«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»

Тақырып бойынша 21 материал табылды

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді: Б.Ахмедова

Сынып жетекшінің аты-жөні

Б.Кибишева

Күні:

04.11.2024

Сынып 9 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сынып сағатының тақырыбы

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс»

Мақсаты

Адалдық пен шындықтың адами қарым-қатынастағы мәнін  түсіндіру.

Құндылық

Әділдік пен жауапкершілік

Апта дәйексөзі

Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!


Тәрбие сағатының барысы

Барысы

Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер


Ресурстар



Кіріспе

10 мин























Негізгі бөлім

25 мин


Шаттық   шеңбері        Оқушылардың сабаққа  қызығушылығы мен көңіл күйлерін  көтеру және олардың мақсат-міндеттерін ұғындыру мақсатында С.Сейітовтің «Шындық шырайы» өлеңін бірге оқып түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс       Сабақты  З.Шашкиннің  «Темірқазық» әңгімесімен жалғастыру.

Әңгімелесу  

  • Сіздің адалдыққа деген сеніміңіз қандай?

  • «Адалдық-адамдық белгісі» дегенді қалай түсінесіздер?

  • Неліктен адалдық «кеңпейілділік,ақкөңілділік,шыншылдық»ұғымдарымен қатар жүреді?

  • Адалдық қандай әрекеттен қандай жағдайда көрінеді?

Тапсырма                Оқулықта берілген  мәтінді оқу және жүйелеп айтып беру.

Тыныштық сәті        Баланың  жүрек  соғу ырғағы мен тыныс алуын реттеу үшін «Тыныштық сәті» әдіс-тәсілін  қолдану.

Дәйексөз       «Адалдық-ардың ісі» деген халық мақалын түсіндіру арқылы оқушылар жаңа ақпараттан пайымдаған ой пікірлерін жалғастырып,ары таза адал адам мәнді өмір сүретінін тусіндіру мақсатын жүзеге асырады.

Жаңа ақпарат        Ары таза адал адам мінді өмір сүреді.Оның ішінде Отанына,отбасына,қоғамға адалдық адамның өзіне,өзгеге,болашаққа деген сенімен арттыра түседі.

Адалдық әр адамның өзін  де,өзгені де сыйлауын көрсетеді.

Адалдық  бар жерде адам өзіне де,өзгеге де шындықты айтады,оны айту ауыр болғанда да ол тартынбайды.Адал болу тек қана өтірік айтпау емес,шындыққа ешбір қалтықсыз сену.

Адалдық  біздің жан дүниемізден басталады.Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді.Адал адамға сенім артуға болады,оның қандай жағдайда да күмән келтіруге болмайды.Адалдығы бар адамның рақымы мол болады.

Жағдаятты талдау      Берілген жағдаят бойынша оқушылардың көзқарастары мен пайымдауларын талдау кезінде,олардың пікірлерін  дәйектеуде,оқушылардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына көмектеседі.Оқушы ойын түйіндеп,бір арнаға тоғыстыру мақсатында мұғалім жағдаят бойынша адал болу,өтірік айтпау,алдамау т.б.  ұғымдардың мағынасын ашу.

Дәйексөз.   «Адалдық  деген ашық , шыншыл  қарым-қатынас»   деген  А.Макаренконың  сөзін   түсіндіру  арқылы  оқушылар жағдаяттан  пайымдаған ой пікірлерін түйіндеу.

Жағдаяттарды  талдау. Бұл тапсырма жоғарыда айтылған ойларды тереңдете түседі. Оның ерекшелігі – өзгенің сенімін ақтау,адамның жауапкершілікті сезінуін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты тапсырманы орындау оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.  Төмендегі жағдаяттарды  шешіп,әдептілік тұрғысынан  баға  беру.

Тапсырма     берілген ой тұжырымдамамен танысу. Адалдық туралы өз ойымен толықтырып, түйгендерін ортаға салу.



Адалдық:

  • Қоғам әділеттілігінің негізі болады;

  • Адамдардың ізгілікті қарым-қатынас жасауына ықпал етеді;

  • Жеке тұлға мінез –құлқының жағымды қалыптасуына әсер етеді.



Жаңа ақпарат

Адам  өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуі, өзін-өзі тануы, ар-ұятты,алдында жауапкершілікті сезінуі үшін адалдық қажет. Адам өзгелермен қарым-қатынаста, іс-әрекетте  адалдық танытуына байланысты оның сенімді достары да көп болады. Адалдық болғанда ғана адамдар шындықпен өмір сүре алады.

Адал болудың, өтірік айтпаудың да өзіндік қиындықтары бар. Өйткені өмірде шындықты айту барысында қайырымдылық, төзімділік, басқаның басындағыны түсіне білуі т.с.с. қасиеттерді бойға сіңіруге ұмтылған жөн.

Шындықты айтуым қажет деп, тұрпайылық танытқан дұрыс емес.

Адалдық адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі де іспетті. "Адалдық” деген сөз шыншылдық, айнымастық, шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады. Қазақ пайымында адам бойында адалдық - пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінен де кездестіруге болады. Осы тұста ұлы тұлғалардың осы тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдарын назарларыңызға ұсынғанды жөн санап отырмыз.

  • Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Әл-Фараби Шешен кісі сөз бастар,

  • Адал кісі  - ел бастар. Жамбыл Жабаев

  • Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. Мұхтар Әуезов

  • Ойың адал болғанмен, орындағаның олақ болса, ұнатпадың деп өкпелей алмайсың. Ғабит Мүсірепов

  • Асыл қасиет – адалдық, асысл міндет – адалдық. Максим Горький

  • Адалдық қайда болса, тіршілік сонда. Қаюм Насыри

  • Жақын болудың бірінші шарты – адалдық. Михаил Пришвин

  • Адалдық танытатын адамға да адал бол. Плавт Тит Макций

  • Адал болғың келсе, жаныңда адал достар болсын. Менандр

  • Адалдық ұмытылса, ақыл мен ерлік – бос дыбыс. Вишакхадатта

  • Сүйіспеншілік пен құрмет адалдыққа әкеледі. Габриэль Оноре Марсель

  • Адалдық – өмірден қымбат. Ф. Шиллер

Ғұмыр бойы бақытты болғың келсе – адал адам бол. Т. Фуллер


Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

9- сыныптар: «Жасөспірім және еңбек қатынастары»

Кәмелетке толмағандардың еңбегін түнгі уақытта, ауыр жұмыстарда, еңбек 
жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда (ойын бизнесі, түнгі 
ойын-сауық  орындарында жұмыс істеу, алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын өндіру, тасымалдау және сату) қолдануға тыйым салынады. 14-16 жас аралығындағы  жұмысшылар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 24 сағаттан аспайды, ал 16-18 жас аралығындағы жұмысшылар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағаттан аспайды. 

14 жастан бастап балалар ата-аналарының рұқсаты бойынша оқудан бос уақытында қоғамдық пайдалы 

еңбекке қатысуға құқылы. ҚР Еңбек заңнамасы он сегіз жасқа толмаған қызметкерлердің еңбегін реттеу ерекшеліктерін айқындайды. 

https://youtu.be/UemLbhBjDLg?si=XBSTt5oEB2ZKY9uA

Қоры

тынды

10 мин


  • Әңгімелесу

Сабақтың тақырыбын ашу үшін оқулықта «Ойланайық, пікірлесейік» атты айдармен берілген мына сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізіледі:

  • Адалдықтың адами қарым-қатынастағы маңызы қандай?

  • Өзіңе –өзің адал болу деген не? Өзін-өзі алдау деген не?

  • Адал болуға ұмтылу неге керек?

 

Тапсырма        Оқушыларға  оқулықтағы  мәтін тапсырма ретінде беріледі.

Жүректен жүрекке          Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап,шеңбер құрып, «Аман болсын адамдар» әнімен сабақты аяқтаймыз.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.01.2025
142
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі