Мақсаты:Бауырсақ ертегісінің қойылымын көрсету арқылы балалардың танымдық белсенділігін арттыру. Балаларды кішіпейілділікке, мейірімділікке өзара сыйласып, достық қарым-қатынаста болуға, бірін-бірі құрметтеп, үлгі тұтуға тәрбиелеу.
Міндеті: Балалардың
ертегіге қызығушылығын
ояту.Балаларды қазақтың ұлттық
тағамдарымен танысыру. Бауырсақтың жасалу жолын
үйрету, өлеңнің мазмұнын айтып беруге жаттықтыру,
үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай
білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсінік беру, сахналау,
сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерлер; шал, кемпір, бауырсақ, қоян , қасқыр , аю, түлкі,декарация
Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме?
Балалар қонақтарға амандасамыз.
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Күз мезгілінің ерекшеліктері?
балаалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ма?
Балалар мен сіздерге бүгін бауырсақ ертегісін айтып бергім келіп
отыр.
(Бауырсақ ертегісін
үстел үсті театр)
Ерте-ертеде бір шал мен кемпір болыпты. Шалы бір күні
кемпіріне:
- Кемпір, кемпір,
қамбаның түбін қақсаңшы, елеуішпен елеші, қарны ашқан шалыңа,
бауырсақ пісіріп берсеңші, - депті.
Кемпірі қалақша қолға алыпты, қамбаның түбін қағыпты,
елеушпен елепті, табақшаға салыпты, екі уыс ұн болыпты. Қаймаққа
ұнды илепті, дөңгелектеп алыпты, ыстық майға салыпты, Бауырсақты
піскен соң, атай баппен жейді деп, суытуға қойыпты.
Бауырсақ суып жатыпты, жатып ойға батыпты, қашайын деп осы үйден,
бір ойға нақ бекіпті. Жақтаудан түсті сәкіге, сәкіден түсті еденге,
табалдырықтан секіріп, жетіп барды сенекке. Сенектен сыртқа
беттеді, аулаға шығып кетеді, аулаға шығып алған соң, домалап
соқпақ жолменен, ұзай-ұзай кетеді.
Жол бойымен домалап, келе жатса бауырсақ, қарсы
алдынан тап келді, ұзын құлақ
Қоян.
Сонда қоян Бауырсаққа:
– Бауырсақ,
бауырсақ, мен сені жеймін, - депті.
Бауырсақ оған былай дейді:
– Жей көрме мені, Қояным, ән айтып берем, тыңдағын, - дейді.
– Жарайды, ендеше, айта ғой, - дейді Қоян.
Менің атым – Бауырсақ,
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қоян сенен құтылу,
Қиын емес – бұл маған!
Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңқау Қоян аңырып тұрып қалды.
Бауырсақ зыр домалап жөнеледі, зыр домалап Бауырсақ келе жатса, алдынан сұры Қасқыр кездеседі.
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - дейді Қасқыр.
– Сұр Қасқыр, мені жемеші, ән салып берем, тыңдашы, - деп Бауырсақ әндете жөнеледі.
Менің атым – Бауырсақ,.
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқыр сенен сытылу,
Қиын емес – бұл маған!
Бауырсақ ары қарай домалады, аңырып Сұр қасқыр жолда қалды .
Домалап Бауырсақ тағы жөнеледі, алдынан Аю сонда кез келеді:
– Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін, - депті Аю.
– Жей көрме, Аю атайым, тыңдашы саған айтайын, - деп Бауырсақ әнін бастайды:
Менің атым – Бауырсақ,
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Аю сенен сытылу,
Қиын емес – бұл маған!
Осылай деп, Бауырсақ домалады, аңырып Аю маймақ жолда қалды.
Бауырсақ домалаумен келе жатты, осылай талай-талай белден асты, домалап жол үстінде келе жатса, қу Түлкі жылмаң етіп келе қапты.
– Бауырсақ, домалап қайда барасың, - депті сонда Түлкі.
– Жол жүріп кетіп барамын, - депті Бауырсақ.
– Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеп қоям! - депті Түлкі,
– Жемеші, Түлкі, ән салып берем мен саған! – депті Бауырсақ.
Бауырсақ сонда:
Менің атым – Бауырсақ,
Атайдан да құтылдым,
Әжейден де сытылдым,
Қояннан да құтылдым,
Қасқырдан да құтылдым,
Аюдан да сытылдым,
Түлкі сенен құтылу,
Қиын емес – бұл маған!
– Әнің жақсы-ақ, Бауырсақ,
нашар еді бұл құлақ, тұмсығыма шығып ап, айтып берші қайталап,
дауыстап бір қаттырақ, - депті сонда Қу Түлкі.
Тәрбиеші: Түлкі сен олай
бауырсақты алдама, біз саған бауырсақ жасап береміз. Балалар
жасаймыз ба бауырсақ?
Балалар үйде сендерге бауырсақты кім пісіріп
береді?
Тәрбиеші: ИА Әжелерің аналарың,
апаларың. Ал бүгін балалар сендер жасайсыңдар
бауырсақты.
СЕРГІТУ
СӘТІ
Мен илеймін илеймін
Бауырсақты илеймін
Анамада беремін
Әкемеде беремін
Мен илеймін илеймін
Бауырсақты илеймін
Тәрбиеші:Ал енді балалар
алдарыңызда тұрған бауырсақтың қамыры, осы қамырдан бауырсақ
жасаймыз. Тақтайға ұнды себелеп бауырсақтың қамырын оқтаудың көмегі
мен ыситын боламыз. Содан соң алдарыңызда тұрған пішін мен бауырсақ
жасаймыз.
Тәрбиеші:Балалар сендердің
бауырсақтарыңның пішіні қандай?
Тәрбиеші: жарайсыңдар (аспазшы
келіп бауырсақтарды алып кетеді)
Тәрбиеші: Дастархандағы ұлттық
тағамдарды көрсетеді. Балалар бұл біздің ұлттық тағамдарымыз.
Бауырсақ, құрт, ет, шұбат. Бұрын біздің ата-әжелеріміз осы ұлттық
тағамдарды көп жеген сондықтанда олар ауырмаған, осы табиғи
тағамдарды жеп олар батыр болған.
Дидактикалық ойын:
«пайдалы және зиянды тағамдар»
Шарты: балалар ұлттық
тағамдарды ұлттық киім мен тұрған балаға ұлттық тағамдарды салады.
Қазіргі заманның баласына фасфуд тағамдарын
салады.
Тәрбиеші: Жарайсыздар
балалар.Енді бауырсақты дәстүрден тыс тәсіл арқылы бауырсақты
жапсыратын боламыз. Сары түсті қағазды бөлшектерге бөліп желім
жағып қағазда орналасқан бауырсақтың үстіне
орналастырады.
Балалар біз нан туралы
тақпақ білеміз соны маған айтып беріңдерші?
Нан қиқымын шашпаңдар!
Жерде жатса баспаңдар!
Теріп алып қастерлер,
Торғайларға тастаңдар.
Жарайсыңдар балалар. Нан бізге үлкен еңбек пен келеді сондықтан оны
қастерлеуіміз керек.
Тақырыбы: «Ең дәмді бауырсақтар»
Өткізген Мектепалды тобының
тәрбиешісі:
Педагог- модератор Раушанова Амангүл Нұрболатқызы
Атырау 2025ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ең дәмді бауырсақтар

шағым қалдыра аласыз