«Еңбек бәрін жеңбек»Жол жүру белгілері және оның қолданысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Еңбек бәрін жеңбек»Жол жүру белгілері және оның қолданысы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еңбек бәрін жеңбек»Жол жүру белгілері және оның қолданысы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты

«Еңбек бәрін жеңбек»

ЖЖЕ: Жол жүру белгілері және оның қолданысы

Күні


Класс жетекші:


Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Еңбек етсең емерсің».....

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар


Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Алдымен тақтаға қарап, видео тамашалаймыз. Ия, балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ. Осы видеодан көргеніміздей, адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.  «Еңбек» сөзіне тоқталайық. Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша  орындарына отырады.







Компьютер



















Сабақ басы (10 мин)












Әр топ еңбек туралы білетін мақал-мәтелдерін кезекпен айтады

Еңбек – бәрін жеңбек.
Еңбек етсең емерсің.
Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Еңбек ер атандырады.
Еңбек мұратқа жеткізер, Жалқаулық абыройды кеткізер.
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық.

Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады.
Ерінбесең, еңбегің өнеді.
Еңбек етпеген ішіп – жемейді.
Еңбек етпесең елге өкпелеме, Егін екпесең жерге өкпелеме.

Еңбек ерлікке жеткізер, ...( ерлік елдікке жеткізер ) 
Еңбек етпей елге өкпелеме, ... ( егін екпей жерге өкпелеме ) 
Еңбек етсең емерсің, ... ( ерінбесең жеңерсің ) 
Еңбегіне қарай - құрмет, ... ( жасына қарай – ізет ) 
Еңбек адамның ... ( екінші анасы ) 
Еңбек – ата, ... ( жер – ана) 
Еңбек ет те мақтан, ... ( ойнап күл де шаттан ) 
Еңбекке жастан, ... ( өнерге бастан ) 



Компьютер

 









Ортасы (25 мин)


  1. Айлар бойы жүзеді, Жерді көрмей жүреді. Ақ жал таумен алысқан, Адамды кім біледі? (Теңізші,моряк, sailor)
    2. Айдында жүзеді, Тірі күміс сүзеді. (Балықшы,рыбак, fisherman)
    3. Дабылға тез жететін, Жалынға сүңгіп кететін. Қақалса да түтінге, Тайсалмайтын батыл кім, Жасқанбайтын батыр кім? (Өрт сөндіруші, пожарный, fireman)
    4. Екi басы дөңгелек,

Екi ұшы сүйiр,

Қиғанға үйiр.    (Қайшы, ножницы, scissors)

5. Жансыз жарады, Жанды ұрады. (Балта, топор, axe)
6. Қылдырықтай бір нәрсе иретілген, Мойнында ұзын арқан сүйретілген. (Ине, жіп, иголка, needle)
7. Қалпағы ақ қарасаң, Дәрігер емес, бірақ ол. Дәм мәзірін қаласаң, Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз, повар, cook)
8. Оның тіккен бұйымы, Аяғыңды қаптайды, Шыға қалса жұлымы, Әдемілеп баптайды.( Етікші, сапожник, shoemaker)
9. Күміс қанат, сұңқары, Көкке еркін сүңгиді. Бұлттан да тым әрі, Кеткен жанды кім дейді?
( Ұшқыш, летчик, pilot)

10. Тізіле өскен тісі бар. Көп істеген ісі бар. (ара, пила, saw)

ЖЖЕ: Жол жүру белгілері және оның қолданысы

Жол белгілері – көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүрушіге маңайдағы жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын арнайы белгілер.

Жол белгілерінің бекітілген суреті мен техникалық сипаттамалары «Жол белгілері мен сигналдары туралы» Конвенция (Вена, 1968) мен осы Конвенцияны толықтыратын Еуропа елдері келісімі (Женева, 1971) талаптарына сәйкес жасалады. 1998 жылға дейін Қазақстанда 1987 жылы КСРО-да қабылданған жолда жүру ережелері қолданылды. 1998 жылдан бастап республикада жолда жүрудің жаңа ережелері қабылданған. Осы ережелерге сай жол белгілері мемлекеттік стандарттар негізінде анықталады. Бұл стандарттар бойынша, жол белгілері 7 топқа бөлінеді:

ескерту белгілері, басымдылық белгілері,

тыйым салу белгілері, міндеттеу белгілері,

ақпараттық-көрсеткіш белгілері, қызмет көрсету белгілері. Қосымша тақтайшалар.

Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады. Басымдылық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішкерген бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Олар пішіндері мен түстері әр түрлі 9 жол белгілерінен тұрады.

Оқушылар, алдарыңызда берілген сұрақтар бойынша 2 минут дайындалып алып, әр топтан ортаға бір оқушы шығып, сұрақтарға жауап береді






Еңбек тақырыбына қатысты жұмбақ жасырамын. Жауабын 3 тілде айтады










Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.

Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.Ақпараттық-көрсеткіш белгілер қозғалыстың белгілі бір режимдерін енгізеді немесе күшін жояды, сондай-ақ елді мекендер мен басқа да нысандардың орналасуы туралы хабарлайды. Олардың өлшемдері, пішіндері мен түстері әр түрлі болып келеді. Қызмет көрсету белгілері жол бойында және жолдан әр түрлі қашықтықта орналасқан қызмет көрсету нысандары туралы ақпарат береді.

слайд

Соңы (5 мин)



Постер қорғау.

Болашақта Отанымыз, еліміз үшін қандай еңбек, қандай кәсіп етер едіңдер? Әр топ сурет салып, ортаға шығып қорғайды. 5 минут уақыт беріледі.

Қағаз

маркер



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2025
149
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі