Ең қиын мамандық - адам болып қалу

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ең қиын мамандық - адам болып қалу

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сынып жетекшілерге қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ең қиын мамандық - адам боп қалу

Хосе Хулиан Марти


Менің осы мамандықты таңдау уақытым анамның мамандығына деген сүйіспеншілігі және сол мамандыққа деген жанашырлығынан басталады. Кісілік пен кішілікке үлгі болған анамның осы мамандық жолында қиындығын да, алғысын да ала білген адамдардың бірі. Анамның түнімен отырып жазу жазғаны, таңертең таң атпай ерте тұрып қолына қалам алып компьютердің алдында отыруы, күндіз кешке дейін мектепте жүруі осының барлығы мұғалімдік мамандықтың ең қиын мамандық екендігін түсіндім және қызықтым осы мамандыққа.

Менің мамам Мыңбаева Рая биология пәнінің мұғалімі. Ол кісі әр кез менің ұстаздық болмысымның қалыптасуына дем берді.  «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші ұстаз мамамнан алған тәлім тәрбие бәрі де менің ұстаздық болмысымның нық қалыптасуына үлкен үлесін қосты деп ойлаймын. Балалық шағымнан менің үлгі тұтатын адамым - анам. Ол кісіге қарап мұғалім болуды армандадым және сол арманыма бүгінде қол жеткіземін деп ойлаймын. Қай жерде жүрсемде анам аты аталса, ол кісінің еңбегін бағалайтын, елең етпейтін адам жоқ екенін біліп мақтанамын . Ал менің жадымда анам бала жастан жаныма - жалау, өміріме - сүйеніш бола білген, азаматтық қалыптасуыма зор ықпалын тигізген үлкен дос болып қала береді.

Ұстаз - ұлағатты ұғым.
Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі -Ұстаз. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.

«Ұстаз» деген қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған. «Ұстаздан тәрбие алған» немесе «ұстаз алдын көрген» деген сөздер құлаққа «ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріміздің бір кірпішін дұрыс қалауымыз керек. Сондықтан мамандық таңдау уақытынан қателеспеуіміз керек. Мен мұғалімдік мамандықты қадірлеймін және осы таңдауыма жетуге еңбектенемін.
Жармыш орта мектебі

Шахтыбай Алмат 9- сынып




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
2819
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі