
Ұстаз – әке шәкірттеріне алаламай қамқорлық жасайды. Ұстаз – ана, ол шәкіртін туған анасындай баурап, өмір өрнектерін, тұрмыс тіршілік мехнаттарын, қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп, баулудан жалықпайды. Ұстаз – жолдас. Ол әрқашан да шәкірттерімен бірге көпшілікпен араласып жүреді, қатар құрбысындай қатарлас өмір сүреді. Ұстаз – дос, ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап, қиындықта қымсынбай көмек көрсетеді, жанын сала жақсылық жасайды.
2-жүргізуші
Әні сізге қалықтай,
Қиялменен шарықтай
Құттықтаймыз біз сізді
Ұстазымыз Дабыл ағай.
1-жүргізуші:
Атақ-даңқы аңыз болған талайға,
Ағаларға баға беру оңай ма?!
Баулыған темірдейін тәртіпке,
Мың рахмет Бақытжан ағайға
2-жүргізуші.
Дене шынықтыру сабағының сусындатып білімін
Себепшісің солмай өсіп – жайнауына денемнің.
Сіз арқылы білдім өмір оңы менен солын мен.
Сіз арқылы қадірін де білдім атқан күнімнің
Ұстазымыз Мадина апайымыздың құрметіне ән Еркежан мен Айдананың орындауында « Ана» әнін қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші:
Ұл-қызын мәпелеп аялаған,
Досынан қол көмегін аямаған.
Бүгінде ортамызда Гүлжан апай,
Мектеп үшін еңбегін аямаған.
2-жүргізуші:
Білім, өнер, бәріне бар талабы,
Әрқашанда ашық-жарқын қабағы.
Баян апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.
1-жүргізуші:
Баян апай нұрын шашқан зейіндінің,
Нұрлы шаш сәулесіндей зейіндінің,
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе
Дамыттың дарын отын бейімдінің

2-жүргізуші:
Жүрегі нұр, өмірі гүл ұстаздың
Сондықтан да ұстазыма ұқсадым.
Ақ көңіл де қарапайым қашанда құрметтейміз өзіңізді Нұржамал апай ұстазым
Ән. Бахтияров Ильястың орындауында: «Гүлдәурен» әні

1-жүргізуші: Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жарқын жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы болса, ал ұстаз біздің екінші анамыз деп айтсақ артық айтпағанымыз деп санаймыз. Мектебіміздегі шәкірттерге ана орнына ана болып, оқушылардың қуанышына қоса қуанып жүрген тәрбиешілердің еңбегі зор.
2-жүргізуші:
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың
Тәрбиеші апайларымызға арнау:
1-жүргізуші:
Мәрзия апай көп ойлаумен бала қамын
Нұрланып атар іспен әрбір таңы.
Ғаламды жадыратқан күн секілді,
Баланы аялаған алақаны.

2-жүргізуші:
Келешектің кезінде,
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзінде
Өсиет көп сөзінде
Бар шәкірттің анасындай
Гүлнар апай осындай.
1-жүргізуші:
Шәкірттерін баптаған
Тәрбиешім Жанна апай деп мақтанам
Тәрбие берген біздерге
Көп-көп рахмет сізге де.
2-жүргізуші:
Қарлығаш апай! Ұлық тұлға өр екен.
Таси түссін берекең
Келген осы айтулы
Құтты болсын мерекең!

Ән: «Анашым»

2-жүргізуші:
Ақыл-кеңес көп қой онда ұққанға,
Ардың туын асқақ ұстап шықты алға.
Шетел тілін оқуға бізді үйреткен,
Мың рахмет Асель мен Гүлбаршын апайға.
1-жүргізуші:
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Көсегесін көгертіп,
Ғажайып бір өң берген?
2-жүргізуші:
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім.
Таза сөйле, терең ұқ, көп-көп ізден,
Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін, деп қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын пәндерінің мұғалімдерінің құрметіне

Би»Қаражорға

1-жүргізуші:
Ұстаз! Ұстаздық ұлы нәрсе. Ұстаздық ету өзіңнің уақытыңды аямау, өзгенің бақытын аялау. Жарық дүниеде бұдан асқан қиын, бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ. Патшалық құру ұстаздық етуден он есе жеңіл. Ұстаздық міндетті патша да, бай да, батыр да атқара алмайды.
2-жүргізуші:
Ұстаздық ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.
Ұстазым екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын, білім алып үйренсін деп,
Таңертең күнде құшақ жаяды алдан.- дей келе тәрбиешілерімізді төл мерекелерімен құттықтаймыз.
Ән:
2-жүргізуші:
Алғашқы менің ұстазым
Күлімдеген, күнім деген.
Қамқор болған ұстазым.
1-жүргізуші:
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?

Бастауыш сынып мұғалімдерінің құрметіне би: «Бипыл»

2-жүргізуші:
Біздер әлі өтелмеген парызбыз,
Сары далада сайрап жатқан сан ізбіз.
Аттары да аталмаған ұстаздар,
Алдарыңда мәңгілікке қарызбыз
1-жүргізуші:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
2-жүргізуші:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
Ән: Уразбекова Айнэляның орындауында « Құтты болсың мереке!»
1-жүргізуші:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
2-жүргізуші:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
- деп кешімізді қорытындылау мақсатында сөз кезегін мектебіміздің басшысы Түменбаев Таңатқан Қалибекұлына беріледі.
Аяулы ұстаздар! Мерекелеріңіз құтты болсын. Жаңа оқу жылы Сіздердің отбасыларыңызға Ырыс, Дәулет, Бақыт әкелсін! Көңілдеріңіз көктемдей болсын, өмірлеріңіз қуанышқа тола берсін. Кешімізді тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

«О. Бөкей атындағы №44 лицейі»КММ

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






« Жол тәртібін жадыңда ұста!»

  



Өткізген :

11«М» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А













2019-2020 оқу жылы


Жол тәртібін жадыңда ұста 

Мақсаты:
1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;
2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты дағдыға айналдыру;
3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған суреттері
жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі "Жол тәртібін жадыңда ұста" жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

жүргізуші: Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

жүргізуші: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі заңды тәртіп -
Ол ортақ
Үлкен кіші баршамызға!

жүргізуші: Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Жиынымыз басталсын сәлемменен.

жүргізуші: Бүгін бізге қонаққа жол полициясынан ағай келіп отыр, сөз кезегін берейік.
жүргізуші: Бүгін сіз бізге жолда жүру ережесі жайында көп мағлұмат бердіңіз. Сізге көп рахмет айтамыз!

жүргізуші: Енді сөз кезегін оқушыларға берейік
I топ. "Бағдаршам"
Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.
II топ. "Жол белгілері"
Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!
III топ. "Жүргізуші"
Топтың ұраны: Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!
IV топ. "Қиылыстар"
Топтың ұраны: Басталар әр қиылысың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен. Хор: "Бағдаршам".

I топ. "Бағдаршам"
(Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды.)

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.
2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, кайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.
3-оқушы: Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.
4-оқушы: Өкінішке орай бірде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.
5-оқушы: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласына, сосын Нью-Йорк, т.б. қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.
6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

ІІ топ. "Жол белгілері"
1-оқушы: Үйрен таппай тыным бір.
Белгілердің тілін біл.
Егер оны білмесең.
Тартар жолың бұлыңғыр.

2-оқушы: Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3-оқушы: Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

4-оқушы: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
5-оқушы: Баратын сапардың қашығын, тұрағын, Үн-түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын. Күндіз де, түнде де от болып жанады, Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

III топ. "Жүргізуші"
1-оқушы: Жол ережесін білу өмірімізді қауіптен, жазымнан сақтайды.
2-оқушы: Оның сырын біліп, жол ережесін орындау баршамызға қажет.
3-оқушы: Есігінен артқы Көлікке сен мінгін. Дәл осы бір сәттен Құлағыңды тіккін.
4-оқушы: Кезекте сен әлгі Артқы есіктен кіргін. Енді есіктен алғы Түсеріңді білгін.

IV топ. "Қиылыстар"
1-оқушы: Жолдар қиылысында
Қалтарысып қысылма.
Көлденеңнен жол болса,
Кібіртіктеп тоспа оны.
2-оқушы: Бос болмаса алайда
Сақтық жаса абайла.
Қалмас үшін соқтығып,
Ол өткенше тос тұрып.
3-оқушы: Ирек-ирек көшелер. Көше деген мың ирек. Қиындыққа әйтсе де Үйренесің біртіндеп.
("Бағдаршам" ойынына барлық оқушы топпен қатысады.)

жүргізуші: Ойын жүргізушісі алдын ала дайындаған үш түсті көрсетіп, оқушылардың қаншалықты жинақы екенін байқайды.

Ойын шарты
1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.
2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.
3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.
жүргізуші: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!

Мұғалім: Қымбатты қонақтар ұстаздар, оқушылар! Оқушылар жолда жүру ережесімен таныстырылды. Әр оқушы "Менің үйден мектепке дейінгі жолым" деген схеманы сызып күнделіктерінің бірінші бетіне салып қойды. Жолда жүру ережелеріне байланысты тәрбие сағаттары өтті. Міне алдарыңызда оқушылардың салған суреттері, жасаған макеттері. Оқушылар жолда жүру айлығына бір кісідей ат салысты.


































О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






« Әдептілік – адам көркі»


  



Өткізген :

4 «е» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А

















2012-2013 оқу жылы



Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, қарапайымдылыққа,, кішіпейілділікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға, өз халқының салт-дәстүрін ұйрене отырып, әдеп әліпесін дарыту.
Сабақтың түрі: Топтық, ұжымдық.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрініс көрсету, баяндау, ой толғау.
Көрнекілігі: Өсиет сөздер, мақалдар, адамгершілікке байланысты суреттер, құпия хат.
Шараның өту барысы:
І. «Әдептілік әдемілік»
Оқушы пікірлерін оқып беру.
ІІ. «Құпия хаттар»
Конверттер бойынша сұрақтар.
ІІІ. « Әдептілік әліппесі».
Тақырыптарын айту, көрініс көрсету.
ІV. Қорытынды.
«Жалғастыр» ойыны.
І. Жүргізуші:
Тәрбие сағатын әдептілік туралы өлең шумақтарымен ашайық.
- Әдептілік дегенді қалай түсінесіз? Сол жөнінде оқушы пікірін тыңдайық.
1 - оқушы:
Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі.Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.
2 – оқушы: 
Мен Айымның пікіріне қарсымын. Әдемі адамның бәрі әдепті бола ма? 
Әдептілік дегеніміз өзін-өзі кез-келген ортада ұстай білу. Ол әдемі болмаса да, өзін-өзі ұстай білсе - әдепті. 
3 – оқушы:
Үлкен кісілерге «Ассалаумағалейкум» деп амандасып, амандығын, денсаулығын сұрау парыз. Дұрыс амандасудың адамгершілік, имандылық мәні бар. Иманы жоқтың, ұлты жоқ.
4 – Оқушы:
Неге? «Ассалаумағалейкум» деп амандаспасан, үлкендер сәлемімізді алмай ма? Әйтеуір үндемей кетпесек болды емес пе?
5 – Оқушы:
Дұрыс тамақтану, мезгілді ұйықтау, ата мен ананы сыйлау - халықтың дәстүр, халықтың әдеп. Біз осы нәрселерді, адамгершілік қағидaларды сақтай білсек, ұлттық әдепті қорғай білеміз.
6 – Оқушы:
Түнде ұйықтауын ұйықтармын-ау, бірақ теледидардан жақсы кино болып жатса, оны неге көрмеймін. Сонда мен әдепсіз болғаным ба?
7 – оқушы:
Сен дұрыс демалмасаң ерте тұра алмайсын. Әрбір тірліктің өз уақыты бар. Оны дұрыс пайдаланудың өзі әдептілік.
8 – оқушы:
Жақсы амандассам, әдемі киінсем, сыпайы сөйлесем, тек қана дұрыс ұйықтамағаным үшін әдепсіз емеспін деп ойлаймын.
ІІ жүргізуші: Басқа сыныптастарымыз не айтар екен.
9 - оқушы:
Үлкен адамға сәлем беру кіші адамның міндеті. Қазақта «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария сәлем береді» деген бар. Ал кездескен кезде кіші адам үлкен сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік, сәлем беру имандылық, инабаттылық, көргенділік, мәдениеттілік белгісі.
10 – оқушы:
Сәлемдескенде, сәлем бергенде, әркім дауыстың дабырламауына, үнінің үйлесімділігіне, яғни дауыс ырғағына ерекше көңіл аударып, салмақпен, әдеппен сөйлеуге міндетті. Сөз басы сәлем дегеніміз сол.





























О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






Тәрбие сағаты :

«Кітап- өмір ұстазы»


  



Өткізген :

4 «е» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А

















2012-2013 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы:     Кітап - өмір ұстазы

Сабақтың мақсаты:        Білімділік. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы

                                        түсінік беру.

                                        Дамытушылық. Кітапқа деген оқушылардың 

                                        қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін

                                        дамыту.

                                        Тәрбиелік. Оқушыларды кітапты сүюге баулу,

кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:               дәстүрлі емес

Сабақтың типі:               саяхат сабағы

Сабақтың әдісі:              түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу,

Сабақтың көрнекілігі:   балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат

                               Сабақтың барысы:

     І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

     ІІ. Жаңа сабақ. Оқушыларды сабақ түрімен және мақсатымен таныстыру.

     Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айрықша күн. Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар. Мектеп кітапханасына қонаққа қош келдіңіздер!

     Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді?Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.

          Білесің бе кітап білім ұясын,

          Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

          Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа

          Терең білім, ой маржанын құясың.

          Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,

          Кітапхана- сол кітаптар тұрағы.

          Көп үйреніп, көп оқыған баланың

          Анық тағы білімпаз боп шығары.

     Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.

     Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.

     Кітап – ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.

     Арайлым:

Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

О, кітап, бас иемін мәртебеңе,

Игілік қазынасың бар адамға.

Сен берер игіліктің есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

    

     Ерасыл:

Адамның досы кітап - өмір кілті,

Тең емес оған жиған мүлкің,

Ақылшы жанға серік,

Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.

     Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?

Оны қазір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әр түрлі ойындар түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерінтабамыз, кітапты күтіп ұстау ережесімен танысамыз.(төмендегі суреттермен таныстыру)

      Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?

     Кебіс кімдікі? (ханшайымдікі)

     Себеттегі самса (қызыл телпек)

Жыртық шапан (Алдар көсе)

Кілт (буратино)

Хат (Хат тасушы Печкин)

Жарайсыңдар, бірақ, балалар, біз көп қонақ шақырғанбыз, олар неге келмей жатыр екен? (есік қағылады) Ол кім екен?

     Хат тасушы атай: Бұл мен, хат тасушы атаймын, сізге жедел хат әкелдім.

Мұғалім: Олай болса, оқиық, кімнен екен?

Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер?

1.     Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табуым керек. (Андерсен ертегісіндегі Герда)

2.     Мерекеге сондай барғым келді,  бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. (Айболит)

3.     Келгім ақ келеді, бірақ пеш тартпай қалды. (Жалқау Емеля)

Олардың келе алмағаны өкінішті. Ал, енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?

1.     Орман жанында

Үшеуі бір үйдетұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане, олар кімдер?     (үш аю)

2.     Ұшып келіп батпаққа түсті

Батпақта оны ұстап алды.

Кім жасыл қабыршақты шешіп,

Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды?    (патшайым бақа)

3.     Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап-сары домаланған.    (бауырсақ)

4.     Жерден аспанға ұшу үшін

Оған үлкен сыпыртқы керек.    (мыстан кемпір)

     Жарайсыңдар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?

Жол алыс,

Ал себет ауыр,

Отырамын түбірге самсаны жеп.   (Маша мен аю)

 

 

Шал кемпірге оралды:

Кемпірде жаңа астау.     (балықшы мен алтын балық)

 

Тартамын, тартамын,

Тіпті де жұла алмаймын.   (қызылша)

     Дилназ

Енді өздерің кітап оқу үшін келдіңдер. Кітапты не үшін оқиды?

Кітапхана – кітаптардың ордасы,

Білсең кітап – нағыз жолбасшы.

Ал, білімің – кітап нағыз,

Қанып ішсең сусыныңды қандырады.

Кітап – ұстаз,

Кітап – үйретуші.

Кітап – нағыз дос, жолдас,

Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.

     Балалар, сендердің қолдарында кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейікші. (оқулықтар)

     Нояна

Ал, олар қандай күйде?

Жыл бойы кітап иесі

Оқиды, өзіңе бірдеңе белгілейді.

Көктемде кітап өткізерде

Ол бәрін айтып қояды,

Оның не жазып қойғанын.

      1-кітап, Керім: Қалың қалай, кітабым?

      2-кітап, Диас:

Ой, мен сыныптың алдында ұяттымын, Менің қожайыным сыртқы қабымды жұлып алды! Онымен қоймай беттерімді де жұлып алды. Одан қайық, ұшақ жасады. Ал, сен бүтінсің бе?

       1-кітап, Керім:

Сенің халің маған таныс. Менің оқушым қол жумай сабаққа отырған емес, беттерімде де бір сызық жоқғ тап-таза. Мен оны қалай болса солай емес, тек беске оқуға үйретемін.

     2-кітап, Диас:  Ал менің оқушым үшке әрең ілігеді, тіпті екілік те алады. Ой, мен сынып алдында ұяттымын.

     Екі кітап қосылып:

Кітап та алма ағашы

Жемісін бізге беретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

-         Балалар, қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді?

Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалары пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.

     Ойын «Иә-жоқ». Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер.

Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы «иә», Қар не жаңбыр «жоқ», Кір қолды «жоқ», Ұқыптап ұстауды «иә», Еркелеткенді «иә», Қуырған  жұмыртқаны «жоқ», Еденде жатқанды «жоқ»,  Таза қолды «иә», Төбелескенді «жоқ», Кітап сөресінде тұруды «иә», Білгіш оқушыларды «иә».

     Кітапхананың тұрақты оқырмандары бізді кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтсе;

1.     Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2.     Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парғы түсіп қалады.

3.     Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.

4.     Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.

5.     Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

6.     Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.

Ал, оқушылар сендер кітаптапрмен дос болғыларың келе ме?

     Диана:

Ойшылдар мен білімпаздар мекені

Бәріне аяң кітапхана екені.

Кітаппенен дос болуға баулитын

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.

     Ильяс:

Өмір мәні өнер менен білімде,

Құштар болсаң көп құмартып білуге.

Қарсы алып сәні дәйім күлімдеп,

Жөнін айтып, жол нұсқайды білімге.

      Осы кезде кітапханашы Елдана:

1.     Кім мәңгілікке кітапхананың нағыз досы?

2.     Кім көп кітап оқыған, бірақ ештеңе де тоқымаған?

3.     Кім екен жыл бойы оқулығын ұқыпты ұстаған?

4.     Достар, кім айтады кітапты жыртып, былғамау керектігін?

5.     Кітапқа қарап есінеп, тек суретін ғана көретін оқушыны кім дейміз?

6.     Дұшпанын жерге қаратып, кітаптан білім алатын кім?

7.     Айтар екен кім тақпақ пен ертек сүйетін?

Жарайсыңдар, сендер кітапхананың оқырманы болуға лайықтысыңдар, кітап біздің досымыз, өмірлік ұстазымыз.

     Ғали:

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.

Талаптансаң үйренуге құмартып,

Келгін, жас дос, ізденейік қосыла.

    Елдана:

Кітапханаға жиі келіңіздер, бірге ізденіп бірге оқиық. Сау болыңыздар!

Оқушылар тәрбие сағатымызды «Айгөлек» әнін айтып аяқтайды.

