"Еңбек бәрін жеңбек"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Еңбек бәрін жеңбек"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек» Мақсаты: Балаларда еңбек әрекеттері туралы түсініктерін қалыптастыру. Еңбек ету дағдыларын дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге, бір-біріне көмек беруге баулу. Еңбек нәтижесінде белгілі бір жетістікке жете алатынына сенімділік тудыру. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының қызығушылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

Тақырыбы: «Еңбек бәрін жеңбек»

Мақсаты: Балаларда еңбек әрекеттері туралы түсініктерін қалыптастыру. Еңбек ету дағдыларын дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалауға, құрметтеуге, бір-біріне көмек беруге баулу. Еңбек нәтижесінде белгілі бір жетістікке жете алатынына сенімділік тудыру. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының қызығушылықтарын арттыру.

Дағдыларды қалыптастыру: Қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік-эмоционалды.

Инновациялық технология: Ойын технологиясы, динамикалық үзіліс, интеграция.

Әдіс – тәсілдері: Ойын, еңбек, сұрақ – жауап.
Құрал – жабдықтар: «Көктем мезгілінің дыбыстары» аудиожазба, 3д қойдың бейнесі, текемет киіз, үлестірмелі материялдар.

Ұйымдастыру іс-әркеті.

Шаттық шеңбері: «Көңілді амандасу» әуенмен, қонақтармен сәлемдесу.

Балалар көрпешенің үстіне отырады.

-Балалар бүгін ерекше күн,бүгінгі өтілетін ойын әрекетіміздің тақырыбы «Еңбек бәрін жеңбек».Тәрбиеші балалардың назарын экранға аудартады.

-Балалар қараңыздаршы бұл жерден не көріп тұрмыз? Слайдта көрсетілген қой және қозыларды санап, дыбысын тыңдап, даусынан таны. Қойдың пайдасы асығы, еті, терісі, сүті, жүні ,туралы әңгіме қозғап суреттерді көрсету. Қойдың азығы немен қоректенетінін балалардан сұрақ-жауап арқылы сұралады және айтқызамыз, немен қоректенетінін сурет арқылы көрсетіледі. Қойдың төлін не деп атаймыз? Бүгін біз бірге қойдың жүнінінен не жасалатынын көзбен көріп, қолмен ұстап жасап көреміз. Үлкен киіздің суреті слайдтан көрсетіледі. Балалар сендерге киіз басу қызық па? Киіз басу үшін қаншама еңбек керек екенін білетін боламыз. Олай болса экрандағы бізге берілетін бірінші тапсырма тыңдаймыз балалар, мұқият болыңдар. Экран арқылы әжеміз балаларға тапсырма бередіЭкранға әже шығады.Балалар сәлеметсіңдерме.Мен сендерге тапсырма беріп отырамын берген тапсырмамды орындасаңдар, апкилеріңнің сендерге беретін сыйлығы бар. Сендер маған еңбек туралы мақал – мәтел, нақыл сөз айтып беріңдер.Тәрбиеші әр балаға допты лақтыру арқылы мақал- мәтел сұрап шығады.

1- ші тапсырма.
Еңбек дегеніміз – адамның өмір сүруі үшін қажетті іс – әрекеттер.
- Еңбек түрлерін білесіңдер ме?
- Еңбек ету адамға қажет деп ойлайсыңдар ма?
(халық мақалы)
Әмина: Қырға шықсаң өрлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Хадиша: Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты - Еңбек.
Думан: Сабағыңа жөндеп,
Әзірленсең - Еңбек.
Санжар: Гүл отырғызсаң терлеп,
Мұның аты - Еңбек.

М. Айым:

Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек.
Мақал - мәтелдер:
Айару:
Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.

Аяла: Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей
Жібек: Еңбек ер атандырады

Тәрбиеші жарайсыңдар балалар әжеміздің бірінші тапсырмасын өте жақсы орындадық тамаша.

2- ші тапсырма әжеміз тағы да балаларға тапсырма береді. Әже экран арқылы сөйлейді қойдың жүнін қырқып беріңдер.Әже қырықтықты көрсетіп түсіндіріп кетеді балаларға. Ал сендер қайшыны қолданасыңдар деп тапсырмасын береді.Балалар қайшыны алып қойдың жүнін қырқып,қырқан жүндерін шелекке жинайды.Тәрбиеші жарайсыңдар балалар әжеміздің екінші тапсырмасын да орындадық

3-ші тапсырма Қойға су беріп, шөп салыңдар. Шелекте тұрған суды көтеріп апарып қойға су береміз.Жасыл шөпттерді қойға апарып саламыз.


4-ші тапсырма Жүнді түтіп, және сабаңдар. Жүнді сабау үшін қолымызда сабайтын екі ағаш болады, сонымен сабаймыз.Екі қолмен жүнді түтеміз балалар.


5-ші тапсырма Сергіту сәттін жасап бойларыңды сергітіп алыңдар. Әр баланың қолында кішкентай доп болады, сол доппен музыка әуенімен қимыл қозғалыс жасап, бойын серғітіп алады.


7- тапсырм. Осы текшелерден балалар әдемі киізімізге керекті оюларды түсіне қарай құрастырайық. Төрт бұрышты геметриялық пішіннің үстіне жапсырылған оюларды түсіне қарай құрастырады балалар

6- тапсырма. Міне балалар, жүніміз де, оюымызда дайын. Енді әдемі киізді басу қалды. Шығармашылық бұрышқа апкилеріңмен бірге барып ,киіз басасыңдар. Қажетті құралдар сабынды су , түрлі – түсті оюлар, және қай баланың аты, қай дыбыстан басталатынын айтып , үлкен қиылған дыбысты және оюды, киіздің үстіне қойып , киіз басамыз.


.


Қорытынды: Экран арқылы тапсырма берген әжеміз балаларға батасын берді. Балалар бүгінгі ойын әрекеті сендерге ұнадыма ? Тәрбиеші әр баланы мақтап – мадақтап өзінің алып келген тәттілерін балаларға үлестіріп берді. Қонақтармен қоштасып топқа қайтамыз.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.11.2024
118
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі