400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Еңбек пен өнер егіз ұғым"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қолөнер ерекшеліктері туралы оқушыларға түсінік беріп, іскерлік пен шеберлікке баулу. Өнер туралы сөздік қорын байыту, мақал-мәтелдерді жатқа айту. Оқушының жан-жақты дамуына, ұлттық сана –сезімін, салт –дәстүрді ұлықтауға баулу. Шығармашылық қабілетін шыңдап, ойын арқылы білімдерін тереңдету және ептілікке, іскерлікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Shape1

Аты –жөні : Күнділдаев Нұрлан Дәнебекұлы

Жұмыс орны: Қ.Сыпатаев атындағы жалпы білім беру мектебі.

Қызыметі: Қосымша білім беру жетекшісі

Сабақтың тақырыбы : «Еңбек пен өнер егіз ұғым» сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты:

Қолөнер ерекшеліктері туралы оқушыларға түсінік беріп, іскерлік пен шеберлікке баулу. Өнер туралы сөздік қорын байыту, мақал-мәтелдерді жатқа айту. Оқушының жан-жақты дамуына, ұлттық сана –сезімін, салт –дәстүрді ұлықтауға баулу. Шығармашылық қабілетін шыңдап, ойын арқылы білімдерін тереңдету және ептілікке, іскерлікке баулу.

Күтілетін нәтижесі:

  1. Қолөнер ерекшеліктері туралы оқушыларға түсінік беріп, іскерлік пен шеберлікке баулу.

  2. Шығармашылық қабілетін шыңдап, ойын арқылы білімдерін тереңдету және ептілікке, іскерлікке баулу.

Сайыс сабақ кмж

Армысыздар, құрметті ұстаздар және қонақтар, сайысқа қатысушы оқушылар! Қай уақытта болмасын әр адам заман талабына сай адам сегіз қырлы бір сырлы болуы керек. «Үйрету - үлкеннен, үйрену - кішіден» демекші, өткеннің өнегесін, дәстүрдің татымдысын жас шыбық кезінен бойына сіңіру әр адамның борышы деп білемін. Бүгінгі мектепте өтіліп жатқан семинар сабағымыздың тақырыбы: «Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған . Осы тақырыптың аясында 6-7 сынып оқушыларымен сайыс сабақ өтемін.

Сабақтың тақырыбы : «Еңбек пен өнер егіз ұғым» сайыс сабақ

Сабақтың мақсаты: Қолөнер ерекшеліктері туралы оқушыларға түсінік беріп, іскерлік пен шеберлікке баулу. Өнер туралы сөздік қорын байыту, мақал-мәтелдерді жатқа айту. Оқушының жан-жақты дамуына, ұлттық сана –сезімін, салт –дәстүрді ұлықтауға баулу. Шығармашылық қабілетін шыңдап, ойын арқылы білімдерін тереңдету және ептілікке, іскерлікке баулу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі : слайд, ағаш дайындамалары, әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Құрал- жабдықтар: шеге, балға, рейка,ара, сызғыш, карандаш, бұрыштама

Сабақтың барысы: 1. Мұғалімнің кіріспе сөзі «Өнер таусылмас азық,байлық» дейді ғой халық даналығы.Қазақтың қолөнері шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы.

Құрметті, ұстаздар бүгінгі 6-7 сынып оқушыларының қатысуымен өтетін «Еңбек пен өнер егіз ұғым» атты талаптылар сайысына қош келдіңіздер.

Сайыстың бағдарламасы: 1. Таныстыру

2. Сұрақ - жауап

3. Шеберліктерін сынау.«Жетірет өлшеп, бір рет кес».

а) Үй құрастыру,

б) Саты құрастыру.




Бағалау : «Өзін –өзін» бағалау әдісі бойынша

Әр топқа стикерге жазылған балл беріледі, сол балл арқылы оқушылар неше балл жиағанын айтады. Содан жеңімпазды анықтаймыз.

Жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі сайыскерлеріміз берілген тапсырмалардан мүдірмей өтіп, жасаған бұйымдарын әдемі сөзбен жеткізе білсе, онда олар өз мектебінің білімді, дарынды, өнерлі оқушысы болмақ

Олай болса, топтарды таныстырып өтейін.

І топ: «ШЕБЕРЛЕР» тобы

ІІ топ: «ІСКЕРЛЕР» тобы

  1. Таныстыру:

Топтың аты: Әр топ өздерін тақпақпен таныстырады. (девиз, команда аты, эмблема) 5 балл

  1. Сұрақ - жуап: Еңбек сабағынан сұрақтар қойылады. 2 балл

( тақтада 6 шар ілінген. Шардың ішінде сұрақтар қойылған, сол шарларды жарып сұрақтарға жауап беріледі. Қай топ бірінші және дұрыс жауап берсе, сол топқа жоғары ұпай беріледі.)

Олай болса, бірінші бөлімнің сұрақтарына назар аударайық .

  1. сұрақ Өңдеу жұмысына қатысты өлшеуіш құралдар

( метр, сызғыш)

2- сұрақ. Ағаш өңдеуге арналған құралдар (ара,балта, сүргі)

3- сұрақ. Тескіш аспаптарының түрлері (бұрғы мен қашау)

4- сұрақ. Ағаш желімдерінің түрлері

(ПВА клей, ыстық клей, супер клей)

5-сұрақ Қашау түрлері.

(тік жүзді, ойық жүзді, үшбұрышты ойық жүзді , ілмек ойық жүзді).

6- сұрақ . Ағаштан жасалған ыдыс атаулары.

( ағаш қасық, тостақ, астау)

3. Шеберліктерін сынау.«Жетірет өлшеп, бір кес».

а) Саты құрастыру.

б) Үй құрастыру

Шеберліктерін сынау. (ағаш кесу және саты істеу) Ағашты берілген өлшемі бойынша кесу.Бұл сайыста әр топқа белгіленген өлшемі бар рейкалар беріліп, оны жылдам және өлшемі бойынша кесу және саты істеу керек. Әр топ өздерінің ұқыпты, жақсы жұмыс істей алатынын көрсеттіп, сайыс ережесін дұрыс орындап шықты. 5 балл.

Екі топтқа бірдей уақыт беріледі. Ендеше, сәттілік!

( 8 минут уақыт беріледі)

Ал, балалар екінші кезеңдегі үй құрастыру бойынша

еңбек пәнінің мұғалімі: Сәдібек Қазыбек ағайларың түсіндіріп, жасау жолын көрсетеді.

Құрметті қонақтар және сайыскерлер !

Мінеки, біздің бүгінгі өнер, білім және шеберлік сайысымызда өз мәресіне жетті. Бүгінгі сайысымызды қорытындылап , жеңімпаз топты анықтаймыз әр топ өзінің жинаған балдарын айтып шығады.

Жүргізуші:

Жеңімпаз топ анықталып, білімдерін, өнерлерін, шеберліктерімен көзге түскен топтарды марапаттап, сыйлықтар табыс етіледі.

Бүгінгі «Еңбек пен өнер егіз ұғым» сайыс сабағымызға қатысқан оқушыларды шын жүректен құттықтай отырып, өнер мен білімнің биігінен көріне берулеріңе тілек білдіреміз!

Қортынды:

Сабақты тиянақтай келе біз бүгін сендердің шебер, өнер сүйгіш, жұмысты тиянақты істей алатындарыңды көрдік. Өнерді қастерлеп, өздерің үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.



Shape2



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11.06.2024
402
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі