Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Еңбек түбі береке
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сынып жетекшінің аты-жөні |
Әуезова Қ. |
||
Күні: |
23.09.2024 |
||
Сынып: 6 «Г» |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Сынып сағатының тақырыбы |
«Еңбек түбі береке» |
||
Мақсаты |
Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру. Оқушыларға адал еңбек жөнінде айта отырып,оның маңызын түсіндіріп, адал еңбек етуге баулу. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу. |
||
Құндылық |
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы |
||
Аптаның дәйек сөзі |
Еңбек – жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. (Абай) |
||
Қауіпсіздік сабағы (10 минут) |
"Жолда жүру ережелерін оқу" бағдарламасы Көлік құралдарының қозғалысы. |
Сабақтың барысы
Барысы |
Тәрбие сағатындағы орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
«Жолда жүру» |
Көлік құралдары
қозғалысының жылдамдығы. Жылдамдықты шектеу. |
"Жолда жүру ережелерін оқу" бағдарламасы |
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы |
Ұйымдастыру. Оқушылардың назарларын шараға аударып, қызығушылықтарын ояту. (Жай әуен тыңдап, соның ырғағында бір-біріне сәттілік тілейді) Ой шақыру. Бейне сөз арқылы тақырыпты табу: «Адам көркі — адал көркі» — Міне, Қазақстанды Орта Азия барысына айналдыру үшін жасалған Елбасымыздың «Қазақстан — 2030» стратегиялық бағдарламасы бұл күнде ұшса құс қанаты талатын кең байтақ өлкемізді шарлап кетті. Елбасының жолдауы – егеменділіктің кілтін ұстар жастардың жарқын болашағына апарар алтын сүрлеу. Бұл – көкірегіне, болашаққа деген іңкәр сезім оятар жүйелі
жолдау, бағалы байлық. XXI ғасырдың білімді, ойлы ұрпақтары, осы
жоспарды болашақта іске асырушы, еліміздің экономикасына үлес
қосушы сендерсіңдер! Біздің мемлекетіміз өседі және өсіп орнығып
нығаяды, онымен бірге балаларымыз да өсіп жетіледі. Балалар
Отанымыздың болашағы, ал біздің болашақ азаматтарымыздың денсаулығы
мықты, сапалы білімді, еңбекқор болып өсуге тиісті – деп айтылған.
Сонда ғана біз өркениетті елдердің қатарына қосыламыз, Қазақстан
Орта Азия барысына айналады. Сендер, болашаққа бүгін де үлестеріңді
қосып, еңбек өткелі отырсыздар. Сол еңбектеріңіз осы уақытқа дейін
пәндер бойынша алған білімдерін ән – күймен, мақал – мәтелмен,
ұшқыр ойларың арқылы өрнектеп ортаға салыңдар. Еңбек дегеніміздің
өзі – күнделікті өмірден алынады.Үйде ата – ана, мектепте мұғалім:
-Балам, не істесең де адал істе, ісіңді тындырымды, ұятқа
қалмайтындай атқар, – дейді. Бұл – еңбек тәртібі. Еңбекпен келер бағың да. Білім терең теңіз бе, Білім, еңбек егіз бе? – деп,бүгінгі тәрбиелік шарамызды адал еңбек тақырыбына байланысты түрлі тапсырмалар орындап білімдерімізді сынаймыз. Ол үшін біз «Адал жастар» еліне сапар шекпекпіз. Олай болса, «Алтын қақпа» ойынын басатайық! 1.«Тас қақпа» Мақалдарды жалғастыр: 1.Еңбек түбі — ……. . (зейнет) 2.Жақсы жұмыс — …….. ……… . (жанға тыныс) 3.Еңбек мұратқа ………. . (жеткізер) 4.Жалқаулық аздырады, ………. ………. . (еңбек оздырады) 5.Еңбек етсең ерінбей, ……… ……… ………… . (Тояды қарның тіленбей) 6.Еңбек ердің – көркі, ……. …….. ……. . (Ер елдің көркі) 7.Еңбексіз өмір — ……. ……. . (сөнген көмір) Еңбектін көзін тапқан, 8. Еңбек мұратқа жеткізер, 9.Еңбегің қатты болса, ….. …… …… . (татқаның тәтті болар) 2. «Қола қақпа» — Бұл сөздерді кім айтқан? Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай) Елге сіңірген еңбек жақсы, Еңбекті елеген ел жақсы. (Спандияр Көбеев) Адамды адам еткен – еңбек. (Фрейдрих Энгельс) Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас, Қардың суы секілді тез суалар. (Абай) Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ. Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов) —Бұл қандай мамандық? (жұмбақ шешу) Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. /милиционер/ Бал тамған мәзір, Ол бар жерде әзір. /аспазшы/ Оқу-білім бағдары, Заманының бағбаны. /мұғалім/ Өскен шашты жаратпайды, Қайшысы бар жалақтайтын /шаштараз/ Келіп баған қасына, Өрмеледі басына. /монтер/ Еңбек орны-танабы, Сүйікті ән- дала әні. Егін салып, мәпелеп, Асырайды қаланы. /дихан/ Өңкей сығай екі топта Таласып жүр бір допқа. Бұл кім ? /футболшы/ Қорытынды: Сонымен, оқушылар, біз бүгінгі тәрбиелік шарамызда еңбектің мәні,мағынасын жан-жақты түсінуге тырыстық. Адамды адам еткен – еңбек» — деп Фрейдрих Энгельс айтқандай, адамның адам болып қалыптасуында еңбек шешу-ші роль атқарғандығын, адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене бергенін,сөйтіп талмай, қажымай еңбек етудің арқасында адамзат қоғамы жан-жақты дамып,жетіліп осынау жоғары өркениетке жетіп отыр-ғандығын бүгінгі шарада айтып жеткіздік. Олай болса, «Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады» — дей келе, жақсы әуен тыңдай отырып,қолымыздан ұстай отырып бір-бірімізге игі тілектер айтып шарамызды аяқтаймыз. |
|