400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Еңбекпен тапқан тиын (Ертегі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертегі туралы түсінік алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Әдебиеттік оқу 3 «А» сынып

1

Мерзімі:

17.02.2017 жыл

2

Сынып:

3 «А»

3

Пәні:

Әдебиетік оқу

4

Тақырыбы:

Еңбекпен тапқан тиын (Ертегі)

5

Мақсаты:

Ертегі туралы түсінік алады

6

Міндеттері:

Білімділігі: ертегі мазмұнын әңгімелеу,ертегіні өз ойларымен жалғастыруға, рөлге бөліп оқуға және сахналауға үйрету. Жалқаулыққа, еңбекқорлыққа байланысты мақал – мәтелдердің мән – мағынасын ұғындыру;
Дамытушылығы: шығармашылық тапсырманы орындата отырып, оқушылардың ой – өрісін дамыту, актерлық шеберлігін, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру;
Тәрбиелігі: ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, оқушыларды еңбексүйгіштікке, үлкенді тыңдауға, жалқаулықтан аулақ болуға тәрбиелеу;

7

Күтілетін нәтиже:

  • Мәтін туралы мағлұмат алады.

  • Жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

  • Оқушылар өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыланады.

8

Қамтылған модульдер:

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Сын тұрғысынан ойлау. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

9

Сабақтың типі:

жаңа білімді игеру

10

Сабақтың түрі:

аралас сабақ

11

Пән аралық байланыс:

Дүниетану, еңбекке баулу, қазақ тілі.

12

Әдіс-тәсілдер:

Алтын ереже, «Тілші» әдісі, «Постермен жұмыс», «Ойыңды жинақта» әдісі, «Дайындал, Назар сал!Есте сақта!» әдісі, «Қар көшкіні» әдісі.

13

Қажетті құрал-жабдықтар:

Фотоаппарат, компьютер, интербелсенді тақта, АЗ форматты қағаздар, стикерлер, маркерлер, қарындаш, оқулық.

14

Бағалау:

Кері байланыс, өзін-өзі бағалау, әркім өзінің түсінген деңгейіне қарай Блум сатысына өзін-өзі бағалайды.

15

Сабақ кезеңдері:

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

16

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуалды реттеу.

Күлім қағып қолымды , бір, екі, үш деп соғайын

Қарап тұрған көршіме, қолымды мен бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен, маңдайынан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен, жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен қолыңды бер қысайын

Амандасып өзіңмен құшақтап бір қысайын

Стикерлер арқылы топқа бөлінеді. Әркім өзіне тиісті стикермен топқа бөлінеді. Топ басшысы анықталады. Алтын ережеге бағынып,жұмыс жасау керектігін ескертемін. Топ ережесімен таныстыру.

-Балалар ендеше тобымыздың ұранын айтып жіберейік.

-Ендеше балалар сабағымыздың мақсаты: ертегі мазмұнын әңгімелеу,ертегіні өз ойларымен жалғастыруға, рөлге бөліп оқуға және сахналауға үйрету. Жалқаулыққа, еңбекқорлыққа байланысты мақал – мәтелдердің мән – мағынасын ұғындыру;

Жақсы көңіл-күймен 3 топқа бөлінеді.Ертегі кейіпкерлері бойынша

  1. топ «Әке»

  2. топ «Ана»

  3. топ «Бала» бөлінеді.

17

Миға шабуыл.

Үйренуге берілген тапсырманы сұрау.

1.Білу сатысы


Үйренуге берілген тапсырманы сұрау.



«Ойыңды жинақта» әдісі

Әр топтан берілген тапсырма бойынша үй жұмысын сұрау.

І-топ:

Рөлге бөліп оқыту

ІІ-топ:

Сахналап көрсету

ІІІ-топ:

Мазмұнын айту

Үй тапсырмасын қорыту.

«Тілші» әдісі арқылы сұрақтарға жауап алу.

1.Бұл оқиға қай жерде болды?

2.Құрылыс алаңындағы көлік түрлерін ата?

3.Жүк машинасы кранды не деп келеке етті?

4.Кранның берген жауабы не?

5.Ауа – райыда болған құбылыстың әсерінен жүк машинасы қандай қиындыққа тап болды?

6. Оған не көмекке келді?


Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындайды.


І.Қызығушылықты ояту сатысы.

2.Түсіну сатысы


«Дайындал, Назар сал!Есте сақта!» әдісі

Видео корсетіледі. (Ала қоңыз бен құмырсқа)

1.Құмырсқа не істеп жүр?

2.Қоңыз ше?

3.Қайсысы дұрыс істеді?

-Балалар, ендеше бүгін біз «Еңбекпен тапқан тиын» атты грузин халқының ертегісімен таныс боламыз.

Грузин ұлты – Грузия мемлекетінің халқы. Олар грузин тілінде сөйлейді. Грузия мемлекетінің астанасы – Тибилиси.

Әр топ өздеріне берілген бөлікті оқиды.


ІІ. Мағынаны тану сатысы

3.Қолдану сатысы


«Дайындал, Назар сал!Есте сақта!» әдісі (интербелсенді тақтадан тыңдайды)

Мәтінді мәнерлеп оқып беремін. Мәтіннен таныс емес сөздерді жай қаламмен белгілеп отырамыз.

Дәптермен жұмыс

Жаңа сөздерді жазып алу.

1.Кәрілік-қартайып,жасы келген

2.Тірнектеп-еңбектеніп

3.Ымырт жабылған-қараңғы түскен мезгіл

Оқулықпен жұмыс

«Қар көшкіні» әдісі (топ оқушылары айтып өтеді)

Оқушылар мәнерлеп оқиды, талдайды.



Сергіту сәті


Көңілді жаттығулар

(ВИДЕО)



4.Талдау сатысы


Постермен жұмыс

1.Топтастыру

2.Ертегіні әрі қарай жалғастырады

3.Сахналайды

Әр топтан бір оқушы постерді қорғайды.


5.Жинақтау сатысы

«Мен айтамын, сен жалғастыр» әдісі

Мақалдың алғашқы сөзі айтылады, соңын оқушылар жалғастырады.

1.Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

2.Еңбек – ердің санаты,

Білім – ердің қанаты.

3.Еңбек – ырыс бұлағы,

Еңбек – бақыт шырағы.

4.Еңбегіңе қарай – құрмет,

Жасына қарай – ізет.

5.Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

6.Еңбек етте мақтан,

Ойнап – күл де шаттан,

-Балалар, мақал не туралы ?

-Ал енді олай болатын болса балалар,

Тілдердің үштұғырлығы идеясында Елбасы оған нақты анықтамасын берген, қазақ

тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –

жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі.

-Еңбек-Труд-Work (уорк)

Гүл осірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

-Біз еліміздің 25 жыл ішінде еңбек пен білімнің арқасында мемлекетіміз ірі деңгейге жете алды. Сендер Отанымыздың болашағысыңдар. Сондықтан да адал еңбек ету, жақсы білім алу, адамгершілік қасиеттерге ие болу сендердің міндеттерің.

Әр топтан оқушы оқып береді.

18

6.Бағалау сатысы

Формативті бағалау және өз-өздерін бағалау.


Жұлдызша арқылы бағалау

Блум таксономиясы бойынша өз-өздерін бағалайды.

19

Рефлексия.

Кері байланыс





  • Сабақ не туралы болды?

  • Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?

  • Бұл сабақ қаншалықты қиын болды?

  • Бүгінгі сабақтың соңында қандай сезімде болдым?

Кері байланыс. Стикерге жазып құмырадағы сабақтарға жабыстырады.

20

Үйренуге тапсырма


Мазмұндап келу.

Күнделікке жазу.

\

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
736
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі