Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Еңбекке баулу. 4- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қызғалдақ гүлі туралы мәлімет беріп, қызғалдақ гүлін бейнелеп, жұмыртқа қабығын желімдеп жабыстыруды үйрету Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қол жаттығуларын жасап, өнерге деген қызығушылығын ояту. Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән

Еңбекке баулу

Сыныбы:

4-сынып

Тақырыбы :

«Қызғалдақ гүлін» жасау

Білімділік мақсаты

Оқушыларға қызғалдақ гүлі туралы мәлімет беріп, қызғалдақ гүлін бейнелеп, жұмыртқа қабығын желімдеп жабыстыруды үйрету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың қол жаттығуларын жасап, өнерге деген қызығушылығын ояту.
Тәрбиелік мақсаты: Еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу

Сабақ түрі:
Әдісі:
Көрнекілігі:.

Аралас сабақ

Ой - қозғау, сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс.

Суреттер

Барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың еңбек құралдарын түгелдеу.

Үй тапсырмасы

-

ІV. Жаңа сабақ.

Ой - қозғау: Жұмбақтар шешу
Аналарды сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене, балалар,
Үзуге адам қимайтын. (Гүл)

V. Мағынаны тану

Қызғалдақ”гүлін жасау
Қызғалдақ шөптесін өсімдік. Көктемде қазақ даласы мен тау етектерінде қызыл, сары қызғалдақтар қайталанбас көркемдік сыйлайды. Қызғалдақтың гүлі біреу немесе көпгүлді түрлері де бар.
Ол күн көзіне кең ашылады, түнде немесе бұлтты күні жабылады. Қызғалдақ бірнеше күн гүлдейді. Қызғалдақ гүлін мерекеде сыйлық ретінде ұсынуға болады. Әсіресе 8 наурыз мерекесінде ұстаздарға, аналарға, әжелерге, қыздарға сыйлауға болады.
“Қызғалдақ”гүл бейнесінің өмірде қолданысқа енуі.
Қызғалдақ[1] – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигіболып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағыГрейг қызғалдағы,  Кауфман қызғалдағыШренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.,

Біздің елімізде Қызғалдақ гүлінің бейнесін шеберлер көп пайдаланған. Ер - тұрман, тері белдік, зергерлер сақина, білезік камзол қапсырмаларына, тігінші киім түрлеріне, үй жабдықтарына, қоржын - дорбаларға қызғалдақ гүлін салып әшекейлеп, безендірілген.
Қызғалдақ гүлінің құрылысы
Оқулық пен жұмыс
75 - беттегі суретпен танысу.
1. Тауық жұмыртқасы қабығынан әр түрлі композиция жасауға болады. Сондықтан біз бүгін қызғалдақ гүлін жұмыртқа қабығынан жасаймыз.
Жұмыстың орындалу реті:
1. Екі - үш жұмыртқа қабығын жуып, кептіреміз.
2. Кептірілген жұмыртқаның қабықтарын қызыл, жасыл көк түстерге бояймыз.
3. Бояуы кепкен соң жұмыртқаны кескішпен ұсақтаймыз.
4. Қатты қағаз бетіне әсем гүлдердің бірі - қызғалдақ гүлін бейнелейміз.
5. Қатты қағаздағы гүлдің сабағына, жапырақтарына жасыл түске, ал күлтелеріне қызыл, сарығыш түстерге боялған жұмыртқа қабықтарын желімдейміз.

Сергіту сәті

Бойыңды сергек тік ұста,
Деміңді ішке тез ал да,
Емін - еркін тыныста.
Сол қолыңды соз алға,
Қол ұшына қара да
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын.
Шеңбер жасап зырласын.

Өзіндік жұмыс

Қажетті материалдар мен құралдар: қатты қағаз, жұмыртқа қабығы, желім, кескіш, қарындаш.

Қорытындылау.

1. Қызғалдақ гүлі қай мезгілде гүлдейді?
2. Қызғалдақ гүлін жабыстыру кезінде
кездескен қиыншылықтар.
3. Кімге сыйлар едің?

Бағалау.


Үйге тапсырма

Табиғи материалдар әкелу. ши алып келу.








.











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.05.2019
3384
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12