Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
«Еңбекқорлар елінде»
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Панфилов ауданы, Көктал ауылы
«Балдырған» балабақшасы МКҚК
Тәрбиеші: Камитова Назигул Кайратовна
Өтпелі тақырып: «Бізді қоршаған әлем»
Білім беру саласы: «Әлеумет», «Коммуникация»
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу (ересек топ)
Тақырыбы: «Еңбекқорлар елінде»
Мақсаты: әртүрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктерімен таныстыру
Білімділік: түрлі мамандық иелерінің еңбегіне қызығушылықтарын тудыру,
Тәрбиелік: еңбектің нәтижесін көрсету және адам еңбегін бағалауға тәрбиелеу, бір -біріне көмектесуге, бір -бірімен келісімге келуге тәрбиелеу Дамытушылық: байланыстырып сөйлеуін, ойлау, есте сақтауын дамыту, бақылағыштығын арттыру,
Әдіс-тәсіл, технология: көрнекілік әдіс, сөздік әдіс, ізденушілік әдіс, ойын әдісі, «Денсаулық сақтау» технологиясы, «Ойын» технологиясы, «Квест» ойыны
Алдын-ала жүргізілген жұмыс:балалармен өз ата-аналарының еңбегі туралы әңгімелесу, иллюстрациялық суреттер көру, көркем әдебиет оқу
Билингвальді компонент: мамандық-профессия, жалқаулық-лень
Сөздік жұмыс: мамандық, еріншек, жалқау, еңбекқор
Технологиялық қамтамасыз ету: хат салынған конверт, карта, интербелсенді тақта ,мамандыққа сәйкес киімдер мен суреттер, пазлдар.
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды:оқу қызметі барысында бір- біріне көмектесіп, келісімге келе отырып тапсырмаларды орындайды
Түсінеді: адам еңбегін бағалауды, құрметтеуді
Қолданады: оқу қызметі барысында алған әртүрлі мамандық иелерінің еңбегінің ерекшеліктерін
Кіріспе бөлім: Балалар, қане өз қолдарыңа қараңдаршы.Ұлдардың қолдары үлкен, күшті, ал қыздардың қолы кішкентай, нәзік. Біздің қолымыздан бәрі келеді. Амандасамыз, құшақтаймыз, жұбатамыз, ас ішеміз, құстарға жем береміз, нан қоқымын жинаймыз т.б
Міне оң қолымыз, міне сол қолымыз,(қолдарын көрсету)
Қолдарымыз достарымен амандасады, (амандасу)
Қолдарымыз достарымен құшақтасады,(құшақтасу)
Қолдарымыз достарына қамқорлық көрсетеді, (сипау,арқасынан қағу)
Қолдарымыз достарының қолын ұстап жылуын сезінеді.(қолдарын ұстап, бір-біріне жылу сыйлау)
Негізгі бөлім: Тәрбиеші: Біздің балабақшаға бәрімізді таңқалдырып бір хат келіпті. Не жазылған екен? (тәрбиеші хатты оқиды)
«Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен «Еңбекқорлар» елінің сиқыршысымын. Менің елімде жалқаулық дегеннің не екенін білмейтін түрлі мамандық иелері тұрады. Олар өте еңбекқор, бір –біріне көмегін аямайды. Бірақ «Жалқаулық» деген қатыгез сиқыршы біздің әлемімізді сиқырлап барлығын өзі сияқты жалқауларға айналдырды. Ал енді бәрі өз орнына келу үшін «Жалқаулық» сиқыршы «Мамандықтар қалашығында» сандыққа сиқырлы сөздерді жасырып қойды. Қатыгез сиқыршының тапсырмаларын орындай отырып сандықтағы сиқырлы сөздерді тапқанда барлығы өз орнына келеді.Бұл үшін мен сендерге жол көрсететін картаны беремін.
Тәрбиеші: Балалар «Еңбекқорлар» қалашығының тұрғындарына көмектесеміз бе? .(балалар картадан қай бағытта жүру керектігін табады.)
Тәрбиеші және балалар:
Жүгіреді,жүгіреді, кішкентай балалалар.
Ал,енді тұрады, орнында жүреді,
Ал,енді тұрады, орнында жүреді,
Аспазшылар көшесіне келеді. (әндете)
«Аспазшылар » көшесі (ас үй жабдықтарының суреті бейнеленген)
Жұмбақ жасыру: Бал татыған мәзір, ол бар жерде әзір.
Бұл қандай мамандық иесі? (Аспазшы)
Тәрбиеші:Аспазшы деген ол кім, қайда жұмыс жасайды?
Балалар: Ол дәмді ас пісіретін адам , ол балабақша, мектеп асханасында, дәмханаларда жұмыс істейді.
Тәрбиеші: Аспазшы жұмысына қандай заттар қажет екенін білу үшін тақтаға назар аударып, атап өтейік.(балалар аспазшыға қажет құралдарды айтады)
Ал, ас дайындау үшін қандай азық-түліктер қажет? (балалар азық-түлік түрлерін атайды.)
Дидактикалық ойын: «Көкөніс көжесін, сусын дайындайық?»
Тәрбиеші:Мен қазір бас аспазшы болам ал, сендер көмекшілерімсіңдер, алдымен саусақ жаттығуын жасап алайық.
«Салат» саусақ ойыны:
Сәбізді алып тазалаймыз (оң
қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)
Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеудеге ұстап,
жоғары-төменқозғайды).
Қанттан сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)
Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып көрсетеді).
Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын
көрсетеді).
Қазір көкөністерден көже жасаймыз. Ол үшін бізге қандай азық –түлік керек? (сәбіз, картоп, жуа, орамжапырақ, аскөк т.б)
Ал сусын дайындау үшін ше? (алма, жүзім, өрік, шие, құлпынай т.б)
Ойын ережесі: суреттегі бейнеленген жемісті не көкөністі атайсың, одан сусын дайындалала ма, жоқ көкөніс көжесі ме ажыратып, қазанға саласың (қағаздан қазан макетін жасау , қызыл түс сусынға араналған, көк түс көкөніс көжесіне арналған)
Жарайсыңдар ,балалар сендер тапсырманы дұрыс орындадыңдар сендерге бірінші кілтті беремін.
Ары қарай сапарымызды жалғастырайық, картаға қараймыз келесі қандай көше? (дәрігер құралдары бейнеленген сурет)
Жүгіреді, жүгіреді, кішкентай балалалар.
Ал,енді тұрады, орнында жүреді,
Ал,енді тұрады, орнында жүреді,
Денсаулық көшесіне келеді. (әндете)
Балалар үстел үстінде тұрған дәрігер заттарын атайды (ақ халат, бас киім, тыңдауыш, қызу өлшегіш, дәке т.б заттар)
Сыйлайтын, саулық амандық,
Ақ халатты абзал жан. Бұл кім? (Дәрігер)
Дәрігер . Әрине дұрыс. Ол не істейді? Ауырған адамдарды емдейді. Ал дәрігердің бойында қандай қасиеттер болу керек?
Балалар: Ол мейірімді ,ақылды, өз ісін білетін, емдей алатын болу керек.
Тәрбиеші:Ал кімнің дәрігер болғысы келеді? Дәрігер болу үщін көп білу керек екен. Дәрігер тұмау тиген баланы қандай белгілер арқылы анықтайды?
Балалар: Мұрнынын су ағады, жөтеледі, көзі қызарады. (тұмау тиген бала)
Тәрбиеші: Ал, аяғын жарақаттап алған баланы ше?
Балалар. Аяғы қанайды, терісі сыдырылады, аяғын баса алмайды.(құлап аяғын жарақаттап алған бала)
Тәрбиеші: Ал, тісті қалай күту керек екенін білесіңдер ме?
Балалар:Күніне екі рет тазалау керек, ас ішіп болған соң ауызды шаю керек.
Тәрбиеші: Ал аурудың алдын алу үшін не істеу керек? Дұрыс айтасыңдар, спортпен шұғылдану керек, жаттығу жасау керек, тазалықты сақтау керек, дәрумендерді көп жеу керек. Қане, онда көңілді жаттығу жасайық. (көңілді жаттығу жасау)
Енді екінші кілтті алу үшін жұмбақ жауабын шешіңдер:.
Тәттілерді көп жедім,
Тісім менің ауырды.
Емдейді менің тісімді....(тіс емдейтін дәрігер)
Құлағым да ауырды, мұрнымнан су тоқтамай.
Ине салу керегін айтты маған....( дәрігер )
Теледидар қарадым, анамды көп тыңдамай.
Көзге зақым келген деп емдеді .... (көз дәрігер)
Жарайсыңдар, барлық жұмбақтарды шештіңдер екінші кілтті алдыңдар, ары қарай кеттік.
Жүгіреді, жүгіреді, кішкентай балалар.
Ал,енді тұрады, орнында жүреді,
Ал, енді тұрады, орнында жүреді,
Тігіншілер көшесіне келеді.(әндете)
Тәрбиеші: Өрнектетіп , сәндетіп, тігістерін бүгетін.
Тігіп әсем киімді , дүкенге әкеп ілетін. Бұл қандай мамандық иесі?
Тәрбиеші: Тігінші тігін фабрикасында жұмыс істейді, тігіншінің жұмыс істеуге ыңғайлы арнайы киімі болады. Жұмыс құралдары (үстел үстінде жатқан заттарды көрсету) қайшы, ине, жіп, түрлі маталар.
Тігіншілер арқасында адамдар сәнді, жаңа, әдемі киімдер киеді екен. Осы мамандық иелері туралы видеофильм көрейік.(видео фильм көрсету)
Тәрбиеші: Балалар, тігінші еңбегі қандай екен? Нелер тігеді екен? Тігуге қандай заттарды қолданады екен?
Балалар:Тігінші жұмысы өте ауыр, өйткені өлшейді, пішеді, көмкереді, кеседі, әдемілейді, тігеді. Киімдер түрлерін, аяқ-киімдер, сөмкелер, жихаздарға, көліктерге арналған жапқыштар т.с с Матадан, жүннен, былғарыдан тігеді екен.
Тәрбиеші: Балалар сандықтың келесі кілтін алу үшін бізге тағы тапсырманы орындау қажет. Ол үшін мен сендерге заттар суретін көрсетем, мынау мата түрі, жүн түрі, былғары түрі. Келесі суретте тон берілген оны қай зат түрінен тігеді (жүннен), қыстық аяқ-киім (оны былғарыдан), көйлекті (матадан) Жарайсыңдар!балалар сендер тағы бір кілтті алдыңдар. Ары қарай жол тартайық, картаға қарайық, картада түрлі мамандық иелерінің суреттері беріліпті.
Жүгіреді,жүгіреді, кішкентай балалалар.
Ал,енді тұрады,орнында жүреді,
Ал,енді тұрады, орнында жүреді,
Мамандықтар алаңына келеді.(әндете)
Біз соңғы «Мамандықтар» аялдамасына келіп жеттік. Жасырылған сандықшаны табу үшін пазлдарды жинастырамыз. (түрлі мамандық иелерін жинақтады) Жарайсыңдар міне сандық, сандықта құлпы бар екен, оны ашу үшін сиқырлы сөздерді айтайық.
Балалар: Еңбектің наны тәтті
Жалқаудың жаны тәтті. (сандық ашылып балаларға мамандыққа байланысты ойыншықтар таратылады)
Қорытынды бөлім: Балалар, біз «Еңбекқорлар» елінің тұрғындарына көмектесіп, жалқаулықтан, еріншектіктен құтқардық. Қолдарыңдағы ойыншықтарыңа қарап кімнің қандай мамандық иесі болатынын болжап тұрғандаймын.
М.Хакімжанова Кім немен ойнайды?
Теңізші болатын бала, бұлақпен ойнайды.
Емші болатын бала, сынаппен ойнайды.
Батыр болатын бала, қынаппен ойнайды.
Жарықты жағатын бала, шырақпен ойнайды.
Шопан болатын бала, қозы, лақпен ойнайды.
Дихан болатын бала, топырақпен ойнайды.
Ғалым болатын бала, кітаппен ойнайды.