Тақырыбы: «Ең үздік
оқырман».
Мақсаты:Оқырмандарды кітап оқу
өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем
шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай
алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға
баулу.
Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар,
оқушылар! Егемен елімізді әлемге таныту, болашақта еркін өмір
сүріп, ойлаған армандарымыздың орындалуы тек ерінбей терең білім
алғанда ғана орындалары сөзсіз. Ал білім алудың басты құралы- кітап
екенін бәріміз жақсы білеміз.
Еліміздің азаматтары қазіргі
заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең
білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды өнерімізді білу үшін
кітапты көп оқуымыз керек.
Жүргізуші:Армысыздар қадірменді
қонақтар, дарынды балалар, оқырмандыр!
« Кітапхананың үздік атты
оқырманы» сайысымызға қош келдіңіздер!
ХХІ ғасыр- білім, ғылымның
ғасыры. Еліміздің Еуразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өрнектеудің
2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті,
ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені,
ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт
ақыл-ойының болатыны көрсетілген. Өркениеттің көшінен қалмау үшін
біз білім сапанын арттырып, адам ресурсын байытуымыз қажет. Болашақ
білімді жастарымыздың қолында. «Оқитын Қазақстан» бағдарламасын
басшылыққа ала отырып, бүгінде кітапханалар- еліміздің болашағы,
жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына айналып отыр.
Осыған орай, біз кітапхананың білімді де таланты оқырманын анықтау
үшін «Үздік оқырманын» сайысын өткізгелі
отырмыз.
Сайысымыз 4-бөлімнен
тұрады.
1.таныстыру
2.сұрақтарға жауап
беру
3.өнер сайысы( мәнерлеп
оқу)
4.үй тапсырмасы «Болашаққа-
қазақ тілімен» атты шығрма жазу.
Жүргізуші:
І-бөлім-«Таныстыру».
Биіктетер білімнің ақ
ордасын,
Мерекең құтты болсын,
оқырманым!
Қол соғып, қошеметпен қарсы
алайық,
Келешек ғалымдар мен
даналарды!
Қарсы алайық жаңа ғасыр
перзенттерін,
Кошбасшысын, керемет
кемеңгерін,
Болашақ елбасы мен,
министрлер,
Ерен ер қазағымның
төрелерін.
Ішінде әнші де бар, ақын да
бар,
Хас талант, қасиетті дарын да
бар,-дей келе, сайысқа қатысқалы тұрған оқырмандарды ортаға
шақырайық:
8асынып оқушысы-Белисанова
Ақжүніс
8б
сынып оқушысы- Серікқалиева
Ботақөз
8а
сынып оқушысы- Айтаханова
Гульфия
10а
сынып оқушысы- Бақытжанқызы
Гүлсезім
Жүргізуші:Ендігі кезекте әділқазы
алқасымен таныстырайық
1.Мукангалиева М.И. әлеуметтік
педагог
2.Амангалиева Г.К. орыс тілі
пәні мұғалімі
3.Кенжегалиева А.А. балабақша
әдіскері
Жүргізуші:
Ақыл-көрік бойларында
жетеді,
Әлі талай сынақтардан
өтеді,
Мына отырған баршаңызды
өзімен
Тез арада таныстырып өтеді,
оқырмандар өздерін таныстырады.
Жүргізуші:
ІІ-бөлім- «Сұрақтарға жауап
беру».
Ал, біздің үздіктер
қалайсындар,
Сіздерге әлі алда талай сын
бар.
Келесі сайыстың
жоспарында,
Түседі бәсекеге
білімділік.
Әр оқырман сұрақтарға тез, әрі
нақты жауап беруі керек.
1-оқырман:
1.Астана қаласы қай жылдан
бастап, Қазақстан Республикасының астанасы
болды?
(1998жыл.)
2.Қазақ халқының бес арысын
ата?( Ш.Құдайбердиев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,А.Байтұрсынов,
М.Дулатов)
3. Ежелгі сақтардың ел билеген
атақты әйел патшаларының бірі?(Томирис)
4.Кітаптардың суреттері қалай
аталады?(иллюстрация)
5.1975 жылы Алматыда шыққан
«Азия» кітабының авторы кім?
(О.Сүлейменов)
2-оқырман:
1.Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік күні? (16- желтоқсан)
2.1912 жылы қазақ әліппесін
жасаған және алғаш оқу құралын жазған
кім?(А.Байтұрсынов)
3.Қазақстан Республикасында
ұлттық валюта теңге қашан айналымға түсті? (1993жылы 15
қараша)
4. «Көшпенділер» трилогиясының
авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
5.Кітап кім үшін
жазылады?(оқырман үшін)
3-оқырман:
1.Қазақ халқын дүние жүзіне
танытқан шығарма( М.Әуезовтың «Абай жолы»)
2. Қазақтың үш бәйтерегі (
Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
3. Адамдар бір-бірімен түсіну
құралы? ( Тіл)
4.Кітапханада оқырман туралы
мәліметті, оның қандай кітап алғынын қайдан білеміз? (Оқырман
формуляры)
5.Болгариядағы конкурста
«Әлия» әнімен бас жүлде алған әнші кім?(Роза
Рымбаева)
4-оқырман:
1.Аттары бірдей қандай
жазушыларды білесің? (Мұқтар Әуезов, Мұқтар
Мағауин)
2.Ең көп шығарма жазып
қалдырған қандай жазуыларды білесің? (М.Әуезов-50
томдық)
3.Оқушының алғашқы кітабы?
(Әліппе)
4. Н.Ә. Назарбаев қай жылы
Президент болып сайланды?( желтоқсан
1991ж.)
5. Мемлекеттің негізгі заңы?
(Конституция).
Жүргізуші:Жарайды, біз берген сұрақтарға
жауаптар алдық.Ендігі кезекті өнер сайысына
берелік.
ІІІ-бөлім –«Өнер»
Өнерпаз оқырмандарымыз өз
өнерлерін көрсетеді.
Жүргізуші:Үй
тапсырмасы: «Болашаққа қазақ тілімен» атты
тақырыпта шығарма жазу.
Жүргізуші:Ендігі сөз кезегін әділқазылар
алқасына береміз.
-
Бас жүлде « Ең үздік
оқырман»
-
«Білімді
оқырман»
-
«Өнерлі
оқырман»
-
«Белсенді
оқырман»
Жүргізуші:Кымбатты оқырмандар, кітап
бәріңнің де мәңгі сенімді достарың, серіктерің болсын. Кітап
қадірін білетін жақсы балалар көбейе берсін. Еліміздің болашағы,
ертеңі үшін барлық қуат-қайраттарынды оқуға, заман талабына сай
терең білім алуға жұмсаңдар. Өмірде бар нәрсе өзгереді, тек
кітапхана халық қажетіне жарап, ғасырлар бойы жасамақ. Осы
құндалағымыз ешқашан жоғалмай келешек ұрпақ асыл қазынамызданнәр
алып, сусындай берсін.Келесі кездескенше аман сау болайық
.
Бітік орта жалпы білім
беретін мектеп-балабақшасы.
«Ең үздік
оқырман».
(Сайыс 8-10
кл.)
Өткізген:кітапханашы
А.Ж.Жардемова.
Сәуір,2016жыл.