жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Ең үздік математиктер» атты интеллектуалдық ойын
Сабақтың тақырыбы: « Ең үздік ойыншылар » атты интеллектуалдық ойын.
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың жан-жақты білімдерін қалыптастыру
және математиканың басқа пәндерімен байланысын көрсету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз ойларын жүйелі түрде дұрыс
жеткізе білуін қалыптастыру, логикалық ойлауын дамыту және есептерді
жылдам , әрі қатесіз шығаруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды табандылыққа , шапшандылққа, ұқыптылыққа, адамгершілікке, сыйластықта жұптаса өнер көрсетуге баулу.
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
«Ең үздік ойыншылар» атты қызықты математикалық 6 сыныптар арасында өтетін интеллектуалдық ойынға қош келдіңіздер!
«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.
Олай болса, 6 сынып оқушылары арасында өтіп отырған «Ең үздік ойыншылар » атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.
Ғылымдардың патшасы атанғансың
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.
Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа
Жасықтан емессің сен, қаталдансың
«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін
Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Ең үздік ойыншылар» ойынына қатысушыларды шақырамыз. Сайысқа 6 «А» сыныбы «Шаршылар» тобы, 6 «Ә» сыныбы «Тіктөртбұрыштар» тобы, 6 «Б» сыныбы «Дөңгелектер» тобы. Орындарыңызға келіп жайғасыңыздар.
Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
І бөлім – «Бәйге»
ІІ бөлім – «Дода»
ІІІ бөлім – «Кәде»
ІV бөлім – «Жорға»
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын ,
Білімдіге – биіктен орын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.
І бөлім «Бәйге». / Топ басшыларының сайысы /
Бұл бөлімде топ басшыларына 5 сұрақтан сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
І топқа Сұрақтар: /Мадина/
1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды ...... сандар деп атайды.
1-ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандарды жай сандар деп атайды.
Егер сан 2-ге де,3-ке де бөлінсе ,онда ол сан ...... да бөлінеді.
Егер сан 2-ге де,3-ке де бөлінсе ,онда ол сан .. 6-ға да бөлінеді
Алымы бөлімінен кіші бөлшек ...... бөлшек деп атайды.( дұрыс)
Алымы бөлімінен кіші бөлшек дүрыс бөлшек деп атайды
Шеңбердің ең үлкен хордасы ....... деп аталады
Шеңбердің ең үлкен хордасы диаметр деп аталады.
Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
ІІ топтың топ басшысына / Айым/
1.Бөлімдері бірдей бөлшекті қосқанда......
Бөлімдері бірдей бөлшекті қосқанда олардың алымдарын қосып,алым етіп,ал бөлім етіп,сол бөлімнің өзін қалдыру керек.
2. Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан?
Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан 1.
3. Дөңгелектің ауданы .. / S=R2/
4. Шеңбердің ұзындығы /С=D=2 R/
5. Сан 9- ға бөлінуі үшін / цифрларының қосындысы 9-ға бөлінуі керек/
ІІІ топтың топ басшысы ортаға келіңіз. / Жақия/
Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? (натурал сандар)
Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады? (жұп сандар)
Қандай сандар жай сандар деп аталады? Мысал келтір (өзіне және 1-ге ғана бөлінетін)
Жай бөлшектерді бөлу үшін ...
Шаршының периметрі / P=4a/
ІІ бөлім. «Дода»
«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,
Мықтылары қалыпты жеңсін енді.
Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай
Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода» бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 есеп беріледі. Әрбір топ көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап 10 ұпай/. Ең ұпайы топ басшысының таңдауға мүмкіндігі бар. / Ұпайы көпке таңдату/
Масштаб
|
Ерітінді
|
Қозғалыс
|
Өнімділікке |
Қозғалыс: Теплоходтың меншікті жылдамдығының ағыс жылдамдығына қатынасы 10:1 қатынасындай. Теплоходтың меншікті жылдамдығы ағыс жылдамдығынан 24,3 км/сағ артық. Теплоход ағыспен 5 сағатта қандай қашықтыққа барады? 10-1 =9 24.3: 9= 2.7
2.7*10 =27 27+2.7 =29.7 29.7*5 = 148,5 км Ж 148,5 км
Масштаб: 4,6 см кесіндіге Жер бетіндегі 230 км арақашықтық сәйкес. Жер бетіндегі 575 км арақашықтыққа осы картада неше сантиметр кесінді сәйкес?
4,6/230 00000 см= 1/5000 000 1/5000 000 = x/ 575 00000 cv x= 275 000 00 : 5000 000=5.5 cm
Ж -5,5 см
Ерітіндіге: Массасы 150 г, концентрациясы 40% ас содасы дайындалған. Оған қанша су қосқанда концентрациясы 15% ас содасының ерітіндісі алынады?
150 – 100%
Х- 40%
X=150*40/ 100= 60 60 – 15%
Х- 100% х =60*100/15=400 гр 400-150=250 гр Ж -250 гр
Өнімділік: Жерге себілген 180 қант қызылшасының тұқымының 126-сы көктеп шықты. Қант қызылшасы тұқымының өнімділікгі неше процент?
Ш: 180/126=0.7*100% = 70% Ж - 70%
Есеп шығарылған бетті, әділ қазыларға өткізіп береді.
ІІІ бөлім. Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізеді.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – дей келе «Кәде», Бұл бөлімде әр топтың қарсыласына әкелген сұрақтары мен есептері ұсынылады. / сұраққа 5 ұпай, есепке 10 ұпай беріледі/
6 «А» сыныбының сұрағы – 6 «Ә» сыныбына, 6 «Ә» сыныбының сұрағы – 6 «Б» сыныбына, 6 «Б» сыныбының сұрағы – 6 «А» сыныбына беріледі. /сағат тілі бағытымен/
6 «А» Есебі: Жұмысшылар жолдың берілген ұзындығына 12 күнде асфальт төсеп болды. Олар 5:7:10 күнде жолдың қандай бөлігіне төседі? Осы сандарды координаталық сәуле бойында А,В,С нүктелері ретінде көрсетіңдер?
Сұрағы: Координаталық карта деген не?
6
«Б» Есебі. |-2.7| : |-
|
*|
. Ж: 0,4
Сұрағы: Қатынас деген не?
6 «Ә» Есебі: Арбаның алдыңғы доңғалағының сыртқы шеңберінің ұзындығы 2,8 м, ал артқы доңғалағының сыртқы шеңберінің ұзындығы 4,4 м . Арба неше метр қашықтықка барғанда , оның алдыңғы доңғалағы артқы доңғалағынан 200 айналым артық айналады?
Сұрағы: Қатынастың бөліндімен ортақ қасиеті қандай?
Ж. Қатынастың екі мүшесін де нөлден өзге бірдей санға көбейтсекнемесе бөлсек, берілген қатынасқа тең қатынас шығады.
ІV бөлім. «Жорға»
«Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» ІV бөлімінде әрбір топқа жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 5 ұпай)
«Шаршы» тобына:
Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді. ----- (радиус)
Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)
Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)
Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)
Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандарды қандай сандар деп аталады?(құрама)
Тең бөліктерді қалай атайды? (үлестер)
Үш тақ санның қосындысы қандай сан? (тақ)
2-ші «Тіктөртбұрыш» тобына:
Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)
Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)
640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)
Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
Айырмасы 2-ге тең екі жай санды қалай атайды? (егіз)
Бір тәулікте қанша минут бар? (24*60) 1440 минут
Екі тақ санның қосындысы қандай сан? (жұп)
Бүтін бөліктен және бөлшек бөліктен тұратын санның атауы?(аралас)
Ауданы 9 см2 квадраттың қабырғасы неге тең? (3см)
3-Шеңбер тобына:
47 саны қандай сан?
2. Алғашқы он санның ішінде неше жәй сан бар? /2,3,5,7/ төрт
3.Төртінші
артығын тап: радиус,центр,төбесі, диаметр
(төбесі)
4. Шеңбердің екі нүктесін
қосатын кесінді. /хорда/
5. Шеңбердің центрінен кез-келген нүктесіне дейінгі қашықтық /радиус/
6.Теріс санның модулі неге тең? / қарама – қарсы санға тең/
7. Ең үлкен төрт таңбалы сан? /9999/
8. 3624 6-ға бөліне ма?
9. Ауданы 16 см2 квадраттың қабырғасы неге тең? (4 см)
10. Аликвоттық бөлшектер деп қандай бөлшектерді айтамыз? / алымдары 1-ге тең бөлшектер/
Жүргізуші : Cайыстың нәтижесін шығарғанша әр топқа қызықты сұрақтар қояйық: Топтар жайғасқанша көрермендермен сұхбаттасып, сұрақ қоя отырайық. Себебі осы залға математикағы қызығушылығы бар адамдар жиналған сияқты.
Викториналық сұрақтар:
1.Заттарды
санау үшін қолданылатын сандар қалай
аталады? (натурал сандар)
2.Нөлге және
жұп цифрға аяқталатын сандар қалай
аталады? (жұп сандар)
3.Қандай сандар
жай сандар деп аталады? Мысал келтір
(өзіне және 1-ге ғана бөлінетін)
4.Еменде
үш бұтақ, ал әр бұтақта үш алмадан бар.
Барлығы неше алма? (еменде алма өспейді)
5
. Қояндар бөренені арамен бөліп жатыр.
Олар14 жерден кесті. Неше бөлік пайда
болды?
6. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма
өріктен ауыр. Алмұрт ауыр ма, әлде өрік
ауыр ма? (алмұрт)
7.Ит
мысықты, ал мысық тышқанды қуалап келеді.
Қайсысы бірінші келеді? (1-тышқан,
2-мысық, 3-ит).
8.Жұмадан кейін 19-тәуліктен соң аптаның қай күні сәйкес келетінін анықта? (сәрсенбі, среда, )
9.Тамақ істерде қазанға бірінші не саламыз? (Көз).
10.Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (түйеқұс ұшпайды) /
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз -дей отырып, жеңімпаз топты анықтау үшін әділқазы мүшелеріне сөз кезегін берейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген