Еңбек түбі береке

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Еңбек түбі береке

Материал туралы қысқаша түсінік
Еңбек түбі береке тәрбие сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:11.09.23 сынып:10а

Тақырыбы: «Еңбек түбі береке» (Отбасындағы еңбек тәрбиесі туралы)

Мақсаты: Еңбек - адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру, еңбек етуге деген қызығушылықтарын ояту, дамыту, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Еңбек ету, еңбектің мәні туралы түсініктері кеңейеді;

  • Еңбек етуге деген қызығушылығы оянады;

  • Еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді;

  • Еңбекті құрметтеуге үйренеді;

  • Ұқыптылық, еңбекқорлық, еңбек ету дағдысы қалыптасады.

Көрнекіліктер: Слайд, нақыл сөздер, «Оқушылар шығармашылығынан» - суреттер, көрме, ойынға қажетті құрал-жабдықтар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазақ халқының дәстүрлі тәлім-тәрбие беру жүйесінде жас кезінен бастап баланы еңбекке, белгілі бір кәсіпке баулыған. Жалқау, еріншек, жатып ішер арамтамақ болма, еңбек ет, ата-анаңа қолқанат бол дегенді баланың санасына құйып отырған. Әрбір жас бала "Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей" деген мақал рухында тәрбиеленген. Ал, сіздер қалай ойлайсыздар, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалдың мағынасы қалай, қалай түсіндірер едіңдер? «Бақыттың кілті еңбекте» дегенді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар мақалдың мағынасын ашады)

Олай болса біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз еңбек туралы болмақ.



Оқушылар 2 топқа бөлінеді. «Еңбек» және «Туған жер» Оқушыларға екі түрлі тақырыпта мақал-мәтелдер жазылған парақшалар үлестіріледі, әр оқушы соған сәйкес өз тобын анықтап орындарына отырады. Топтарға тапсырмалар беріледі. «Кім көп біледі?» еңбек туралы мақал-мәтелдер жазып, оның мағынасын түсіндіреді. Еңбек туралы мақал-мәтелдер:



Еңбегіне қарай - құрмет,
Жасына қарай - ізет.

Еңбек ер атандырады.

Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбек еткен - мұратқа жеткен.
Еңбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме.

Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады,
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.

Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.

Ердің атын еңбек шығарады.

Бақыт кілті еңбекте.

Еңбек ширатады,

Өмір үйретеді.

Маңдайы терлемегеннің

Қазаны қайнамайды.

Еріншектің ертеңі бітпес,

Жеңілтектің селтеңі бітпес.

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.



Мынадай сұрақтарға жауап алу:

  • Балаңыз отбасындағы шаруаларға көмектесе ме?

  • Балаңызды үй шаруасына жұмсағанда оның жас ерекшелігін, әлінің жетіп-жетпейтінін ескересіз бе?

  • Жалпы баланы неше жастан бастап еңбекке араластыруға болады?

  • Қандай шаруалар істейді?

  • Балаңызды еңбекке қалай жұмсайсыз, қалай араластырасыз?

  • Баланы сіз жұмсағанда өз еркімен құлшына кірісіп кете ме, әлде зорлап жұмсайсыз ба?

  • Балаңызға жұмыс тапсырарда «егер де осы жұмысты бітірсең бір нәрсе алып беремін» деп оның еңбегін сатып аласыз ба? т.б.

Оқушыларға берілген тапсырма бойынша олардың қаншалықты мақал-мәтелдер білетіні және мағынасын ашып айтуы тыңдалады.

Енді мектептегі еңбек тәрбиесіне тоқталайық. Мектептегі еңбек сабағы, сенбілік жұмыстары туралы айтылады.

</ Келесі тапсырма «Ситуациялық сұрақтар» Бұл кезде балаларға тапсырмалар беріледі. Алдарына берілген түрлі-түсті қағаздан өз ойлары бойынша шеберліктерін салып әр түрлі нәрселер жасайды.



Ситуациялық сұрақтар. (ата-аналарға)

  1. Сынып жетекшісі балаңызға «бүгін сағат 3.00-де мектеп ауласында сенбілік жұмыстар жүргізіледі, жұмыс киімдеріңіз бен қолғап киіп келіңдер және өздеріңізбен бірге күрек пен тырнауыш ала келіңдер» деп айтып жібереді. Сіз бұған қалай қарайсыз? Сіздің әрекетіңіз.

  2. Балаңыз сабақтан келген бойда сізге мынаны айтады: мен қазір тамағымды ішіп болған соң, Жалғастың үйіне барып шөп түсірісуге көмектесіп келемін, үйдегі шаруаны келген соң да тындырамын» дейді. Сіздің әрекетіңіз, оны жібересіз бе?



Балаңыз қандай үйірмелерге қатысады? Онда немен айналысады? (Оқушылардың шығармашылығынан туындаған туындылармен таныстыру, суреттер көрсету, марапаттарын атап өту - еңбектенудің жемісі)



Сергіту сәті. Ойын: «Кім жылдам?»

Ата-аналар мен оқушыларға қиықша қағаздар үлестіріледі, «ойын» деген жазуы бар қиықша түскен ата-аналар мен оқушылар ортаға ойынға шығады. Ойынның шарты: үстел үстінде тұрған ыдыстың ішіндегі жемістерді келесі үстелдегі ыдысқа апарып салу керек. Бұл ойын ұқыптылықты, шапшаңдықты талап етеді.



Қ.Бердіғалиевтің орындауындағы Ғ.Құрманғалиев пен Н.Байғаниннің «Еңбек туралы термесін» үнтаспадан тыңдату.

«Жүректен жүрекке» Оқушылар тақырыпқа қатысты бір-біріне тілек айтады. Тілек тек бүгінгі тақырыпқа сәйкес болуы керек. Мысалы,



- Мадияр, еңбегің жемісті болсын!

-
Шұғыла, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.

- Әдемі, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.

-
Жанатбек, өмірдегі тірегің еңбек болсын.

-
Бекболат, «Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.

- Аида, еңбек сабағынан 5-тік алуыңа тілектеспін!

- Қаршыға, отбасында ата-анаңа көмектесіп қолқанаты бол

- Бимухаммед, ата-анаңның еңбегін бағалай біл

- Бенкур, еңбектің жемісі маңдай термен келетінін білесің, сондықтан еңбекті құрметте

- Айзере, еңбектің пайдасы сол, ол қуантады, қуанышты күндерің көп болсын

- Жарқын, еңбек шынықтырады, ширатады дейді, шыныққан, шымыр мықты бол!

- Әділет, бақытты өмір деген ата-анаңның тапқанын шашу емес, сондықтан үнемшіл бол.



Қорытындылау. Еңбектің пайдасы - тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.00.2024
1085
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі