400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Ең үлкен байлық

Материал туралы қысқаша түсінік
адамгершілік бойынша Ең үлкен байлық тақырыбында ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы:Ең үлкен байлық

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып,кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы адам өз денсаулығын күту қажеттігін түсіндіру

2 Оқушыларды еңбек етуге үйрете отырып,адамгершілікке,имандылыққа,мейірімділікке тәрбиелеу.

3 Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін жетілдіре отырып,сөздік қорын молайта отырып,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі:көрініс ретінде түсіндіру,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі:слайд,қар,қар салынған себет

I Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару

II Кіріспе

Сергіту сәті

Тік ұстап денеңді,Сапқа тұр сен енді.

Жанға сеп шынығу

Жаттығып тынығу

Сымбатты болу да

Өзіңнің қолыңда

Слаид.Би билеу

-Балалар қалай ойлайсыңдар адмның көңіл-күйі көтеріңкі болуы неге байланысты ?

-Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеуіміз керек?

III Негізгі бөлім

Көрініс көрсету

Ең үлкен байлық

Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып,әрдайым мұңын шағудан жалықпайды екен:

-Шіркін –ай,егер менің байлығым көп болса,қандай жақсы болар еді.Мен онда асып-тасып өмір сүрер едім,-деп,зарлауын қоймайды.

Бір күні жігіттің лашығының қасынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып,зарлап отырған әлгінің қасына келіп:

-Саған не болды сонша жыланып?Сен нағыз бай адам емессіңбе?-деп сұрайды.

-Мен баймын ба?-деп таң қалады жігіт.-Қане ,қайда ол байлық.

-Сенің көздерің ше?Бір көзіңді біреуге қаншаға берер едің ?-деп сұрады қарт

-Оның не?-деп ,шошып кетті жігіт

-Мен көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын!

-Жарайды ,-деді тас қашаушы.-Ендеше екі қолыңды шауып тастасын,ол үшін саған көп алтын береді.

-Жоқ!Қолымды бермеймін,алтының керек емес,-деді жігіт.

-Міне ,көрдің бе.Сен өте бай адамсың ғой,-деді қарт тас қашаушы.

-Ендеше,несіне зарлай бересің?Маған сенсең,адамның ең үлкен байлығы-күш қуаты мен денсаулығы.Оны ақшаға сатып ала алмайсың,-деді де ,ол өз жөніне кете барды.

IV Пысықтау сұрақтары

«Қар жинау» ойыны

Шарты:Оқушыларға әңгіменің не туралы болғандығы туралы сұрақ-жауап болады.Әр оқушы сұраққа жауап беру арқылы себетке қарды салады.

-Әңгіме тақырыбы қалай аталады?

-Әңгімеде қандай кейіпкерлер бар?

-Жігіт неге көңілсіз отырды?

-Жігітке кім кездеседі?

-Ол қартпен не туралы әнгімелесті?

-Жігіт байлықты қалай түсінді?

V Қорытынды

-Бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталады?

-Бүгін не туралы әңгімеледік?

VI Бағалау

Оқушылардың білімдеріне қарай мақтап-мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 қыркүйек
88
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі