«Еңбек түбі береке»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Еңбек түбі береке»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Еңбек түбі береке»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Еңбек түбі береке»

Күні

23.09.2024ж

Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы

«Еңбек түбі береке»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

6- сыныптар : «Кибербуллингтің белгілері, қалай ерте тануға және өзіңізді қорғауға көмектесуге болады?».


Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың еңбек туралы білімдерін кеңейту, ұғымдар қалыптастыру.


Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

оқушыларды интернетте қауіптермен таныстыру және осы қауіптерден аулақ болуға көмектесу, желідегі құқық бұзушылықтардың алдын алу. Негізгі міндеттер: 1) өз көзқарасын білдіру және оны дәлелдеу қабілетін дамыту; 2) адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру: адамдарға төзімділік, мейірімділік, жанашырлық құндылықтарға тәрбиелеу; 3) оқушыларда өзара құрмет пен өзін-өзі бағалауды тәрбиелеу;


Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу


4-апта дәйексөзі:

Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы.(Абай)

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Бір түрлі кәмпит алғандарды

1-топқа «», ал екіншісін таңдағандарды 2-топқа «» тобына бөлемін.


Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Қандай адамды еңбекқор дейміз?

Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал





Оқушылардың пікірі тыңдалады






Компьютер
















Сабақ басы (13 мин)












Ия, балалар бүгінгі біздің тәрбие сағатымыз еңбек тақырыбында болмақ. Қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.  «Еңбек» сөзіне тоқталайық.

Еңбек адамды тәрбиелейді, қуаныш сыйлайды, жігерлендіреді, шынықтырады, пайдалы өмір сүруге үйретеді. Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған.  Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»


 -Балалар «Еңбек құралдары»  атасақ

Еңбек құралдары: 

Ұста құралы: 

Шаруа құралы: 

Тігінші құралы:  




Шығармашылық жұмыс

Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейді.

1 – топ. Еңбек туралы мақал – мәтелдер жазып, мағынасын түсіндіреді.

2 – топ. «Еңбек – түбі мереке» әңгіме құрастыру немесе эссе жазу.




























Еңбек құралдары: Кетпен, орақ, күрек, балға, төс, ине, біз, қысқыш, жіп.

Ұста құралы: балға, төс, қысқыш.

Шаруа құралы: кетпен, орақ, күрек.

Тігінші құралы:  ине, жіп, біз.


Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.


Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.


Еңбекпен ер өседі,
Егізден төл өседі. Еңбексіз ел кезгенің,ар үяттан безгенің.

 «Еңбек түбі – зейнет», «Жақсы жұмыс – жанға тыныс», «Еңбексіз өмір – сөнген көмір», «Еленген еңбек өнімді»

суреттер

 











Ортасы (10 мин)


Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.

Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды.

Адамнан басқа қандай жануарларнайшам жасап қараңғыны жарық етеді?

Оқушылардың мектептегі және қоғамдық пайдалы іс- әрекеті оның кейін әлеуметтенуіне үлкен әсерін тигізеді. Мамандық таңдауына, рухани құндылықтарға ие болуына, әр түрлі адамдармен араласуға, мінезінің қалыптасуына әсер етеді.

Енді оқушылардың сіздерге қояр сұрақтарымыз бар. Сол сұрақтарға кезек берейік.

1.Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін-өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз?

2. Өзіңізді еңбекқормын деп санайсыз ба?

Еңбек қорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?

3. «Адал еңбек» деген ұғым нені білдіреді?

4. «Еңбектің жемісі» дегеніміз не?

Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен? Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?








(10 мин)




Соңы




(5 мин)


ҚАУІПСІЗДІК САБАҒЫ

Сабақ барысы

1.Кіріспе (2 минутқа дейін) Компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуы және интернет желісінің кең таралуы адамдарға өзін-өзі дамыту мен қарым-қатынас үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Бүгінде желіні пайдаланушылар саны ондаған миллион адамды құрайды, олардың көп бөлігі – балалар мен жасөспірімдер. Бірақ интернет тек мүмкіндіктер көзі ғана емес, сонымен қатар қауіп көзі бола алады.

2.Негізгі бөлім Кибербуллинг – бұл цифрлық технологияларды пайдалана отырып қорқыту. Ол әлеуметтік медиада, хабарлама алмасу үшін қосымшаларда, ойын платформаларында және ұялы телефондарда орын алуы мүмкін. Бұл қайталанатын эпизодтар, олардың мақсаты – аңдып жүргендерді қорқыту. Физикалық салдардан басқа (ұйқының бұзылуы, бас ауруы) балалардың денсаулығына, мектеп үлгеріміне кері әсерін тигізеді.

3. Қорытынды


Сұрақжауап.

1. Сонымен адам өміріндегі маңызы қандай?
2.
Еңбектің пайдасы қандай?
3.
Еңбек арқылы танылған қандай адамдар бар екен.
4. «
Еңбек ер атандырады» деген мақалдың мағынасы қандай?
5.
Еңбек туралы қандай мақалмәтелдер бар екен?














Біздің әрқайсымыздың адал еңбек етіп, ер атануға мүмкіндігіміз бар. Ол үшін жақсы оқып, еңбек сүйгіш болып өсуіміз керек.Еңбектің бағасын біліп, қастерлей алуымыз керек.


презентация Пайдалы сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=dzFeWkUBOak&list=PLA5eCSY2FeoQLLo cS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=10




































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.00.2024
188
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі