жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Еңбек түбі береке
Сабақтың тақырыбы: «Еңбек түбі - береке»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушыларды еңбек тәрбиесімен
таныстыру .
Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу дағдыларын қалыртастыру, тіл
байлығын, таным белсенділігін арттыру.Актерлық шеберлігін
шыңдау.
Көрнекіліктері: Нақыл сөздер, суреттер. т. б.
І.
Барысы: Ұйымдастыру
кезеңі.
Еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыру, жан-жақты азамат болуға тәрбиелеу.
Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей” деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер?
ІІ. Топтық жұмыс.
І топ. Жануарлар еңбегі, адам еңбегі
ІІ топ. Әке еңбегі, Ана еңбегі, Бала еңбегі
ІІІ. Екі топтың қысқаша көрініс
І-топ. Әке мен бала әңгімесінен үзінді
Бір адам он жасар баласын
ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын
көріп, баласына айтты: —Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала
әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі
үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде
темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы
тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып
отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені
орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына
қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан
бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып
келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына
салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір
шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты
рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: —
Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп
алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын
деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз
жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете
білмесең — көптен де құр боласың, —
деді.
ІІ топ. Атасы он жасар
баласымен далада келе жатып, баласынан сұрады:
- Анау өрмекшіні көремісің, не істеп жүр?
- Көремін. Өрмек тоқып жүр.
- Анау құмырсқаны көремісің?
- Көремін, аузында бір нанның уағы бар, жүгіріп кетіп барады.
- Жоғары қара аспаннан не көрдің?
- Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында тістеген шөбі бар.
Сонда атасы былай депті:
- Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған үлгі – өнеге:
Өрмекші маса – шыбынға тұзақ құрып жүр, өзіне азық етуге. Құмырсқа
нанның уағын өзі жемей уағын үйіне алып бара жатыр. Қарлығаш
балапандарына ұя жасауға шөп жинап жүр. Сен де еңбек етуге әдеттен
– деді.
Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар екен.
ҮІ. Еңбек туралы өлеңдер.
Еңбек сүйсең
Н.Жанаев.
Салақ болсаң жасыңнан, Жалқау болсаң жасыңнан,
Шыбын қетпес қасыңнан. Ұйқы қалмас қасыңнан.
Таза болсаң жасыңнан, Еңбек сүйсең,табылар,
Сабын қалмас қасыңнан. Бар жақсылық басыңнан.
Еңбек
Иығына арқан сап арба
айдаған,
Еңбексүйгіш адамға таңдай қағам.
Қол-аяғы аман сау бола тұра,
Жалқауланып жатқандар қандай
жаман.
Сақтеміров Қанат Оралбайұлы
Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,
Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.
Бала нені білсе жастан, ұядан.
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Жас кезінде білім берсең,қалай да-
Өсе келе қолы жетер талайға.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса уысыңнан шығарма.
Жүсіп Баласағұн
Ү. Еңбек туралы нақыл сөз
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен.
Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.
( Гораций)
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
(Абай)
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
(Абай)
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
аздырар адам баласын (Абай)
Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.
Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов)
Елге сіңірген еңбек жақсы,
Еңбекті елеген ел жақсы.
Спандияр Көбеев
Еңбектегі әр минут- бір несібе.
Ғафұр Ғұлам
Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.
Бауыржан Момышұлы
Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме.
Ғабдолла Садықұлы.
ҮІ. Еңбек туралы видео ролик. (сергіту сәті)
ҮІІ. Еңбек туралы мақал-мәтелдер (жалғасын тап)
Еңбек ерлікке жеткізер,…
( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, …
( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, …
( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, …
( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның …
( екінші анасы )
Еңбек етпесең елге өкпелеме, ....
(егін екпесең жерге өкпелеме)
ҮІІІ. «Жүректен жүрекке»
Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,
- Нұрболат, еңбегің жемісті
болсын!
- Нұрсауле, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Алина, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын
істерің көп болсын.
- Әлишер, өмірдегі тірегің еңбек болсын.
-Әлібек, «Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы
Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау
болма.
- Зейнеп, еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!
- Ғаникамал, отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол
- Нұрдаулет, ата-анаңның еңбегін бағалай біл
- Айчөрек, еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте
- Жантөре, еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын
- Руслан, еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!
- Зейнап, бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.
Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады.
Қорытынды. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген