Сынып: 11
Тақырыбы: Еңбек
нарығы
Күні:
Сабақтың
мақсаты: Нарықтың
негізгі халықтың әлеуметтік жағынан
қарастыратын түрі еңбек нарығы туралы
мәлімет беру.
Сабақтың
міндеті:
Білімділік: Еңбек
нарығы мәні, қатысушылары жайлы жаңа
мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқушылардың
пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,
белсенділігін дамыту.
Тәрбиелік: Іскерлік
қарым-қатынасқа болашақ маман ретінде
баулу.
Сабақтың
түрі: презентация
Сабақты
ұйымдастыру әдісі: сыныптық
Көрнекілігі: схемалар,
слайд
Сабақтың
барысы
І.
Ұйымдастыру кезеңі:
1)
Амандасу
2) Оқушыларды
сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және
мақсатымен танысу
3)
Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ.
Үй тапсырмасын тексеру:
Өткен
бөлімді қайталау
ІІІ.
Жаңа білімді меңгеру
Еңбек
нарығы түсінігі
Еңбек
нарығының қызметі
Еңбек
нарығына тән қасиеттері
1) Еңбек
нарығы – бұл
жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып
алу туралы экономикалық қатынастар
жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлері
сияқты еңбек нарығында жұмыс күшіне
деген ұсыныс пен сұраныс туады. Еңбек
нарығында екі жақты байланыс болады:
жұмыс күші иесі – еңбекті сатушы, жұмыс
беруші – еңбекті сатып алушы. Еңбек
нарығында жұмыс күшін сатушы мен сатып
алушылар арасындағы қатынас заңды түрде
– келісім-шарт арқылы және еңбек
заңдарына сәйкес тіркеледі. Еңбек
ұсынысы нақты жалащқы өскен сайын өсіп
отырады.
Американ
экономисі П.Самуэльсонның теориясы
бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық
ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен
анықталады:
-
халықтың жалпы санымен;
-
жалпы халық санының ішіндегі еңбекке
қабілеті бар халықтың үлесімен;
-
белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының
орташа санымен (апта, ай, жыл);
-
халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық
дәрежесінің құрамына сәйкес. (Самуэльсон
П. Экономика Т.1.М.: НПО «Алгон», 1992.)
2) Еңбек нарығы-бұл
тауар болып табылатын еңбек ресурстарының
нарығы бұлардың тепе-теңдік бағасы мен
саны, оларға сұраныс пен ұсыныстың
бір-біріне етуімен белгіленеді. Еңбек
нарығының қызметтері қоғам
өміріндегі еңбектің рөлімен белгіленеді,
еңбек табыстың және жақсы хал-жағдайдың
өте маңызды өндірістік ресурс болып
табылады. Осыған сәйкес еңбек нарығы
басты екі қызмет атқарады. Әлуметтік
функцияға адамдардың табыстары мен
жақсы тұрмыс халының әдеттегідей
дәрежесінің қамтамасыз етілуі және
жұмыскерлердің өндірістік қабілетінің
тиісті дәрежеде ұдайы өндіруінің
қамтамасыз етілуіжатады. Еңбек нарығының
экономикалық функциясына еңбекке
рационалды тарту, оны бөлу, реттеу және
пайдалану жатады. Еңбек нарығы
бірсыпыраынталандыру функцияларын
атқарады, олар бәсекелестік қабілеттің
күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке
ынтаның өсуінге, квалификацияның
жоғарлауына, еңбеккке ынтаның өсуіне
квалификацияның жоғарлауына, мамандықты
ауыстыруға т.б. мүмкіндік тудырады.
Жұмыс
берушілер ұсынатын жұмыс орындары және
жұмыскерлер ұсынатын жұмысшы күші
біркелкі болады. Жұмыспен қамтудың саны
мен көлемі жұмыскерлер санымен өлшенеді.
3) Еңбек
нарығына тән қасиеттер:
-
жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың
санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);
-
әр түрлі мамандықтағы жұмысшылар санының
мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);
-
еңбек нарығында бірде-бір кәсіпорын
және бірде-бір жұмысшының үстемдік ете
алмауы;
-
жұмыс күші жалақының мөлшерімен
бағаланады.
Еңбек
нарығындағы тұрақтылықты сақтау үшін
келесі шарттарды орындау керек:
-
қызметкерлер мен жұмыс берушілер
экономикалық еркіндігі және қызметтегі
тұрақтылығының сақталуы;
-
жұмыс берушінің жұмыс күшінің саны,
сапасы жөнінде хабардар болуы, шешім
қабылдау еркіндігі мен жұмыс күшін
жұмысқа алу және жұмыстан босату құқығы;
-
жалақының өсуіне кедергінің болмауы,
себебі ол сатып алушы мен сатушы
арасындағы басты реттеуші болып табылады;
-
жұмыс күшінің еркін қозғалысы, оның
қоғамдық қажеттіліктерінің өзгеруіне
сәйкес біліктілігінің өзгеруі және
миграциялық қатынасы.
IV.
Жаңа сабақты бекіту.
Еңбек
нарығына анықтама бер.
Еңбек
нарығынығ ерекшелігі неде?
Еңбек
нарығы кімдердің арасындағы қарым-қатынасты
зерттейді?
V.
Үй тапсырмасын беру. Еңбек
нарығы
VI. Бағалау.