|
Мақсаты мен
міндеттері
|
-Психологиялық және
педагогикалық білім тәжірибесімен бөлісе отырып ата- ананың бала
тәрбиесіндегі рөлінің өзектілігін айқындау
.
-Баланың мейірімді,
сыпайы, саналы болып өсуіне ықпал ету жолдарын бірлесе
қарастыру.
-Ұрпақ тәрбиесіндегі өздерінің
нақты міндеттері мен рөлдерін анықтауға мүмкіндіктерін
молайтады.
- Мектеппен,ұстазбен бірлесе
жұмыс жасау арқылы «үштік одақ» құра отырып, жауапты тұлға
қалыптастыра алатындықтарына көз
жеткізу.
|
|
Күтілетін
нәтиже
|
-Бала тәрбиелеудегі ата-ананың
алатын рөлі мен оның маңыздылығын тереңірек
түсінеді;
-Ата-ана үшін ұстазбен , ұстаз
үшін ата-анамен тығыз қарым-қатынаста болып, танып, біле
отырып,оқушымен қарым-қатынас құру
жеңілдейді;
-Педагогикалық,психологиялық
кеңес алады.
-Келесі жиналыста қаралатын
мәселеге өз тараптарынан ұсыныс беріп, тақырып таңдау дәрежесіне
жетпек.
|
|
Психологиялық
ахуал
Ой
толғаныс
Үш топқа да мәтіннің
толық емес нұсқасы
таратылады.
Ой
ширату
Ассоциация
|
-Сәлематсыздар
ма,ата-аналар!
Жаңа жылда
барлығыңызды аман-есен көргеніме қуанып
отырмын.
Бүгінгі
жиналысымызды «педагогикалық шеберхана» түрінде
өткізбекпін.
Педагогикалық
шеберхана- бұл ата-ана мен мұғалімнің
бірігіп жұмыс істеу
ортасы,әдісі.
Ендеше бүгін бәріміз
бірге шеберханада жұмыс жасайтын боламыз.Алдымен таңдаған
фигуралардың бойынша мінездемелерін
оқиын:
Шаршы- өзін тұрақты ортада ыңғайлы
сезінеді,нақты тапсырманы қалайды. Ол барлығы белгіленген тәртіппен
болғанын көреді.Егер де оған тапсырма берсе,ол оны аяқтағанша,тіпті
жалғыз қалса да, орнынан
кетпейді.
Үшбұрыш-өзіне мақсат қояды.Ол үнемі
жоспармен жүреді және сол жоспарын орындаған сайын одан ләззат алып
алға қарай ұмтылады.Ол ірі ұзақ мерзімді істерге көп көңіл бөледі
де кішкентай бөлшектерге мән бермейді.Егер оған тапсырма берсе,ол
алдымен өзіне мақсат қойып содан соң оны орындау жоспарын
құрады.
Шеңбер-адаммен тез тіл табыса
алады,көпшіл.Ол басқалармен қарым-қатынас жасап,сөйлесе жүріп өз
жұмысын бітіреді. Адамдардың арасында жайлылықты ең жасап,сөйлесе
жүріп өз жұмысын бітіреді.Адамдардың арасындағы жайлылықты ең
алдыңғы орынға қояды. Егер де оған тапсырма бере, ол басқа біреумен
ақылдасады.
Сонымен үш түрлі топ
пайда болды.
«Адам болып
қалу»мәтінінің дұрыс нұсқасын
хабарлап, негізгі ойды
түйіндеу.
Ертеде жұрттың
барлығына танымал бір данышпан тұрыпты. Бір адам оның барлығын біле
бермейтінін дәлелдегісі келіп алдына келеді.Ол алақанына бір
көбелекті салып данышпаннан сұрайды: «Айтшы,менің алақанымдағы
көбелек тірі ме әлде өлі ме?» . Ал өзі ішінен ойлайды: « Егер де
тірі десе мен оны қысып өлтіріп тастаймын.Ал егер өлі десе- ұшырып
жіберемін.»Данышпан ойланып тұрып: «Бәрі де өз қолыңда» деп жауап
беріпті.
Біздің балалырмыз
мектеп өзін үйіндегідей сезінуге жағдай жасау біздің қолымызда.Ол
үшін мұғалім мен ата-ана тығыз байланысты болып бірігіп жүргізу
қажет.Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты да сол-бір-бірімізбен жақын
болу,ауызбіршілікте,ынтымақтастықта жұмыс жасау.Бұл біз бен сіздің
қолымыздан келетін дүние,өйткені жоғарыдағы данышпан айтқандай,
«бәрі де өз қолымызда».
«Үлгілі бала»
бейнесін жасау

|
Геометриялық
фигураларды таңдау арқылы өз орындарын табу.Таңдалған фигуралар
бойынша сипаттама беріледі.
Тапсырмаға сәйкес
музыка қосылады,ән шумағы
айтылады
Үшбұрыш, шаршы және
дөңгелекті таңдаған ата аналар топтарға бөлініп әке, ана,бала
туралы әндерді шырқайды.
Топ спикерлері
мәтінді өз нұсқалары бойынша
болжайды.
Топ мүшелері үлгілі
баланы қалыптастыру жолдары мен оның жағымды қасиеттері туралы
постер қорғайды
|