 






О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






« Мамандықтың бәрі жақсы»

( Жолдаудың 9 пункті)


  



Өткізген :

4 «е» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А

















2012-2013 оқу жылы

Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал (Әдеби -монтажды мамандық таңдау сценарий үлгісі)
Кештің мақсаты : А) Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру. Ә) Оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру Б) Оқушылардың шығармашылық,сауаттылық белсенділігін дамыту


ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ: Сұрақ жауап, СТО-әдіс тәсәлдері

Көрнекілігі: Нақыл сөздер

Пәнаралық байланысы; еңбек, әдеп.

.

1.Жүргізуші сөзі: Құрметті ұстаздар, құрметті қонақтар және мектеп бітіргелі отырған оқушы түлектер. Бүгінгі өткелі отырған «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» деп аталатын кешімізге қош келдіңіздер.

2 -жүргізуші сөзі: Бұл күндері өмір жолы сан тарау болып басталатын мектеп түлектері қандай мамандықты таңдасам екен деген сұрақтың алдында біраз тосылады. ОЛ, тіптен, жылдар,айлар бойы бұл төңіректе толғануы мүмкін,өйткені бұл төңіректе толғануы мүмкін өйткені, бұл оңай сұрақ емес. Бұл жерде ата-ананың,туған-туыстың,іні-қарындастың, жора-жолдастардың кеңесіне құлақ қойған да жөн.

Бірақ, шешімді сөз, ақтық таңдау өзіңде, жас талапкер! Жүрегіңнің түкпірінде жатқан асқақ арманың бар. «Кім болам?»деген сөз бар оған да құлақ сал.

Алуан-алуан сыры бар

Бейімді ескер де

Таңдап соның бірін ал

2-Топ оқушыларына « Біз білетін мамандық» сөзіне топтастыру жұмысын ұсыну

Аспазшы, Кітапхана, Ұшқыш, Бағбан, Бугалтер, Шофер, Геолог, Экономист, Шаштараз, Мұғалім, Құрылысшы, Краншы, Дәрігер, Заңгер

2 -жүргізуші сөзі:

Әсемпаз болма әрнеге

Өнерпаз болсаң арқалан

Сен де бір кірпіш дүниеге

Тетігін тп та , бар қалан деген абай сөзі

Бүгінгі отырған сіздер мен біздерге терең ой салса керек

1 жүргізуші сөзі: Қазақ халқының көрнекті педагог

ағартушылары, қоғам қайреткерлері Ы Алтынсарин, М Жұмабаев, Ж Аймауытов, А Құнанбаев өздерінің төл жазба әдебиеттерінде қазақ жастарын, адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, өнерлі азамат болуға және пікірлерден әдет- ғұрып, соқыр сезімдерден, ұрлық-зомбылық, жатыпішер, жалқаулық сияқты жаман қылық жат мінездерден аулақ ұстауға шақырады.

2-жүргізуші сөзі:

Адалдық,ақылдылық,адамшылық

Қайырымды,мейірімді, жанашырлық

Тәрбие оқу,сана-білімдарлық

Үшеуі ұлағатқа жол ашарлық

2топ оқушыларына Ы Алтынсаринің Бай баласы мен жарлы баласы Асан мен Үсен бейнесін талдау мәтін сөзі ұсынылады.
Асан
Ұқсастығы
Үсен

Бай баласы, бос белбеу, жалқау, мешкей, еріншек
Тұлға, екеуі де адасқан
Кедей бюаласы, тапқырлық ,еңбексүйгіш, тіл алғыш


1-жүргізуші сөзі: Қоғамдағы мамандық атаулының жалпы саны 30мыңнан асып жатады. Олай болса өмірге енді аяқ басқан жас ұландарымыз алдында мыңдаған кәсіптің өз жанына лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Әр адамның бірнеше кәсіппен айналысуға қабілеті болғанымен, соның біреуіне ғана ынтасы ерекше ауады. Өйткені, әр мамандыққа қажетті қабілеттілік деңгейі әр түрлі дәрежеде болады.


2 жүргізуші сөзі;

Ақыл-ойың көк теңіз

Талабыңды қостасын

Түсіндіріп өтейін

Мамандықтың көш басын

Құлағында ойнаған

Тіліп бұлттың ұлтанын

Зеңгір көкке бойлаған

Ұшқыш болғың келе ме?

2.Айлап, жылдап түн қатып

Сапар шегер алысқа

Толқындарды тулатып

Шағаламен жарысқан

Капитан бол кемеге

3.Көшет егіп жекелеп

Гүлдендіріп бар маңын

Нәрестедей мәпелеп

Мәуелеткен бау-бағын

Бағбан болғың келе ме?

Әлдилесе шалқарлы ән

Буынсыз, мың бұралған

Шара апайдай майталман

Биші болғың келе ме?

Қалап көңіл ауаны

Талап оны қолдаса

Кәсіптің жоқ жаманы

Нашар маман болмаса

2 топ оқушыларымен мамандық салаларына байланысты « Кім жылдам?» деп аталатын ойын ойнау

1. Оқу білім-бағдары

Заманының бағбаны ( Ұстаз)

2.Ара тұрар өлімге

Қай маман бұл өмірде ( Дәрігер)

3.Станогы жанды адам

Сансыз өрмек жалғаған

Тірлігі бар тынымсыз

Өрмекшіден аумаған ( Тоқымашы)

4 Жаңалықтың жаршысы

Қаламының жалшысы( Журналист)

5, Теңіз түбі тірлігін

Зерттеп, барлап,білді кім ( Ихтиолог)

6.Тау мен тасын, өзенін

туған жерді кезетін

Тамыршыдай дөп басып

Таба білер қажетін

Қай мамандық ол қане

Айтып жібер өз атын ( Геолог)

7. Еңбек орны-танабы

Сүйікті әні-дала әні

Егін жайын мәпелеп

Асырайды қаланы( Диқан-агроном)

Жүргізуші сөзі;

Талаптыға нұр жауар

Үміт оты жанды да

«Кім болам» деген бір сауал

тартылды міне алдыңа

Шешуші шақта, сындарлы

Көңілді тоқу, арман көп

Баяндап тарау жолдарды

Жөн сілтеп берсін Бағдарбек

Ортамызға Бағдарбекті шақырамыз

Бағдарбек сөзі;

Болу үшін сірә адам

Отқа да, салып сынаған

Еркелікті көтермес

Өмірдің жолы бұралаң

Өткеріп аяз-ақпанын

Көрерсің шуақ шақтарын

Жануы бақтың- өмірден

Өз орныңды тапқаның

Сол жолда талмай самғарсың

Кездес се де, қандай сын

Тірлікте мынау кәсіп көп

Қайсысын қане таңдайсың

Елдестірмек елші ме?

Жер қопарған кенші ме?

Асықпай толғап, таңда да

Біреуін соны елшіле

Фармацевт пе, балгер ме?

Төрелік айтар заңгер ме?

Жақынын жанға қалағын

Құр атағын сән көрме

Жылқышы ,әлде түйеші

Қайсысы саған тиесі

Қиналсаң, қане сөз алсын

Сол кәсіптер иесі

Жүргізуші сөзі;

Қолы шипа дауалы

Денсаулығы- сауалы

Ем сыйлаған еліне

Алғыс қана алары

(Ортаға дәрігер маман иесін шақырамыз)

Дәрігер сөзі

Судың да тауып зәм –замын

Ақтарған кеннің маржанын

Инженер бол да білікті

Ағаңның жалға арманын

( Ортаға тау кен инженері маман иесін шақырамыз)

Инженер сөзі

Қадірін ұқ жастықта

Өмір нәрі-астықта

Диқан болсаң ырыста

Келмес елге аштықта

(ортаға диқан агроном маман иесін шақырамыз)

Агроном сөзі

Бабадан қалған текті ізбен

Жылнама жырын көп тізген

Беймәлім қола дәуірдің

Мұрасын бізге жеткізген

( Отаға таприхшы маман иесін шақырамыз)

Тарихшы мұғалім сөзі

Жүргізуші сөзі

Тастап арзан ойыңды

Жақта үмітін алауын

Ортаға сап ойыңды

Қане қайсы қалауың

Тұрар қалыпты ырғақтан

Шырқай салып жол әнін

Отарбасын зулатқан

Мен машинист боламын

2оқушы;

Жұлдыздарды жағалай

Айға барып қонамын

Тұңғыш тоқтар ағадай

Мен ғарышкер боламын

3 оқушы

Ұланының талабын

Білмейді ғой әлі де ел

Ер жетем де баламын

Қолы жеңіл дәрігер

4-оқушы

Жылқышы ер ағаның

Кілең желмен жарысқан

Сәйгүліктер бағамын

Мен жылқышы боламын

5 оқушы

Мен,бе мен бе, балалар

Кәмелетке толған соң

Табиғатты аялар

Боламын бас орманшың

6 оқушы

Сай ғып заман салтына

Үлгісімен жобаның

Қоныс сыйлар халқына

Құрылысшы боламын

7 оқушы:

Бар әлемнің халқына

Тыңдатып ән ұранын

Табындырар даңқына

Боксшы боп шығамын

8 оқушы;

Түп төркінін сезіне

Мән мазмұнынын біл оның

Мағынасын біл дағы

Қолданып жүр өмірде

Оқушыларға нарықтық экономикалық қатынастар жайлы сұрақтар қою

Брокер дегеніміз-кәсіпкер, рынок маманы, сауда саттықтың тез пайдалы жүргізу көзін білетін адам

Өндірісті ұйымдастыру мен қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру мен басқару жөніндегі кәсіптенген маман

Машықтанған маманданған бастық, басқарушы, қоғамдағы әлеуметтік топ

Жерді кәсіпорындарды, малды егістікті,құрылысты,техниканы, үйді, тіпті мүлікті уақытша немесе ұзақ мерзімге пайдалану үшін белгілі келісім шарт бойынша жалдап алу

5.Валюта дегеніміз не?

Бір мемлекеттің ақша өлшем бірлігі және оның түрі

Жүргізуші сөзі:

Біліп жайын кәсіптің

Талай сырға қанықтық

Қандай іске машық кім

Зерделедік дәл ұқтық

Талаптан да сондықтан

Жақсы маман болып өс

Уақытпен жолды ұтқан

Өмір деген ұлы көш

Сол серуенге қосыл да

Өз орныңды тауып ал

Жаны толы асылға

Азамат бол бағы бар


Жүргізуші сөзі;

Бесіктен бүгін көрінген

Құттықтап ұшқан түлегін

Құрметпен ыстық көңілден

Білдірсін ұстаз тілегін

Келмеске кеткен бала шақ

Өренін жұртым танысын

Ертеңі елдің болашақ

Бақ қонып қыдыр дарысын

Шақырып алыс арманға

Асулар күтіп тұр алда

Өмірге ұлы самғарда

Жар бола көрсін бір алла


Жүргізуші сөзі:

Тілекті ізгі қуаттап

Әумин дейік қосыла

Қалатын жаның шуақтап

Ұстаздың пейілі осы да

Жолың да жігер- серігің

Алдың да мақсат, арман бар

Ұстаздың ақтап сенімін


Үмітін алға жалғаңдар

Жүргізуші сөзі: Құрметті оқушылар, және қонақтар! Бүгінгі өтіп отырған мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал деп аталатын кешті қорытындылап айтатын болсақ, кешке қатысып отырған Арман қуған түлектер заман ағымына ілесе алатын майталман азаматтар және өз ісіне берік мамандар болатынына сеніміміз мол


Болған соң елдің сәні біз

Үміт боп қалай жанайық

Қосылып қане бәріміз

Ұстазға бір ән арнайық

( Ұстаз туралы ән орындау)





































О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






« Мен өмірді сүйемін! »

( әңгімелесу)  










Өткізген :

10«М» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А
















2018-2019 оқу жылы


Мақсаты: оқушылардың өмір құндылығы туралы түсініктерін одан әрі тереңдету.
Міндеттері:
- оқушыларға өмір құндылығы туралы тереңірек білім беру;
- өмірге құштарлықтарын дамыту;
- өмірдің мәнін түсінуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, слайдтар, аудио кассета.

Шаттық шеңбері «Өмір жыры» Сөзі Т.Молдағалиевтікі
Әні Ә. Бейсеуовтікі
1.Өмір деген ойын да емес,той да емес,
Басқалардан биік тұрар бой да емес.
Өмір деген шахмат емес шатасқан,
Өмір деген ұта қояр дойбы емес.
Қайырмасы:
Өмір –қатаң емтихан,
Өтпейтіндер құлайды.
Қадіріне жетпейтіндер
Өмір бойы жылайды.
2.Өмір оны келе жатыр дәлелдеп,
Өмір деген - еңбек, еңбек және еңбек.
Өмір деген бақыттың да құсы емес,
Қарап жатсаң,қона қалар саған кеп.
Сұрақ-жауап: - Өмір дегенді қалай түсінесіңдер ?
Өмір сөзін тағы қалай айтуға болады?(тағдыр,тіршілік,махаббат)
Сәттілік сәті. Бір - біріне тілек айту арқылы жүрекшелерді сыйлау.


Мәтінмен жұмыс.Ш.Сариевтің өлеңімен таныстыру.Өмір тек бақыт,қуаныш,шаттықтан ғана емес,оның көлеңкелі жақтары да болатындығын ұғындыру.
Өмір деген тұрмайды қап - қарадан
Ш. Сариев
Өмір деген тұрады:таң мен кештен,
Ғұмырлы екі араны жанмен кешкен.
Құпия,жұмбақ,сырлы дүниеге,
Адамдар Армен келіп,Армен көшкен.
Өмір деген екі өзен: Мұң - қуаныш,
Толқыны: Шындық - Жалған, Күлкі - Намыс.
Бір таяздап өмірде,бір тереңдеп,
Бір лайланып,өмірде бір тұнамыз.
Күн десең де,тірлікті түн десең де,
Өмірде өсімдіктей бүрлесеңдер,
Жолында жолығатын қос тағдыр бар:
Жусан - Жантақ, гүл - Тікен,гүл мен Шеңгел.
Өмір дәмі,екі дәм: Ащы - Тәтті,
Таңдайыңа тиеді: Жұмсақ - Қатты.
Жолында жолығатын екі тағдыр,
Күтеді Адам үшін сын сағатты.
Өмір дәмі - екі дәм: улы – усыз,
Тірлік татып жатады шулы - шусыз.
Кез келіп тағдырына келеді Адам,
Жұмыр Жер құрлығында сулы - сусыз.
Қолға түспес дүние жұрт таласқан,
Кітап - Өмір парағын құнттап ашқан.
Сезінер жүрегімен,жаныменен,
Өмір әр кез ашық Күн,Бұлт та басқан.
Өмір деген тұрмайды: қап - қарадан.
Өмір деген тұрады:ақ - қарадан,
Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан Адам!
Ақын «АҚ»және «ҚАРА»деп нені меңзеп отыр?
Қай уақытта адам өмірі «аққа»толы болады?
Адам өз бақытын табу үшін не істеу керек?
Адам баласы не үшін өмір сүреді?
Өмір деген несімен қымбат?
Сенің өмірдегі мақсатың қандай?
Өмірдің мәнін түсінуге ұмтылу қаншалықты қажет?

Оқу ақпаратын оқыту,әр ойды тиянақтау,мысал келтіру
Адам өмір бойы өзін-өзі тану,құндылықтарды пайымдау,жақсы қасиеттерді өз бойына дарыту арқылы кемелденуге талпынады.
Халқымыз:
«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын,
Жаманның жамандығын айт - құты қашсын» - дейді.
Адам жаман - жақсыны ажырата біліп,жаманнан бойын аулақ ұстап, бойына жақсы қасиеттерді дарыта алғанда ғана дұрыс өмірлік айқындамасын таба алады.
Тапсырма.І.Оқушыларды екі топқа бөліп,тапсырманы топпен бірлесіп,өз ойларын пайымдау.
Әңгімелесу.Өмір тек бақытты кездерден тұра ма?
Дәйексөз.
Адам боп оңай туғанмен,
Адам боп қалу көп қиын.
«Елім үшін жаным құрбан» деген мақалды қалай түсінесіңдер?
Бейбіт заманда елі үшін жанын пида еткен қандай ерлерді білесіңдер?
Дәптермен жұмыс.1-тапсырма. Өмір туралы слайдтарды көрсету. Өмірдің әр сәтін өзіне түртіп алып, соның біреуіне өлең, мақал, ой толғау жазу немесе сурет арқылы бейнелеу. Өмірдің әр сәтінен ләззат алу.
Жүректен жүрекке. «Өміріңе немқұрайлы қарама» әнін бірге орындау.
Қорытындылау.
Ең бастысы - жүрегің таза болсын;
Өмір - сенің мүмкіндігің,пайдалана біл;
Өмір - сұлулық,сүйсіне біл;
Өмір - арман,жүзеге асыр;
Өмір - парыз,орындай біл;
Өмір - ойын,ойнай біл;
Өмір - байлық,бағалай біл;
Өмір - махаббат,ләззат ала біл;
Өмір - құпия,сырын аш;
Өмір - қайғы,көтере біл;
Өмір - күрес,жеңе біл;
Өмір - бақыт,баянды ете біл.
Бағалау.


Өмірді аяла
Өзіңе сен,өзіңнің күшіңе сен,
Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.
Алысыңда сыйлайды, жақыныңда,
Өзіңді өзің төменге түсірмесең.

Өз қайығың, бар болса өз ескегің,
Өмірде мен сені осал десем едім.
Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,
Шыдады алдан жап-жарық келешегің.

Қозғалмасаң, тоңазыр көлеңкең де,
Ескегіңді ес, бір мезет тоқтай көрме.
Өз қайығың болғаны қандай жақсы,
Қашан, қайда барсаң да өз еркінде.

Өкінсең де өткенің оралмайды,
Өшкен отың қайтадан жана алмайды.
Сен жасаған күнәні бір досың да
Бөліп-жарып өзіне ала алмайды.

Сенім
Еңбек етсем,ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер,
Уақытыма сенемін!

Достық іспен қасты да,
Жеңеріме сенемін!
Ақыл сана білім мен
Өнеріме сенемін!

Арым таза, ақ көңіл,
Адалдыққа сенемін!
Абыройлы ақ ниет
Адамдыққа сенемін!

















О. Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






« Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ »


Өткізген :

4 «е» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А












2012-2013 оқу жылы


Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекілігі: Оқу-білім туралы айтылған сөздер жазылған плакаттар. Балалар ақын-жазушыларының суреттері.

Барысы
І-бөлім.
Ұйымдастыру кезеңі

Кітапханашы:
Кітап та алма ағашы,
Жемісін біздер теретін.
Тәтті алмаға балашы,

Кітабыңның әр бетін, – деп Мұзафар Әлімбаев ағамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар сендерге білім көзі, рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш мектептің өзінде – ақ бүкіл адамзат өмірімен танысамыз.

Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп үлгі-өнеге мен тәрбие аламыз. Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Дана халқымыз «Батыр бірді жығады, білімді мыңды жығады» деп бекер айтпаса керек.

1-оқушы: Кітап – заманымыздың өмірі. Ол кәріге де, жасқа да қажет. Біз кітаппен күн сайын кездесеміз. Кітап адамның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дүниелерді оятып, ертегі, әңгімелермен сыр шертіскен кітап – біздің ең жақын ақылшымыз.

Кітапханашы: Балалар, ортамызға кітапты шақырайық.

Кітап: Балалар, мен білім көзі – кітаппын. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштардан қағаз шығарады. Содан соң авторлар жазады, суретші ағайлар сурет салады. Баспахана суреттер мен жазуларды жазып шығарады.

Кітапханашы: Кітап, ендеше сен, бүгін бізде қонақта болып, балалардың өнерін тамашалап қайт.

Адамның досы кітап – өмір кілті,
Тең келмес оған жиған мүлкі.

Ақылшы, жанға серік, жол бастаушы,
Асыл ой – қазынасы, өмір көркі.
Тұрады басын құрап әріп неден,
Басталған білім басы әліппеден.
Қарасақ – шалқар теңіз, түпсіз мұхит,
Оқысаң кітап сырын ашып терең.

Қазақстан азаматтары білімді, мәдениетті және өнерлі болу керек. Ол үшін терең білім, ғылыми жаңалықтар, өткен тарихымызды, өнерімізді білу үшін кітаппен тынымсыз еңбек етеді.

1-оқушы:
Саған білім жемісін,
Оқулығың береді.
Талай адам сол үшін,
Маңдай терін төгеді.
Орманшының аялы,
Алақаны өсірген.
Сонау ағаш саялы,
Қағаз үшін кесілген.

2-оқушы:
Ағаш кесіп қанша адам,
Ормандарда жүреді.
Аға қанша шаршаған,
Ағаш тиеп үнемі.
Машинист боп жасынан,
Дүбірлетіп даланы.
Сол ағашты тасыған,
Білер ме екен көп адам.

3-оқушы:
Заводтарда күні-түні,
Қағаз жасап бағалы.
Қанша адам кім үшін,
Маңдай тері тамады.
Оқулықты баршаға,
Талай ғалым қолға алып.
Жылдар бойы қаншама,
Жазады ұзақ толғанып.

4-оқушы:
Бояу жағып не түрлі,
Суретшілер көркемдеп.
Қанша уақыт отырды,
Әріп теру үшін де.
Талай адам терледі,
Баспахана ішінде
Айлап тыным көрмеді.

5-оқушы:
Оқулықты мектебің,
Берер саған теп-тегін.
Білмейсің-ау еш бірақ,
Қаншама еңбек кеткенін.
Оқулығың – құралың,
Жағар білім шырағын.
Баса алмайсың ешқашан,
Онсыз алға бір қадам.

6-оқушы:
Оқулықты құрметте,
Күтіп ұста, кірлетпе.
Кішілерге табыс ет,
Дақ түсірмей бір бетке.

Кітапханашы: Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Ол енді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімділікке, төзімділікке баулиды. Кітап жаман әдеттерден аулақ болуға шақырады.

Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында қолданады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз.

Балалар, бүгін бізге мектебіміздің кітапхана меңгерушісі келіп отыр. Ол кісі қазір сендерге кітапханаға келіп түскен оқулықтар мен әдеби кітаптарды таныстырып өтеді.

Кітапхана меңгерушісі: Балалар, қыркүйек айында әп-әдемі, сыртының жаңа мұқабасы мен әдемі суреттерімен, небір асыл маржандай сөздерімен, қиын да, қызықты есептерімен күлімдеп, алдарыңа келген оқулықтар мамыр айының аяғында ренішпен, мұңлы болып кітапханаға келіп жатады. Енді, сол оқулықтардың ренішін көрініс арқылы тамашалап көрелік.

ІІ – бөлім.

«Кітаптар мұңы».

- Ей, бауырым, тұрсаңшы! Біз қайда келдік өзі?
- Ой, мазамды алмашы. Өйткені тірлігі бар болсын. Одан да парақтарымның жыртылып, желге ұшып кеткені дұрыс еді.
- Не болды, не болды соншама? Жалғыз сен деймісің, осындай күйге түскен?
- Өй, сен кімсің, сыртың бүп-бүтін ғой өзіңнің.
- Сыртымды қайтесің? Сыртым бүтін болғанымен, ішім – түтін. Ана тілімін. Мені басып шығару үшін қаншама адам баласы еңбек етті.
Балалар оқысын, сауат ашсын, адам болсын деген ниет қой бәрімізде. Мен де өзімнің білімімді беруге тырыстым.
- Бәріміз де сондай ниетте едік. Артықбай деген баланың қолына түстім.
- Мен Сотқарбай деген баланың кітабымын, Ол парақтарымды жыртып алып, кептер жасап, ұшырып ойнағанда «қой» демеді ғой үлкен ағасы, шіркін!
- Онда мұңдас болдық қой, достым. Біздің Артықбай көзімді бақырайтып қойып, суретімді бастырып, бетімді шимайлады.
- Адам өз мүлкіне ұқыпты болса ғой. Әдепті балалар көп. Мысалы, менің бір досым бар. Ол екеуміз парталас болдық. Соның иесін айт, оқушы деп! Бүлдірмек түгілі, шаң мен кір жуытпайды.
- Ендігі алдағы күніміз не болар екен? Мүмкін бәрімізді жинап-жинап, отқа жағар? Кітап шығару үшін көп қаржы керек қой.
- Иә, достар, қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсе екен.

ІІІ – бөлім.

«Кітап емханасы».

Кітапханашы: Балалар, бүгін бізге дәрігер келіп отыр. Ол кісі бізге кітаптардың сұраулары туралы біраз мағлұмат береді.
Дәрігер апай, сізге сөз кезегі.
Дәрігер: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Адамдар мен жан-жануарлар сияқты кітаптар да ауырады.
Кітаптарда мынандай ауру түрлері болады:
1. Туғаннан пайда болған аурулар (баспадан дұрыс басылмаған).
2. Қартайғаннан болатын аурулар (көп жыл ұсталғаннан).
3. Жұқпалы аурулар (жыртылып, сия төгіліп, май қолмен ұстаудан).
4. Дұрыс жағдай болмағандықтан болатын аурулар (терезенің алдында күнде көп тұру немесе ылғал, дымқыл жерде сақталу).
5. Бақытсыздықтан болатын аурулар (жығылып батпаққа бұлғану, жыртылу)
Егер осылардан сақтасаңдар кітаптарың ешқашан ауырмайды.

Кітапханашы: Міне, балалар, көрдіңдер ме, біз бүгін көптеген мағлұматтар алдық.
Осы кітапханалардың балаларға білім негіздерін сапалы меңгертуде, жан-жақты тәрбие беруде, әр түрлі әдеби шығармалармен таныстыруда атқаратын маңызы зор.
Сондықтан, ең алдымен, кітап қазынасының ордасы – кітапханадан бастайық.






















«О. Бөкей атындағы №44 мектеп» КММ

Коммуналдық мемлекеттік мекеме






«Жер сілкіну туралы не білеміз?»

( кездесу)


Өткізген :

11 «М» сыныбының сынып

жетекшісі Мухажанова М.А












2019-2020 оқу жылы

Мақсаты: 

Көнекілігі: 

Барысы
І-бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім:

Жер сілкіну дегеніміз - жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы кенет ығысу және ыдыраулардың әсерінен туатын жер асты дүмпулері мен жер бетінің тербеле қозғалуы!

Оқушылардан : Жер сілкіну кезінде не істеу керек?

Жер сілкіну кезінде не істеу керек?. Қазіргі кезде сейсмологтардың алдында тұрған зор міндет жер сілкінуді болдырмау немесе халықты алдын ала сақтандыра білу болып табылады.
Амина: Жер сілкіну ұзаққа созылмайды,әдетте бірнеше секунтдардың ішінде ғана өтеді!Бірақ жер асты дүмпулері бірінің артынан бірі қайталанып,бірнеше жылдарға жалғасуы мүмкін!Мысалы,Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкіну 3 жылға созылған!
Диас: Жер сілкінісі жиі қайталанатын аудандарда зілзалаға төзімді үйлер тұрғызылады!Мұндай үйлердің қабырғасы арасына темір салынған бетон құймалармен бекітіледі,іргетасының беріктігіне айрықша көңіл бөлінеді!
Жер сілкіну уақытын болжауда жануарлардың да себі тиетындігі байқалған!Кейбір жануарлар жер сілкінуге бірнеше сағат абыржи бастайты екен!Мәселен,жылқы жем жемей,кісінеп,жан-жағына қарап үркеді!Құстар у-шу болып,аспанды шыр айнала ұшады!Аквариумдағы ұсақ балықтар ерсілі-қарсылы тынымсыз жүзеді!
Толқын: Жер сілкіну балдары
1-2 балл - Жер бетінің тербелісі құралдардың көмегімен ғана байқалады!Адам сезбейді!
3 балл - Жер асты дүмпуін аздаан адам байқайды!
4 балл - Жер асты дүмпуі анық естіледі!Әйнек дірілдейді!Жер сілкінгенін кптеген адамдар байқайды!
5 балл - Ілулі заттар шайқалады!Ұйқыдағы адамдардың көпшілігі оянады!
11-12 балл Жер бетінде көптеген жарықтар пайда болады,тауларда опырылу көп болады!Жер беті өте үлкен мөлшерде өзгеріске ұшырайды!Мұндай жер сілкінулер өте сирек болады!
  Тоғжан:Сейсмикалық болжам жасау — ерекше маңызды іс. Әсіресе, қысқа мерзімді болжаулар апат мөлшерін азайтуға, адамдарды күні бұрын ескі үйлерден көшіруге, құрылыс конструкциясын жетілдіруге, құрылыс материалдарын, техника, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын әзірлеуге мүмкіндік берген болар еді. Әрине қысқа мерзімді шұғыл болжамдар жасау — өте жауапты іс, өйткені, өн- діріс орындарының жұмыстарын тоқтату, адамдарға тұрған ү-лерін тастап кету және т. б. толып жатқан талаптар қойылады. Сондықтан, қысқа мерзімді болжам жасаушы мамандардың жауап-кершілігін арттыру қажет. Ал жергілікті үкімет орындары сенімді информация негізінде жақындап келе жатқан апаттан адамдарды қорғап қалу мақсатында шұғыл шешім қабылдап, ұй ымдастыру шараларын жүзеге асыруға тиіс. Бізде қысқа мерзімді болжамдар жасау ісінде азды-көпті жиналған тәжірибе бар. Назерке:Мысалы, Тәжікстанда болған (1989)1 жер сілкінісі алдында, жақындап келе жатқан апат жайында дер кезінде алдын ала ескертілді. Бірақ, өкі- нішке орай, жергілікті үкімет орындары сақтану шараларын дер кезінде ұйымдастыра алмағандықтан, ғалымдардың бұл болжамы аяқсыз қалды деуге болады. Соның салдарынан көптеген адам зардап шегіп, құрылыс орындары қирады. Бұл секілді өкінішті жағдайларды болдырмас үшін, жалпы жер сілкінуден сақтану шараларын дер кезінде жүзеге асыруға бағытталған арнаулы зан қабылданып, осы мақсатта жұмсалатын қаржы жөніндегі және т. б. толып жатқан (финанстық және экономикалық) мәселелерді шешу қажет. Алайда бұл мәселелер әзірше шешілмей отыр. Өйткені, қысқа мерзімді болжам жасау проблемасы әлі де болса сейсмикалық зерттеу әдістерін жетілдіруді қажет етеді.

Ал енді жер сілкінуге дейінгі сақтану шаралары,жер сілкіну кезіндегі тәртіп және жер сілкінуден кейін не істеу керек екендігі туралы қысқаша нұсқаулар беруді жөн көрдік. Өйткені көп адамдар жер сілкіну кезінде орынсыз әбіржіп-сасу немесе үрейлену салдарынан көп зардап шегеді.

Аяжан : Жер сілкінуге дейін не істеу керек

Үйде батареямен жұмыс істейтін радиоқабылдағыш, калта шам (электрлік фонарь), от сөндіргіш баллон және дәрі-дәрмектер сауыты (аптечка) болуға тиісті. Жарақаттанған кісілерге алғашқы көмек беру ережелерін алдын ала үйреніп, қажетті жағдайда көмек бере білу керек (дәрігерлік жедел көмек келгенше); электр энергиясынын, көзін және су мен газ крандарын қауіпті жағдайда жауып тастау үшін, олардың орналасқан нүктелерін алдын ала білу қажет; шкафтар мен этажеркаларды және стеллаждарды үй қабырғасына жақсылап бекітіп, жоғарғы полкаларда орналасқан ауыр заттар болса, оларды төмен түсіру керек. Осы тәрізді сақтану шараларын қызмет орындарында, мектептерде және т. б. мекемелерде де жүзеге асыру қажет.

Арсен: Жер сілкіну кезінде не істеу керек

Ең жақсысы орынсыз әбіржіп-саспау керек; өзіңнен басқа адамдарға үрей туғызбай, оларды тыныштандыруға тырысу керек. Егер үйде болсаңыз үй ішінде, көшеде болсаңыз көшеде қала беру керек. Өйткені, көп кісілер жер сілкіну кезінде үрейленіп, сасқанынан не істеп, не қойғанын білмейді; паникаға беріліп, үйден Қашып шығу кезінде зардап шегеді. Үй ішінде болғанда есіктің қуысында немесе екі тіреу аралығында тұру керек, егер үлгерсеңіз стол астына тығылыңыз. Ал егер көщеде болсаңыз электр жүйесінен аулақ болып, мүмкіндігінше тар көшеде қалып қоймаңыз. Егер автомобиль рулінде болсаңыз ашық алаңда тоқтатып, автомобиль шықпаңыз.Егер сіз аласа үйде (бірінші-үшінші қабатта) болсаңыз сыртқа шығып кетіңіз, ал көп этажды биік үйлерде болсаңыз үйде қалған жөн. Сіріңке тұтату немесе май шам жағу өте қауіпті. Өйткені газ аралас ауа тез тұтанып, өрт шығуы немесе қопарылыс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, үйден сыртқа қашып шығуға мәжбүр болсаңыз, лифт арқылы емес кәдімгі баспалдақтарды пайдалану керек.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
1138
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі